Жаңа мектеп ашылады

Жаңа мектеп ашылады

Жаңа оқу жылына қарай Қызылорда қаласының «Сабалақ» саяжайында  400 орындық «Білім орда» жаңа мектебі пайдалануға беріледі.

Мектеп жеке кәсіпкер қаражаты есебінен салынған.

Оқу орнының барлық кабинеттері кең және заманауи мектеп жиһазымен, жабдықтармен жабдықталған. Сондай-ақ мектеп ауласында тренажерлері бар кең спорт алаңы және футбол алаңы бар.