Облыс әкімі ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілін таныстырды

Облыс әкімі ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілін таныстырды

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен Байқоңыр қаласы әкімшілігінің Басшысы Константин Бусыгинның қатысуымен актив отырысы өтті. Басқосуға жауапты сала басшылары қатысты.

Актив отырысында аймақ басшысы ҚР Президентінің өкімімен ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалған Қайрат Нұртайды таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

- Қайрат Ырзақұлұлы жұмыс барысында өзін білікті және жауапты басшы ретінде көрсете білді. Аймақтың, соның ішінде Байқоңыр қаласының әлеуметтік-саяси ахуалымен жақсы таныс, ұйымдастырушылық қабілеті мол, өз жұмысын жоғары кәсіби деңгейде және шеберлікпен атқарып жүрген азамат.

Қайрат Ырзақұлұлы, екі ел тараптарының бірлескен жоспарларын іске асыру және проблемалық мәселелерді шешу кезінде Ресей тарапымен тиімді өзара іс-қимыл орнату керек.

Ең бастысы аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтау маңызды, ол үшін үкіметтік, қоғамдық және құқық қорғау органдарымен бірлесіп қарқынды жұмыс жасау қажет.

Басшылық қызметтегі жинақтаған тәжірибесін, қазіргі таңда маңызды болып саналатын Байқоңыр қаласындағы қоғамдық-саяси жағдай мен жылдам әрі уақытында шешуді талап ететін кезек күттірмейтін бірқатар мәселелерді кезең-кезенімен орнықты түрде шешуге қолданады деп үлкен сенім артамын, - деді Н.Нәлібаев.