Жалпыхалықтық референдумның маңыздылығы түсіндірілді

Жалпыхалықтық референдумның маңыздылығы түсіндірілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Республикалық штаб мүшелері Бақытбек Смағұл мен Генадий Шиповских Жалағаш кенті орталығындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынды.
Референдум - қоғам арасында қызу талқыланып, қолдау тауып отыр. Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту -халықтың еркін білдіруінің айқын көрінісі.
Соңғы Жолдауда Президент тың саяси реформаларды жариялап, билік институттары арасындағы конституциялық құрылымды жетілдіруге мүдделі екенін танытты. Өзгеріс аз емес, соның бірі - Парламент палаталарының рөлі күшейіп, мәртебесі артады. Мәжілісті қалыптастырудың аралас моделін енеді, Парламенттің бақылау функциялары кеңейеді, заңнамалық рәсімдер оңтайланады. Яғни, азаматтардың мүддесін қорғау механизмі күшейеді – деді Республикалық қоғамдық штаб мүшесі, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Бақытбек Смағұл.
Ағымдағы жылдың 5 маусым күні жалпыхалықтық референдумда Конституциядағы 98 баптың 33-і не өзгерістер енгізілетін болады. Бұл тарихи сәт. Алдағы референдум – жекелеген топтарды күшейтуді емес, мемлекетімізді жетілдіру, жаңғырту және нығайтуды көздейді – деді Республикалық қоғамдық штаб мүшесі, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Генадий Шиповских.
Еліміздің болашағы үшін жасалып жатқан қадамдарға аудан тұрғындары бірауыздан қолдау білдіретіндіктерін жеткізді. Республикалық қоғамдық штаб мүшелерімен бірге «AMANAT» партиясынан айтынан сайланған Гүлзат Құрманбаева, Жанболат Тәттібаев, Ұлжахан Тәжібаева, Еркін Базарбайұлы қатысты.