Қызылордада «Fly Arystan» әуе компаниясының тұрақты рейсі ашылды

Қызылордада «Fly Arystan» әуе компаниясының тұрақты рейсі ашылды

«Fly Arystan» әуе компаниясы 2020 жылдан бастап «Алматы–Қызылорда-Алматы», «Нұр-Сұлтан-Қызылорда-Нұр-Сұлтан» бағытында тұрақты рейсін енгізді. Билет құны 5 999 теңгеден басталады. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі басқармасы хабарлады. 

«Қызылорда қаласының тұрғындары мен қала қонақтары, келер 2020 жылдың наурыз айынан бастап «Fly Arystan» әуе компаниясының рейстері ашылады», – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, рейс жиелігі аптасына 7 рет. Билеттер қаңтар айынан бастап сатылымда болады.