Облыстық балалар ауруханасының 97 пайызы заманауи құралдармен қамтылған

Облыстық балалар ауруханасының 97 пайызы заманауи құралдармен қамтылған

Облыстық балалар ауруханасының 97 пайызы заманауи медициналық құралдармен жабдықталған. 2021 жылы аталған орталықта 2500-ден аса ота жасалған. Бұл ауруханада алғаш рет өкпенің буллезді эмфиземасына күрделі ота жасалды. Медицина мамандарының кәсібилігінің арқасында ота сәтті өтті.
-Облыстық балалар ауруханасында жаңа туылғаннан сәбилерден бастап 18 жасқа дейінгі балалар мамандандырылған стационарда ем қабылдайды. Ауруханада 12 клиникалық бөлімше және 300 балаға дейін кеңес беру диагностикалық емханасы қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда 80-ге жуық дәрігер болса, оның 20-сы хирург. Жыл сайын дәрігерлер кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында республикада, алыс және жақын шетелдерде тәжірибе алмасады. Нәтижесінде, республикалық емханаларға барып емделетін балалар саны күрт төмендеп, күрделі емдер мен оталар біздің орталықта жасалуда, - деді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Зоя Көшенова.
-Облыста балалар хирургиясы қарқынды дамып келеді. Бүгінде заманауи құрал-жабдықтардың көмегімен әртүрлі деңгейдегі оталарды тіліксіз, яғни лазер аппаратымен жасаудамыз. Орталықта алғаш рет 16 жастағы баланың өкпесіне ота жасалып, сәтті шықты. Бұл облыстық балалар ауруханасының үлкен жетістігі деп айта аламыз,- деді жедел хирургия бөлімінің меңгерушісі Әлімжан Төлегенов.