Оны қызылордалық "AB INVEST GROUP" ЖШС шығарады. Осы уақытқа дейін серіктестік мақсары майын тек Қытайға экспортқа жіберген. Бірақ қазір эксклюзивті өнімді жергілікті тұрғындар сатып ала алады, деп хабарлайды казахзерно kz Компанияның сату жөніндегі директоры Гүлжаухар Дүйсенбаеваның айтуынша, серіктестік Қызылордада 2015 жылы пайда болған. Жергілікті шикізатпен жұмыс істейтін өндіріс орны "Тан ЛТД", "Егінші", "РЗА Агро"ЖШС өнімдерін пайдаланады. 2018 жылы компания алғаш рет экспортқа шығып, Қытайға 100 тоннадан астам май жіберді. Бірнеше жыл ішінде экспорт айналымы артып, серіктестік ірі қытай азық-түлік корпорациясымен ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша жұмыс істеп келеді. Бұл май суық сығымдалған, сүзілген, сондықтан ол барлық қоректік және пайдалы қасиеттерін сақтайды. Зауыттағы жабдықтар Ресейден жеткізілген. Жалпы, мақсары майының бағасы литріне мың теңгеден асады. Жергілікті тұрғындар үшін компания мақсары майын 5 литрлік ыдыста 3500 теңгеден сатады. Бұл баға нарық бағасынан арзан. Өңірдің өсімдік шаруашылығын әртараптандыруға, өндіріс тиімділігін арттыруға баса назар аударылған. Мақсары, жоңышқа, жүгері, арпа көлемі артты. Мысалы, тек мақсарының өзі 5 жыл ішінде 10 мың гектарға көбейді.