Төрт облыста ҰҚКД-ның жаңа бастықтары тағайындалды

Төрт облыста ҰҚКД-ның жаңа бастықтары тағайындалды

Бұл Жамбыл, Алматы, Қостанай және Қызылорда облыстары. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараты бойынша, төрт өңірде ҰҚК департаменттерінің жаңа басшылары тағайындалды. Жамбыл облысы ҰҚКД бастығы болып Нұрлан Кәрібжанов тағайындалды, ол бұған дейін ҰҚК орталық аппаратында бөлім басшысы қызметін атқарған, Алматы облысы ҰҚКД бастығы болып ҰҚК орталық аппараты кадрлар департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Алмас Наймантаев тағайындалды. Қостанай облысы бойынша ҰҚКД жаңа басшысы болып Айбар Дуанбаев, Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша ҰҚКД басшысы болып Болат Қалмұрзаев тағайындалды.