Ұлыбританияда коронавирустың "омикрон" штаммының өсуі аясында ревакцинациядан өткісі келетіндер қатары күрт көбейді.
Британдықтар үдеткіш дозаны алу үшін бірнеше сағат бойы вакцинация орталықтарында тұр. 13 желтоқсаннан бастап елде 30 жастан 39 жасқа дейінгі адамдарға ревакцинациядан өтуге рұқсат етілді, бұған дейін оны 40 жастан асқан адамдар да жасай алатын. Енді тұрғындар Рождество мерекесіне дейін үдеткіш дозаны алуға асығуда.
Елдің ұлттық денсаулық сақтау қызметінің веб-сайты көптеген адамдардың келуіне байланысты жүктеме де күрт көбейген. Салдарынан тұрғындар вакцинацияға жазыла алмай әлек. Қызметтің мәліметінше, тек сейсенбіде вакцинацияға 140 мың адам тіркелген.
Халықты вакцинациялауға Қорғаныс министрлігі де қосылды. Адамдарды тезірек вакцинациялау үшін пункттерге 750-ге жуық әскери дәрігерлер жіберілді.
Соңғы мәліметтер бойынша, Ұлыбританиядағы ересек тұрғындардың 40 пайыздан астамы ревакцинациядан өткен.