Қызылордада еуропалық үлгідегі Gasenergy жанармай құю бекеті ашылды

Қызылордада еуропалық үлгідегі Gasenergy жанармай құю бекеті ашылды

Қызылордада GASENERGY желісінің жанармай құю кешені ашылды, деп хабарлайды Atameken Business. Нысан қаладағы өзге станциялардан заманауи сәулет үлгісі, бонустық жеңілдіктері және айлық қуаты 1 млн тоннаға тең келетін отынымен ерекшеленеді. Әрі жанар-жағармайдың барлық түрі бойынша жоғары сұрыптармен қамтамасыз етілген. Ал ауыр жүк көліктерінің иелері үшін арнайы "Дизель Опти" отыны ұсынылған. Жолаушылар үшін көлік жуу, кофехана мен шағын дүкен қызметін пайдалану мүмкіндіктері де бар.