Өткен тәулікте коронавирус инфекциясымен 49 жағдай тіркелді

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясымен 49 жағдай тіркелді

2020 жылдан бері коронавирус инфекциясымен Қызылорда облысында 17 647 науқас тіркеліп, 16 462 емделіп шықты.
Бүгінгі күні коронавирус инфекциясымен 49 жағдай (Қызылорда қ. – 27, Қазалы – 3, Қармақшы – 1, Жалағаш – 2, Сырдария – 2, Шиелі – 10, Жаңақорған - 4) тіркелді, 45 науқас (Қызылорда – 20, Арал – 1, Қазалы – 1, Қармақшы – 5, Сырдария – 1, Шиелі – 11, Жаңақорған - 6) емделіп шықты.

2021 жылғы 25 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола,Қарағанды, Павлодар облыстары. «Сары» аймақта : Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. «Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2324 жағдай тіркелді.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 874 920 жетті.
Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында – 185
Алматы қаласында – 510
Шымкент қаласында – 73
Ақмола облысында – 115
Ақтөбе облысында – 129
Алматы облысында – 262
Атырау облысында – 67
Шығыс Қазақстан облысында – 115
Жамбыл облысында – 56
Батыс Қазақстан облысында – 87
Қарағанды облысында – 261
Қостанай облысында – 103
Қызылорда облысында – 49
Маңғыстау облысында – 13
Павлодар облысында – 183
Солтүстік Қазақстан облысында – 67
Түркістан облысында – 49.