Бүгін – бейбітшілік күні

Бүгін – бейбітшілік күні

Бүгін 21 қыркүйек күнін әлем халықтары Халықаралық Бейбітшілік күні ретінде атап өтеді. Бұл күнді БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1981 жылы бекіткен. Басты мақсат мемлекеттер мен халықтар ішінде, сондай-ақ олардың арасында бейбітшілік идеалдарын атап өтуге және нығайтуға шақыру. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық ҚХА жанындағы «Қоғамдық келісім» кеңесінің төрағасы Асылбек Жұмабаев мәлімдеді.
Ал, облыстық ҚХА жанындағы "Абай қазынасына саяхат" клубының жетекшісі Елена Пак: ""Бейбітшілік" сөзінің құны жоғары. Бейбіт өмірдің қадірін білетін адамзат елдің дүрлігіп, әлемнің шаңырағының ортасына түскенін қаламайды. Сондықтан да біз тыныш та, еркін заманда өмір сүргенді қалаймыз. Бейбітшілік деген – адамзаттың өз елінде еркін өмір сүріп, шуы жоқ ортада өз болашағын құруы. Бейбіт заман барлық елдің басына қонатын бақ құсы емес. Әлемде таңының тыныш атып, күнінің тыныш батқанын армандайтын талай адамзат өмір сүріп жатыр. Әйткенмен бәрінің де қолы бейбіт өмірге жете алмай отыр», - деді өз сөзінде.