Қызылордада «Birge: Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті

Қызылордада «Birge: Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті

«World CLeaUp Day» Дүниежүзілік тазалық күні аясында Қызылорда облысында «Birge: Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы өтті.
Акцияның мақсаты – қоғамның тазалықты сақтауға деген көзқарасын өзгерту, табиғатты аялау, тұрғындардың қоршаған ортаны қорғау және оны ластамау мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Ұйымдастырылған тазалық акциясына облыс бойынша 7 мыңнан астам адам мен 15-тен астам техника жұмылдырылып, нәтижесінде полигондарға 119 тонна қалдықтар шығарылып, арықтар мен аяқ су жолдары тазартылды.
Акцияға табиғат пайдаланушылар, меке қызметкерлері, еріктілер, жергілікті тұрғындар қатысты.
Тазалық акциясын облыстың барлық деңгейіндегі елді мекендерінде қараша айына дейін жалғастыру мақсатында іс-шара жоспары бекітіліп, ағымдағы жылдың 18 қыркүйегі мен 18 қарашасы аралығында күзгі көркейту, когалдандыру және санитариялық тазалық айлыын өткізу белгіленді.