Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында өсім байқалады

Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында өсім байқалады

2021 жылдың қаңтар-шілде айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 408,8 млрд.теңгенің өнімін өндірді (НКИ – 100,6%).

Өнеркәсіп өндірісінде өсім өзге де пайдалы қазбаларды өндіру 11,9%-ға, тау-кен өндіру өнеркәсібінде қызмет көрсетудің 17,1%-ға және өңдеу өнеркәсібінің 14,7%-ға арту есебінен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар,  жеңіл өнеркәсіптің 3,3 есеге, өзге де бейметалл минералдық өнімдерді өндіру 2,4 есеге, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 60,5%-ға, тамақ өнімдерін өндіру 7,7%-ға, жиһаз өндіру 13,1%-ға, химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру 13,0% артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде өсім 14,7%-ға қамтамасыз етілді (95,3 млрд.теңге өнім өндірілді).

Есепті кезеңде өңір экономикасына 134,3 млрд. теңге инвестиция салынды (НКИ-103,3%).

38,1 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстары орындалды                  (НКИ-110,6%).

358,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 103,4%.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 38,6 млрд. теңгені немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 102,1% құрады. Есепті кезеңде тірі салмақта 20,2 мың тонна мал және құс еті, 49,5 мың тонна сүт (сиыр), 4,0 млн.дана жұмыртқа өндірілді немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне тиісінше 102,5%, 102,1% және 111,9%.

2021 жылдың 1 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі - 4,9% құрады. 2021 жылдың 1 тамызына 17 985 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 7350 тұрақты.

2021 жылдың қаңтар-маусым айларында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 208 025 теңгені құрады, яғни 2020 жылдың тиісті кезеңіне 117,3%.

Тұтыну бағаларының индексі 2021 жылдың шілде айында 2020 жылдың желтоқсан айына қарағанда 105,1 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 107,2 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 104,5 пайыз, ақылы қызметке –103,0 пайыз.