Екпе салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру маңызды

Екпе салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру маңызды

Өткен жылдан бері барша адамзат баласы үшін «COVID-19» індеті өзекті мәселеге айналып отырған жайы бар. Шетелдік "The  Lancet" ғылыми журналының мәліметі бойынша бүгінде әлем бойынша 4 миллионға жуық адам коронавирус ауруынан көз жұмған. Өкінішке орай, ажал құшқандардың саны күн санап көбейіп келеді. Қауіпті кеселді жеңудің жалғыз жалғыз жолы - екпе салдыру болып тұр.

Жасыратыны жоқ, қазір екпе салдыруға қатысты қоғамды сан түрлі пікір мен көзқарас қалыптасқан. Түрлі қауесет әңгімелердің де тарағаны рас. Бірақ  бұл ретте мамандардың және толықтай дәлелденген тұжырымдарға сенуге шақырамын.

 

Мен медицина саласында отыз жылдан астам уақыт жұмыс жасап келе жатырмын. Бұл ретте вакцинацияның маңызын жақсы түсінемін. Өзім алғашқылардың бірі болып екпе салдырған болатынмын. Бүгінде ұжымда бұл процедураның маңызын кеңінен насихаттауға үлесімді қосудамын. Барлық азаматтарды екпе салдырып, ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға шақырамын.

Сейілханова Гүлайым Шәріпқызы,

облыстық психикалық денсаулық орталығы бас дәрігерінің орынбасары.