«Қайсар» командасының бас бапкері ауыспайды

«Қайсар» командасының бас бапкері ауыспайды

«Қайсар» футбол клубы ел біріншілігін сәтсіз бастады. 10 турда 6 ұпай ғана еншілеп, 13-ші орында тұр. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында сала мамандары сәтсіздіктің себептерін түсіндіріп, бас бапкер қызметінде қалатындығын мәлімдеді.
- Біз басқарма тарапынан клуб басшылығы және ойыншылармен жиі кездесу өткізіп тұрамыз. Команда маусымды сәтсіз өткізіп жатыр. Жеңіске жету үшін көп дайындық керек. Бір-бірін алаңды түсіну қажет. Осы бағытта жұмыс жасалады. Биыл жергілікті ойыншылардың тәжірибесін жетілдіру көңіл бөлудеміз, - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Оспанов.
- Өзім «Қайсар» командасына жанкүйермін. Ойнды үзбей көремін. Соңғы кезде жергілікті клубтың ойын нәтижелері өте төмен. Жанкүйерлер наразылық білдіруде. Алайда клубтың басшысы да, бас бапкері де жергілікті азаматтар. Талай жылдар бойы ел футболы мен Қайсардың намысын қорғаған жігіттер. Сондықтанда оларға артылар сенім жоғары. Турнирлік кестенің соңғы орындарында жайғасуға бірнеше факторлар әсер етті. Атап айтсам, командадан өткен жылғы құрамның тек 20 пайызы ғана қалды. Сондай-ақ басты үміт артқан талантты ойыншыларымыз жарақаттан енді айығып келеді.
Коронавирустық инфекцияға байланысты шет елден көздеген ойыншыларымызды сатып алу қиындық тудырды. Алдағы ойындардан командамыз ұпай еншілейді деген сеніміз бар. Енді клубымыздан нәтижелі матчтар күтеміз. Келесі трансферде Қайсар сапына 2-3 позицияда тәжірбиелі ойыншыларды тартуды жоспарлап отырмыз, - деді облыстық футбол федерациясының вице-президенті Болат Көшербаев.
Айта кетейік, «Қайсар» футбол клубы Ақтөбемен 14 мамыр күні кездеседі. Бүгін Сыр аяқдопшылары қонақта болатын матчқа тыңғылықты дайындық жұмыстарын жүргізіп, пойызбен аттанбақ.