Мен вакцинацияға оң көзқараспен қараймын. Өзім екпе қабылдадым. Бір жылдан бері аталған індет жайлы ақпараттарға қанықтық.
Өз тәжірибемнен білемін, кеселмен күресудің ең сенімді әдісі – ұжымдық иммунитет. Оған екі жолмен қол жеткізіледі – вакцинация немесе санитарлық талаптарды сақтау. Көбісі коронавирустық инфекцияның жеңіл немесе асқынбаған түрімен ауырған. Бірақ, COVID-19 аясында өкпе жеткіліксіздігінен қайтыс болғандардың саны күн сайын артып келеді. Сондықтан біз бұл инфекцияның одан әрі таралуына жол бере алмаймыз. Саулықтың жалғыз жолы-вакцинация.
Наурызбай БАЙҚАДАМОВ,
Облыстық мәслихаттың хатшысы