Эпидемияны түбегейлі жеңудің жолы - вакцина салдыру

Эпидемияны түбегейлі жеңудің жолы - вакцина салдыру

Бүгінге дейін індеттің ілмегіне әлемде 139 миллион адам ілінді. Елімізде вирусты жұқтырғандар 281 мыңнан асады.
Өткен аптада аймағымыз эпидемиологиялық ахуалдың күрт өсуі жағынан «сары аймаққа» енгені өздеріңізге белгілі. Бүгінгі күнге дейін 4630 науқас жұқтырып тіркелсе , соңғы тәулікте 75 адамнан коронавирус инфекциясы анықталып отыр.
Өздеріңізге белгілі елімізде 1 ақпаннан бастап алғашқы «Covid-19» инфекциясына қарсы вакцинациялау жұмыстары басталған болатын. Қазіргі таңда бұл жұмыстар жалғасын табуда.
Бүгінгі күнге дейін аймағымызда коронавирус инфекциясына қарсы екпе 15 585 адамға егіліп отыр.
Вакцинациялау жұмыстары №1, 3, 4, 5, 6 қалалық емханаларда, облыстық кеңес беру диагностикалық орталығында, «Интертич» клиникасында, барлық аудандарда және Байқоңыр қаласында жүргізілуде, яғни вакциналау жұмыстарына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінде 16 егу кабинеті дайындалған.
Барлық екпе талапқа сай, температуралық режимді қадағалайтын арнайы машинамен халық санына байланысты егу орындарына жеткізілді.
Жалпы медициналық ұйымдарда, халық арасында вакцинамен басқарылатын жұқпалы ауруларға қарсы вакцинацияның маңызы туралы түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғастырылатын болады.
Індеттің айығудың жалғыз жолы – сақтық шараларын қатаң сақтау болып табылады. Яғни эпидемияны түбегейлі жеңудің жолы - вакцина салдыру. Екпе әрине, ерікті түрде жүргізіледі. Дегенмен ұжымдық иммунитет қалыптастыру қажеттігін әрбіріміз ұғынсақ, нұр үстіне нұр болар еді.
Әлемді жайлаған індетті жұқтыру, таралу қаупін сейілтуді тек - екпе салдыру, сақтық шараларын сақтау арқылы ғана төмендете аламыз! Сол себепті барша халықты коронавирус инфекциясынан қорғану үшін сақтық шараларын сақтауға, екпе салдыруға шақырамыз!