
Қызылорда облысындамониторингтік топ жылбасынанбері 1904 нысандытексерген. Нәтижесінде карантин талабын бұзған 137 дерек анықталып отыр. Бұл туралыӨңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысыДинара Жаңабергенова мәлімдеді.
Карантин ережелерінің бұзу дерегінің көпшілігі қоғамдық тамақтану орындарындатіркелдіАтап айтқанда, персонал келушілергежеке қорғаныш құралдарынсыз қызмет көрсеткен, караокелер мен кальяндар жұмыс жасаған, ғимараттың толымдылығы 30 пайызданаспауы қажет болсада, келушілердің санынашектеу қойылмаған, қызметіне тыйымсалынса да компьютерлікклубтар жұмыс жасаған.
- Бүгінде 45 мониторингтік топ жұмыс істеуде. Топтың құрамына полиция департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, қоғам белсенділері мен еріктілер барлығы 128 маман жұмылдырылды. Қазіргі таңда, карантин талаптарыеңбек ұжымдарының барлығында бірдей сақтала бермейді. Әсіресе 8 наурыз, 22 наурызмерекелерінеорай өткізілген ұжымдық іс-шараларкезінде карантин талаптарынсақтамаған бірқатар ұйымдар мен мемлекеттікқызметшілерге әкімшілік құқық бұзушылық кодексінесәйкес айыппұлдар салындыдеді Динара Олжабайқызы.
Сондай-ақ, оқу жылының IV тоқсаны басталғалы бері 29 карантин талаптарын бұзушылық анықталған. Бұған қоса, халыққа бетпердесіз қызмет көрсеткендігі үшін медициналық және мемлекеттік ұйым қызметкерлеріне де әкімшілік айыппұлдар салынған.
Арнайымониторингтіктоптар карантин талаптарының сақталуын қадағалау үшін күн сайынтексеру жүргізуде. Мәселен облыс орталығының өзінде 1500-ден астамнысанмен тұрғын үй араланды. Оның ішінде, карантин талаптарын сақтамай той және басқа да рұқсат етілмегенмерекелікшаралар жасаған 83 жағдай анықталды. Және де 52 нысанға құзырлы орган арқылы әкімшілік шара көрілді. Талаптардың сақталуын қадағалау топтың жұмысы болғанымен де барлығын аралау мүмкін емесМониторингтік топтардың қызметі жазалаушараларынантұрмайды. Түсіндіреміз, ескертужасаймыз. Баршаңыздан карантин талаптарын сақтауды сұраймыз, - дедіарнайымониторингтік топтың жетекшісі Ләззат Бақтыбаева.