Алдағы жылдары 6 су қоймасын салу жоспарлануда

Алдағы жылдары 6 су қоймасын салу жоспарлануда

Былтырғы жылғы орын алған Дүниежүзілік пандемия мен өңірдегі болған су тапшылығы жағдайына қарамастан егін жинау қорытындысымен 551,3 мың тоннадан астам күріш жиналып, жоғары өнім жиналды.
Ал, биылғы жылы Сырдария өзеніндегі судыңтөмендеуі және вегетациялық кезеңде суармалы судың тапшылығын ескере отырып, 188,2 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру межеленсе, оның ішінде күріш егісінің көлемін5,1 мың гектарғақысқарту жоспарланып отыр.
Дегенмен, биылғы жылы күріштің егіс көлемін азайтқанымен суды аз талап ететін дақылдарың егіс көлемін ұлғайту есебінен жалпы егістік 4,0 мың гектарға артық егілетін болады.
Облыс Сырдария өзенінің ең төменгі ағысында орналасқандықтан, жоғарыдан келетін су көлеміне тікелей тәуелді.
Сырдария өзені бойынша келіп түсетін судың 70% қысқы кезеңге келетіндіктен, вегетация кезеңінде суды сақтау үшін суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша жобаларды іске асыру қолға алынбақ.
Бұл ретте, алдағы жылдары қысқы тасқын суларды жинақтау көлемі 2,3 млрд. текше метр болатын 6 су қоймасын салу жоспарланып отыр.Бұл өз кезегінде тасқын суды жинауға және тұрақты сумен қамтамасыз ету мәселелерін толықтай шешуге мүмкіндік бермек.
Бүгінгі күні, суармалы жерлерді қалпына келтіру және айналымға қосу бойынша 161 млрд. теңгеге 3 жоба әзірленген. Олар – пайдаланылмай тұрған 29 мың гектар суармалы жерлерді айналымға қосу және 158 мың гектар суармалы егістіктегі ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіружобалары. Аталған жобалар жүзеге асырылған жағдайда, суармалы жерлердің 80% қалпына келетін болады.
2019 жылдан бастап ПУИД-2 жобасы аясында Жалағаш ауданындаАққұм, Бұқарбай батыр, Таң және Мәдениет ауылдық округтеріндегі 15 мың гектар суармалы жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.Сонымен бірге, су ресурстарын жақсарту мақсатында шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, өткен жылы Жиделі су қоймасына күрделі жөндеу жүргізіліп, Шиелі және Сырдария аудандарында 18 дана тік дренажды ұңғымалары салынды. Қызылорда, Әйтек су торабтарына жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен «Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің сағасын қалпына келтіру» және «Қараөзек ағысында су қоймасын салу»жобаларының жобалық сметалық құжаттамасын мемлекеттік сараптамадан өткізуге қаржы бөлінуде. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынған соң ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарын бастау бойынша жұмыстар атқарылатын болады.
Коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы нысандарын тазалау және жөндеу жұмыстары кезең-кезеңмен атқару жоспарлануда.Осыған байланысты, Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспарына жалпы құны 12,3 млрд. теңгені құрайтын 192 каналға су шаруашылығы жұмыстарын жүргізу және елді мекендерге 43 дана насос қондырғыларымен қамтамасыз ету шаралары енгізілді.
Биыл осы жоспарға сәйкес 6 каналға тазалау жұмыстары және елді мекендерге 43 дана насос қондырғылары сатып алынатын болады.
Сонымен қатар, су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, жем-шөп, бақша дақылдары мен көкөніс көлемдерін белсенді түрде дамыту қолға алынбақ.Осылайша, ағымдағы жылы тамшылатып суару әдісін қолдану арқылы 3 мың гектарға қызанақ өсіру, сондай-ақ жаңбырлатқыш жабдықтарды қолдану арқылы 10 мың гектарға жоңышқа және 87 гектарға жүгері өндіру жөніндегі жобаларды іске асыруды бастау жоспарлануда.