Мүмкіндігі шектеулі жан мемлекеттен қолдау тапты

Мүмкіндігі шектеулі жан мемлекеттен қолдау тапты

Мүмкіндігі шектеулі жан Олжас Ақсейітов мемлекеттен қолдау тауып, жас кәсіпкерлердің қатарына қосылды. Ол пэйнтбол спорт орталығын ашып, замандастарының салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасауда.
Олжас 2013 жылы жұмыс барысында кенеттен мойын омыртқасынан зақым алып, 1-топ мүгедегі атанған. Алайда, тағдырдың қиындығына қарамастан ол хоббиын қолға алып, өз мақсатына жетті.
Жас кәсіпкер 2020 жылы спорт орталығын ашу үшін "Бизнес-Мектеп" құралы бойынша оқу курсынан өтті. "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында "Спорт клубтарының қызметі" жобасы бойынша 2 млн. теңгенің грантын жеңіп алған.
Спорт орталығында келуші жастар пэйнтбол экстремалды жекпе-жек ойынымен айналысады. Қала тұрғындарының салауатты өмір салтын сақтап, спортпен шұғылдануға мүмкіндік беретін жаңа орталық жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруда.