«Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы өз функцияларын кеңейтуде

«Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы өз функцияларын кеңейтуде

Қосымшадағы жаңа қызмет  «Тұрғын үйге кезек нөмірін іздеу» деп аталады. Бұл қызмет тұрғын үйге кезек нөмірін қарауға мүмкіндік береді. Ол үшін аталған қосымшаны жүктеп, «Қалалық қызметтер» бөліміне өту қажет.Одан әрі сервисті таңдап, өз аты-жөніңізді енгізесіз.

Айта кетейік, «Smart  Qyzylorda» мобильдік қосымшасы  2019 жылдың 6 желтоқсан күні өткізілген «Smart Qyzylorda: Аймақтың цифрлық трансформациясы» тақырыбындағы Қызылорда облысының  І Өңірлік IT форумы аясында іске қосылды.«Smart Qyzylorda» біріктірілген ақпараттық жүйесі - қаланың тұрғындары мен қонақтарының қоғамдық өміріне ыңғайлы болу үшін біртұтас біріктірілген қосымша арқылы түрлі салалардағы қызметтерді пайдалануға ыңғайланған. Қосымша Google Play және App Store платформаларында жұмыс жасайды. 

Мобильдік қосымша мынадай категориялардан тұрады:  

Қалалық қызметтер (Әкімшілік айыппұлдарды іздеу,жергілікті инспекторды іздеу, әлеуметтік төлемдердің мәртебесін тексеру,салық берешегін тексеру, көлік салығын есептеу, АӘК калькулятор қызметтері, тұрғын үйге кезек нөмірін іздеу);
Денсаулық сақтау (Қаланың денсаулық сақтау ұйымдары туралы ақпарат, дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді шақыру қызметі (DamuMed) мобильдік қосымшасы, Мед.сақтандыру (МӘМС));
Білім беру (Мектеп, балабақша, университеттер мен колледждер туралы ақпарат, үйірмелер мен секциялардың кестесі);
ТҮКШ(ПИК туралы ақпаратты іздеу, Қатты қалдықтарды қайта өңдеу);
Көлік  (Әуежай, ТЖ вокзалы кестесі, ТЖ және авиабилеттер сатып алу қызметі, автобекет кестесі);
Туризм (іс-шаралар кестесі, көрнекті және ойын-сауық орындары туралы ақпарат, радио);
Коммерциялық сервистер (Қазпошта трекингін тексеру, бос жұмыс орындарын іздеу);
Менің төлемдерім  (Қазақтелеком телекоммуникациялық қызметтеріне ақы төлеу);
Жаңалықтар мен оқиғалар, намаз кестес;.
StopCovid-19 (Статистика, жиі қойылатын сұрақтар, коронавирус туралы жадынама), Мен үй карантиніндемін қызметі.
Шұғыл қоңыраулар (түрлі мәселелер бойынша Call-орталықтардың нөмірлері).