Өткен тәулікте короновирус инфекциясымен 6 науқас тіркелді

Өткен тәулікте короновирус инфекциясымен 6 науқас тіркелді

Өткен тәулікте Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен 6 науқас тіркелді (Қызылорда қаласы 5, Шиелі ауданы 1). Ал, сол күні осы дерттен 14 науқас айығып, дәрігерлер бақылауынан шығарылған.

Қазіргі таңда облыс бойынша инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде 5 науқас, инфекциялық стационарда 47 науқас ем алуда.

Ағымдағы жылдың 27 ақпаны күні облыс зертханаларына 934 адам сынама тапсырып, мамандар 693  сынама бойынша тексерісті аяқтаған. Бүгінде зертханалар қорында 16 334 қалдық тест бар.