Өткен тәулікте коронавирус инфекциясымен 6 науқас тіркелді

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясымен 6 науқас тіркелді

Өткен тәулікте Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен 6 науқас тіркелді (Қызылорда қаласы 5, Қазалы ауданы 1). Ал, сол күні осы дерттен 4 науқас айығып, дәрігерлер бақылауынан шығарылған.
Қазіргі таңда облыс бойынша инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде 3 науқас, инфекциялық стационарда 47 науқас ем алуда.
Ағымдағы жылдың 26 ақпаны күні облыс зертханаларына 1 133 адам сынама тапсырып, мамандар 741 сынама бойынша тексерісті аяқтаған. Бүгінде зертханалар қорында 16 700 қалдық тест бар.