Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссия отырысы өтті

Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссия отырысы өтті

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен облыстық әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қаты настарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссия отырысы өтті. Мәжілісте екі мәселе қаралды. Атап айтсақ, еңбек қарым-қатынастарының жағдайы және еңбек дауларын алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен өндірістік жазатайым оқиғалары және алдын-алу бағытындағы шаралар талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Төреахмет Жолымбетов пен облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Серік Сермағамбетов баяндады.
2020 жылы облыс бойынша кәсіпорындар мен мекемелерде 134 тексерулер жүргізілді. Оның ішінде 130 жоспардан тыс тексеру, 4 тексеру субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау тәртібінде жүргізілген. Тексерулер нәтижесімен 188 заңбұзушылықтар анықталған. Оларды жою және болдырмау жөнінде 100 нұсқама беріліп, 188 бұзушылықтардың 165 жойылған.
Жалпы 12 айда 30 әкімшілік шара көріліп, оның ішінде 3 ескерту, 3 012 620 теңге мөлшерінде 27 айыппұл салынды. Ал, ағымдағы жылдың қаңтар айында 5 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 8 заңбұзушылық анықталып, оларды жою туралы 2 нұсқама берілген.
Сонымен қатар, комиссия отырысына облысымыздың бірқатар мұнай өңдіруші және оларға сервистік қызмет көрсететін компаниялар, кәсіподақ өкілдері қатысты. Олар мұнай компанияларында қызметкерлер тарапынан көтерілген жалақы, қысқарту мәселесіне қатысты наразылықтар бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты.
Аймақ басшысы жалақының мерзімінде төленуін қатаң бақылауға алып, шиелініске жол бермеу бағытында жедел әрекет ету шараларын қабылдауды, кәсіпорындар мен мекемелерде Ұжымдық шарттардың жасалуын және оның мазмұнының сапалылығына үшжақты комиссияларынынан келісім алуын қарастыруды, талаптарының орындалуын бақылауды жүктеді. Сондай-ақ, мұнай өңдіруші және оларға сервистік қызмет көрсететін компания басшыларына жұмысшыларға барынша қолдау көрсетіп, заңнамаға сәйкес еңбегіне орай үстемақы төлеп, мүмкіндігінше қысқартпауды тапсырды.
- Мемлекеттік тұрақтылықты бірқалыпты ұстау мақсатында қоғамдық-саяси ахуалға жергілікті атқарушы органдармен көптеген шаралар атқарылуда. Өңіріміздегі өнеркәсіп өндірісінің 60 айызға жуық үлесін мұнай-газ саласына тиесілі. Мұнай өндіру көлемі жылда қысқаруда. Сондықтан тұрғындардың жиі көтеретін мәселелер қатарында мұнай компанияларында жұмысшыларды қысқарту мен жалақыларының төмендегі, кешіктіруі фактілері болып отыр. Осы мәселелерді мүмкіндігінше азайту, жұмыссыздықты жоюды бірінші кезекте шешу қажет, - деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Жұмыс орындарын қысқартуды болдырмау, жалақы қарызы мен еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері облыстық үшжақты әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия отырыстарында ұдайы қаралуда.
Ай сайын облыс әкімдігі және облыстық прокуратурамен әлеуметтік шиеленіс ошақтарының Картасы жаңартылып отыр. Жұмыскерлерге жалақы қарызын төлеу мәселесі ерекше бақылауда. 2020 жылғы 12 айда ықпал ету шаралары нәтижесінде 20 кәсіпорынның 4648 жұмыскерлеріне 617,8 млн. теңге жалақы қарызы төленген.
Өткен жылы шетел жұмыс күшін тарту мақсатында 24 жұмыс беруші тіркелген. Оларда 8023 қазақстандық азаматтар жұмыс атқарады және шетелдік жұмыс күшін тартуға облыс бойынша 356 бірлік квота бөлінген. Жергілікті қазақстандық қызметкерлер мен шетел қызметкерлерінің еңбекақыларының арасында айырмашылық бойынша еңбекақы төлеміндегі теңсіздік фактісі анықталмаған.
Сондай-ақ, жұмыс берушілерге жұмыскерлердің еңбек шарттарын «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне» енгізу қажеттігі туралы түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде биыл 1755 жұмыс берушілердің 93602 еңбек шарттары тіркелген.
Облыс әкімі әлеуметтік-еңбек дауларын алдын алу бойынша бірқатар тапсырма берді.
- Жазатайым оқиғалар жиі орын алған компания басшыларын кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен тыңдау өткізіп, салалық кәсіподақ ұйымдарымен бірлесіп, шетелдіктердің қатысуымен құрылған компанияларындағы орын алған еңбек даулары мен еңбек қатынастарына тұрақты түрде мониторинг жұмыстарын күшейтуді қамтамасыз ету керек. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарын, әлеуметтік желілерді пайдалана отырып жұмыскерлер мен жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының негіздері бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын күшейту маңызды, - деді Гүлшара Әбдіқалықова.