Өткен тәулікте коронавирус инфекциясымен 11 науқас тіркелді

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясымен 11 науқас тіркелді

Өткен тәулікте Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен 11 науқас тіркелді (Қызылорда қаласында 8, Шиелі ауданы 3). Сол күні осы індеттен 12 адам айығып, дәрігерлер бақылауынан шығарылған.
Қазіргі таңда облыс бойынша инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде 5 науқас, инфекциялық стационарда 47 науқас ем алуда.
Ағымдағы жылдың 24 ақпаны күні облыс зертханаларына 977 адам сынама тапсырып, мамандар 623 сынама бойынша тексерісті аяқтаған. Бүгінде зертханалар қорында 17 267 қалдық тест бар.