Өткен тәулікте 9 адамнан коронавирус індеті анықталды

Өткен тәулікте 9 адамнан коронавирус індеті анықталды

Өткен тәулікте Қызылорда облысында 9 адамнан коронавирус індеті анықталды. Тіркелген науқастардың 7-і Қызылорда қаласының, 1-уі Қазалы, 1-уі Сырдария ауданының тұрғындары.
Соңғы тәулікте 8 науқас емделіп шықты. Оның 4-уі Қызылорда, 4-уі Арал тұрғыны. Пандемия кезеңінен бері 3635 адам емделіп шыққан.
24 сағат ішінде зертханаға 1177 сынама тапсырылған. Оның 697-і тексерілген, 480-і бойынша жұмыс жасауда. 17765 қалдық тест қалып отыр.
Бүгінгі күні өңірде инфекциялық стационарда 45 науқас, инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде 4 науқас ем қабылдап жатыр.