Ведомствоаралық жұмыс тобының 2021 жылғы алғашқы отырысы өтті

Ведомствоаралық жұмыс тобының 2021 жылғы алғашқы отырысы өтті

Қызылорда облысының мемлекеттік қызмет істері департаменті жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының (ВАЖТ) ағымдағы жылғы алғашқы отырысы өтті.
Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Рафхат Бисенов отырыстың күн тәртібіндегі мәселелерге кіріспестен бұрын ВАЖТ құрамына енгізілген өзгерістермен таныстырды.
Нақтырақ айтқанда, ВАЖТ төрағасы болып департамент басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев бекітілсе, ВАЖТ төрағасының орынбасарына «Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Серік Теңізбаевтың кандидатурасы құпталды.
Сондай-ақ, топ мүшелігіне: облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Әділбек Бекішев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Ғалия Әлімқұлова, облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Юлия Тремасова, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры Айдын Қайруллаев енгізілді.
ВАЖТ-ның күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Топ мүшелерінің және күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты жауапты салалардың бірқатары отырысқа онлайн форматта қатысты.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша 2020 жылы атқарылған жұмыстары, саладағы проблемалық мәселелері және алдағы жоспарлары туралы облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Юлия Тремасова және осы тақырыпта облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселеге облыстық мәслихаттың депутаты Н.Ибраевтың әлеуметтік желідегі мекенжай тіркеліміне қатысты депутаттық сауалы негіз болды. Аталған мәселе бойынша облыстық көші-қон қызметі басқармасы, Қызылорда қаласының әкімі аппараты және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалы басшылары түсіндірме берді.
Жиындағы соңғы мәселемен қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй инспекция, ауыл шаруашылығы бөлімдерінде жүргізілген қоғамдық мониторинг жұмыстары барысында анықталған кемшіліктер талқыланды.
ВАЖТ отырысының қорытындысымен көтерілген мәселелер бойынша ұсыныстар жинақталып, хаттама рәсімделіп, тиісті мекемелерге жолданады.