Қазалы ауданында экономикалық көрсеткіштердің өсуі байқалады

Қазалы ауданында экономикалық көрсеткіштердің өсуі байқалады

Қазалы ауданында жыл ішіндегі макро-экономикалық көрсеткіштері бойынша жалпы өсім қалыптасқан. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру 2,9 пайызға өсіп, 14,0 млрд.теңгенің өнімдері өндірілген. Негізгі қорға тартылған инвестицияның бағалау көлемі 11 млрд. 541 млн. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен алғанда 35,4 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 4 млрд. 616 млн. теңгені құрап, 34,6 пайызға орындалды.
Ауданда есепті мерзімге 14 млрд. 528,8 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, 21 951 тонна күріш жиналған. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының аясында құны 3 млрд 11 млн 89 мың теңге болатын 42 жоба іске асырылды.
Осының нәтижесінде жүздеген тұрғынға жұмыс табылып, әлеуметтік нысандар жаңғыртылудан өткізілді. Бағдарлама шеңберінде Ғ.Мұратбаев ауылына табиғи газ жетіп, Ақсуат ауылынан 150 орындық клуб салынды. Сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы арқылы Бекарыстан би ауылында 930 млн теңгенің жұмысы атқарылды.