Өткен тәулікте Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен 7 науқас тіркелді

Өткен тәулікте Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен 7 науқас тіркелді

Өткен тәулікте Қызылорда қаласында 6, Жалағаш ауданында 1 адам коронавирус инфекциясымен тіркелді. Сол күні 9 науқас дертінен айығып, дәрігерлер бақылауынан шығарылды.
Қазіргі таңда облыс бойынша инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде 3 науқас, инфекциялық стационарда 29 науқас ем алуда.
Ағымдағы жылдың 19 қаңтары күні облыс зертханаларына 1 300 адам сынама тапсырып, мамандар 433 сынама бойынша тексеріс жұмыстарын аяқтаған. Қалған 867 сынаманы тексеру жұмыстары жалғасуда. Бүгінде зертханалар қорында 31 470 қалдық тест бар.