Өткен жылы Қызылорда облысында 608,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Өткен жылы Қызылорда облысында  608,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Соңғы жылдары Қызылрда облысы қарқын құрылыс алаңына айналып келеді. Мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысына 2020 жылы бюджет есебінен барлығы 14,7 млрд.теңге қаржы бөлінген. Бұл қаржыға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер бойынша барлығы 815 пәтерді құрайтын Қызылорда қаласында 725 пәтерді құрайтын 15 тұрғын үй мен Шиелі ауданында 90 пәтерді құрайтын 5 үй салынды.
Мұнан бөлек «Жұмыспен қамту 2020-2021» бағдарламасы аясында Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде 42 пәтерлі 2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңында барлығы 150 пәтерді құрайтын 5 жалға берілетін тұрғын үй тұрғындарға тапсырылды (Қызылорда қ-сы – 90 пәтер, 2 үй; Шиелі ауд. – 18 пәтер, 1 үй, Сырдария ауд -42 пәтер 2 үй).
Кредиттік тұрғын үйлер бойынша барлығы 755 пәтерді құрайтын 68 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, Қызылорда қаласындағы СПМК-70 тұрғын ауданында 640 пәтерді құрайтын 13 көпқабатты тұрғын үй және Шиелі ауданында 25 тұрғын үй ағымдағы жылы табысталмақ .
Ал, 2020 жылдың соңында үш ауданда 90 пәтерді құрайтын 30 бірқабатты тұрғын үй кезекте тұрғандарға берілген (Арал ауданында 4 пәтерлі 10 үй, Қазалы ауданында 4 пәтерлі 10 үй, Жалағаш ауданында 10 үй).
Жеке коммерциялық құрылыс салушылар есебінен өткен жылдың соңында 168 пәтерді құрайтын 4 тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал, биыл 376 пәтерді құрайтын 10 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Өткен 2020 жылдың соңында барлығы 408 пәтерді құрайтын 39 кредиттік тұрғын үй пайдалануға берілді.
Сонымен бірге, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жергілікті бюджет есебінен Қызылорда қаласында 10 тұрғын үй және Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінде 18 пәтерлі бір тұрғын үй сатып алынды.
Осылайша қаржыландырудың барлық көздері есебінен 2020 жылы облыс бойынша 608,9 мың шаршы метр тұрғын үй табысталды.
Ағымдағы жылы да құрылыс жұмыстарының көлемі ауқымды болмақ. 2021 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысына мемлекеттік бюджеттен барлығы 7,0 млрд.теңге бөлінді.
Жыл ішінде 2 172 пәтерлік 98 тұрғын үйдің құрылысын жүргізіледі. Халықтың әлеуметтік осал топтары мен көп балалы отбасылар үшін 342 пәтер сатып алу жоспарлануда. Атап айтсақ, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер бойынша барлығы 945 пәтерді құрайтын 54 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Оның ішінде Шиелі кентінде 72 пәтерлі 4 тұрғын үй, Байқоңыр қаласында 250 пәтерлі 5 үй, Сырдария ауданында 1 пәтерлі 33 үй, Қызылорда қаласында 590 пәтерлі 12 тұрғын үй салынатын болады.
Кредиттік тұрғын үйлер бойынша барлығы 665 пәтерді құрайтын 38 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілмек. Ал, жеке коммерциялық құрылыс салушылар есебінен барлығы 220 пәтерді құрайтын 6 тұрғын үй салынады.
Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес 2021 жылға «Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы» 644,7 мың шаршы метрді құрамақ.