Өткен тәулікте коронавирус инфекциясымен 5 адам тіркелді

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясымен 5 адам тіркелді

Өткен тәулікте Қызылорда қаласында коронавирус инфекциясымен 5 адам тіркелді. Қазіргі таңда облыс бойынша инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде 3 науқас, инфекциялық стационарда 27 науқас ем алуда.
Ағымдағы жылдың 18 қаңтары күні облыс зертханаларына 1 204 адам сынама тапсырып, мамандар 247 сынама бойынша тексеріс жұмыстарын аяқтаған. Бүгінде зертханалар қорында 31 637 қалдық тест бар.