ҚР Энергетика министрі жұмыс сапарымен Қармақшы ауданына барды

ҚР Энергетика министрі жұмыс сапарымен Қармақшы ауданына барды

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова Жосалы кентіндегі "Жосалы" ҚС-220-35/10 кВ электр станциясына жүргізілген қайта жаңарту жұмыстарымен танысты.
Аталмыш нысан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Жосалы кентіндегі электростанциясының жөндеу жұмыстары өткен жылдың қыркүйек айында басталған. Қаржы «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінді. Жоба құны 1,701 млн. теңгені құрайды. Жүзеге асыру барысында қуаты 25 МВА пен 6,3 МВА трансформаторлары орнатылып, 220 кВ және 35 кВ тарату құрылғысы салынды.