Қызылорда облысында өткен тәулікте коронавирус инфекциясымен тіркелген адам жоқ. Зертханаларда 1173 сынама тапсырылып, 873 тексерілген. Қалған 300 сынамамен жұмыс жасалуда. Облыс бойынша 17 684 тест бар.
Бүгінгі күні инфекциялық стационарда – 11, реанимация бөлімінде - 2 науқас ем қабылдауда.