Дәрі-дәрмектер өңірлерге тең бөлінді

Дәрі-дәрмектер өңірлерге тең бөлінді

Маусым мен шілде айларында індет өршіп тұрған кезде, ауруханалар мен провизорлық орталықтарда дәрі-дәрмек тапшылығы болды. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны күрт өсті.
— Бұл тапшылық бөлшек сауда желісіне әсер етті. Осы мақсатта нарықты дәрілік заттармен толықтыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі басқа елдерден әуе көлігімен 10 миллионнан астам көлемінде дәрілік заттардың 50-ден астам түрін жеткізуді ұйымдастырды. Бұл препараттар өңірлер бойынша тең бөлінген,- деді ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков.
Коронавирустың күтілетін екінші толқынына дәрі-дәрмектерді сатып алуға қайтарымды негізде көтерме дистрибьюторларға қаражат бөлу үшін тұрақтандыру қорлары құрылды. Бұл мақсатқа өңірлерге 17,9 млрд. теңге бөлінді. Бұдан басқа, медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті өңірлердегі көтерме дистрибьюторларда сұранысқа ие дәрілік заттар мен медициналық жабдықтарға мониторинг жүргізуде.
— Мониторинг нәтижелерін талдау ағымдағы жылдың 15 шілдесінен 9 қарашасына дейін көтерме сауда қоймалары мен дәріханаларда антибиотиктер саны 3,9 — ға, вирусқа қарсы препараттар — 3,2 — ге және антикоагулянттар-32-ге, маскалар-2,3 есеге артқанын көрсетті, — бұл туралы ҚР ДСМ санитарлық — эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков мәлімдеді.