«Пандемия уақытындағы цифрландыру: жаңа талаптар мен үрдістер» тақырыбында онлайн-конференция өтті

«Пандемия уақытындағы цифрландыру: жаңа талаптар мен үрдістер» тақырыбында онлайн-конференция өтті

Бүгін, 28 қазан 2020 ж. «Назарбаев моделі – XXI ғасыр сын-қатерлеріне стратегиялық жауабы» атты жас ғалымдардың Халықаралық форумы аясында «Пандемия уақытындағы цифрландыру: жаңа талаптар мен үрдістер» тақырыбында онлайн-конференция өтті.
Конференцияны ұйымдастырушылар — Қызылорда облысының әкімдігі, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы, «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ.
Іс-шараға Сингапур ұлттық университетінің өкілі, жергілікті атқарушы органдар, ұлттық және жеке IT компаниялар, отандық жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Конференция Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Сухраб Жапаровтың сөзінен басталды.
Шараның негізгі мәселесі пандемия кезінде салаларды цифрландыру болды. Сондай-ақ, конференция барысында мемлекеттік қызмет көрсетудің онлайн форматы, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және интернет сапасы, Covid-19 таралуын тежеу бойынша цифрлық шешімдер мәселелері қозғалды.
Іс-шарада Сингапурдың цифрлық технологияларды енгізу тәжірибесі туралы электрондық үкімет орталығының директоры, Сингапур Ұлттық университеті халықаралық бағдарламасының жүйелік ғылымдар институтының басшысы Ситхараман Ашок Кумар баяндама жасады, сондай-ақ, Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Юлия Тремасова, «Нархоз университеті» КЕАҚ академиялық мәселелер жөніндегі проректор орынбасары Айгерім Райымжанова, «Нархоз университеті» КЕАҚ ғылыми-зерттеу жұмысы бөлімінің бастығы Андрей Шенин, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ АКТ саласын және инновациялық экожүйені дамыту департаментінің жобалардың бас менеджері Жандос Қадыров, Astana Hub IT стартаптар халықаралық технопаркінің community, бағдарламалар, өңірлік даму және ивенттер департаментінің директоры Малика Жәнібек, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облыстық филиалының басшысы Айдын Қайруллаев, Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердәулетов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, филология ғылымдарының кандидаты Бейбіткүл Кәрімова, «Центр устойчивого развития столицы» ЖШС Smart city жобасының жетекшісі Қанат Кәрімжанов баяндама жасады.
Іс-шара аясында цифрландыру саласында шетелдік және отандық мамандармен тәжірибе алмасу болды.
Талқылау барысында сала өкілдерімен проблемалық мәселелер көтеріліп, оларды шешу бойынша ұсыныстар айтылды.