Коронавирустың екінші толқынына жол берілмеу керек!

Коронавирустың екінші толқынына жол берілмеу керек!

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы күзде пандемияның екінші толқыны болуы мүмкін деген болжам жасады. Эпидемия басталғаннан бері облыста барлығы 3248 науқас тіркелді, оның 96 пайызы емделіп шықты. Өкінішке орай, он бес адам осы қауіпті аурудан қайтыс болды. Бүгінде 22 науқас ем алуда. Біздің басты міндетіміз — коронавирустың екінші толқынына жол бермеу. Ол үшін сақтық шараларын күшейтіп, салтанатты іс-шараларды, үйлену тойларын барынша азайту қажет. Қатаң сақталуы керек негізгі ережелер — бетперде тағу, қашықтықты сақтау, қолды жиі жуу, адамдар көп жиналатын жерлерге барудан бас тарту.
Ауруды анықтаудың бір әдісі-ПТР анықтамасы. Егер пандемияның басында бізде тек 6 құрылғы болса, қазір 9 бар. Біз тест санын көбейту үшін жұмыс істеудеміз. Себебі бұл тестті жүкті әйелдер, жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылған адамдар, тұмау және суық белгілері бар азаматтар және басқалар да тапсырады. Тестілеу 14 бағыт бойынша жүргізіледі.
Біздің аймақтағы жағдай тұрақты болғанымен, әлемде, әсіресе Еуропа елдері мен көрші Ресейде әлі де қиын болып тұр. Сондықтан біз аурудың алдын алу шараларын күшейтудеміз. Коронавирустық инфекцияның екінші толқыны туындаған жағдайда өңірде жалпы саны 3000 төсек-орынға арналған 21 клиника қайтадан ашылады. 200 төсектік модульді жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы жүргізілуде, оның құрылысын 1 желтоқсанда аяқтауды жоспарлап отырмыз. Өкпені жасанды желдету аппараттарына келетін болсақ, басында олардың саны 76 болса, қазір -244. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен 4 флюоро және 6 стационарлық рентген аппараттарын сатып алу жоспарлануда. 3500 медицина қызметкерлерінен тұратын резерв құрылды.
Сәбит Пазылов
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы