Аймақ басшысы Г. Әбдіқалықова «AQ JOL» Қазақстан демократиялық партиясының өкілдерімен кездесті

Аймақ басшысы Г. Әбдіқалықова «AQ JOL» Қазақстан демократиялық партиясының өкілдерімен кездесті

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «AQ JOL» Қазақстан демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевты, ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Алмас Тұртаевты және партияның Қызылорда облыстық филиалының төрағасыЖорабек Пірмановты қабылдады.
Кездесуде пандемияның екінші толқынының алдын алу жөніндегі кешенді шаралары талқыланды. Оның ішінде қажетті құрылғылармен қамтасыз ету, төсек-орын қорын қалыптастыру.
Сондай-ақ кездесуде карантин жағдайында уақытында шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту, халықтың әл-ауқатын төмендетпеу мәселесіне баса назар аударылды.