Лого
Меню
Страницы
Қызметі
Құжаттар
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Байланыс ақпарат
Қызметі
Байланыс ақпарат
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Все материалы
Білім
23 мая 2023
Сеул Ұлттық ғылыми-техникалық университетіндегі кездесу

Облыс әкімі Н.Нәлібаев бастаған делегацияның Корея Республикасындағы іссапары Сеул Ұлттық ғылыми-техникалық университетінің Президенті Ли Донг Хун мырзамен кездесумен жалғасты.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың білім сапасын арттыру үшін әлемдегі озық жоғары оқу орындарының филиалдарын елімізде ашуды тапсырғаны белгілі. Бұл ең алдымен білікті мамандарды оқытып шығаруға, жоғары технологияларды игеруге жол ашады.

Корея – білім және ғылым, биотехнология, медицина, жасанды интеллект салаларында алдыңғы қатардағы мемлекеттердің бірі. Делегация мүшелері білім және ғылым салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға аса қызығушылық танытатынымызды атап өтті.

Қазақстан мен Корея арасында жоғары білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін биыл Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жетекші университеттік жоба әзірленді. Жоба Корея Республикасының Үкіметінде мақұлданып, Білім министрлігінен гранттық жоба ретінде 1 млрд теңгедей қаржы бөлінеді.

Жоба аясында Қорқыт Ата университетінде жасанды интеллект мектебінің құрылуы – тек Қызылорда облысының ғана емес, жалпы еліміздің білім саласындағы үлкен жетістік.

Нәтижесінде өңірімізде IT технологиялар, киберқауіпсіздік және компьютерлік ғылымдар бойынша білім беріледі. Облыс әкімдігі өз кезегінде бұл жобаның өңірімізде сәтті іске асырылуына жан-жақты қолдау көрсетеді.

Облыс әкімі екі білім ордасы арасындағы ынтымақтастық білім және ғылым саласындағы жаңа ғылыми жетістіктерге жол ашатынын атап өтті.

Көлік инфрақұрылымы
23 мая 2023
Жол көлік апаты кезіндегі медициналық көмек көрсету жөнінде үйлестіру кеңесі өтті

Бүгін облыс әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Сактағанов Нұрымбет Аманұлының төрағалығымен облыс тұрғындарына жарақат алу және жазатайым оқиғалар, оның ішінде жол көлік апаты кезіндегі медициналық көмек көрсету туралы үйлестіру кеңесі болып өтті.

Өздеріңізге мәлім күтілетін өмір сүру ұзақтығын орташа 75 жасқа дейін ұлғайтуға тікелей әсер ететін көрсеткіштердің бірі - жол көлік оқиғалары кезінде болатын жарақаттар мен өлім-жітім санын азайту болып саналады. Бұл көрсеткішке барлық бағынысты мекемелердің жүйелі жұмысының нәтижесінде қол жеткізетініміз белгілі.

Кеңеске облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлы, облыстық полиция департаментінің, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, білім басқармасының басшылары және қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Жиында алдымен 2023 жылдың 3 айының қорытындысымен, облыс тұрғындарына жарақат алу және жазатайым оқиғалар, оның ішінде жол көлік апаты кезіндегі медициналық көмек көрсету бойынша атқарылған іс-шаралар туралы аймақтың бас дәрігері Олжас Ысқақов баяндады.

Одан соң  жол көлік оқиғаларын азайту бойынша жүргізілген жұмыс барысы туралы облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Майрихов Даурен Мырзалыұлы баяндаса, жол көлік оқиғаларын азайту бойынша 2023 жылдың 3 айында атқарылған іс-шаралары бойынша облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Сыздықов Жәнібек Шәкімбайұлы, Шиелі ауданы бойынша жол көлік оқиғалары бойынша Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Ысмағұлов Болат Әбдулхайысұлы баяндады.

Атқарылған жұмыстар легімен мұқият танысқан Нұрымбет Аманұлы облыс тұрғындарына жарақат алу және жазатайым оқиғалар, оның ішінде жол көлік апаты кезіндегі медициналық көмек көрсету бағытындағы үйлестіру кеңесін қорытындылай келе, облыс бойынша травматолог дәрігерлерінің кадр тапшылығын төмендету мақсатында қажетті мамандардың жұмысқа тартылуын пысықтауды, жол көлік оқиғалары кезінде полиция қызметкерлері арасында алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тәжірибелік семинар сабақтар ұйымдастырылуын тапсыра келе, Ұлттық Жобаны жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін, облыс тұрғындарының денсаулық жағдайын мен әлеуетін нығайту мақсатында барлығымыз бірлесіп жұмыс атқаруымыз қажет екендігін атап өтті.

 

Қоғамдық даму
23 мая 2023
Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде мемлекеттік рәміздердің насихатталуы мен қолданылуын тексерген облыстық инспекциялық топтың қорытындысы, облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердегі және Арал, Қазалы аудандарындағы мемлекеттік рәміздердің жай-күйі қаралды.

– Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы әрі ажырамас бөлігі. Халқымыздың бірлігі мен тұтастығын, азаматтық бірегейлігін бейнелейтін атрибуттар. Сондықтан, әрбір азамат Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, қадірлеуге міндетті. Өздеріңіз білесіздер, облыстық инспекциялық топ жылына 2 рет осы мақсатта зерделеу жұмыстарын жүргізіп келеді, – деді Нұрымбет Аманұлы.

Кеңесте облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы  Алмасбек Есмаханов облыстық инспекциялық топ аймақтағы 241 мемлекеттік мекемені тексергенін айтты.

Сондай-ақ облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердегі мемлекеттік рәміздердің пайдаланылуы мен насихатталуы туралы басқарма басшысының орынбасары Әзизбек Ізімбетов, Арал, Қазалы аудандарындағы мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуы бойынша аудан әкімнің орынбасарлары К.Бержанов, Д.Тлеумбетов баяндама жасады.

Жиын соңында отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Комиссия төрағасы Нұрымбет Аманұлы мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздердің пайдаланылуын, қолданылуы мен орналастырылуын түсіндіру бойынша жаднамалар, инфограммалар, буклеттер, флаерлер әзірлеуді тапсырды. Мемлекеттік рәміздердің стандартқа сай болуын қадағалап, оларды ауыстыру үшін мемлекеттік тапсырыс аясында уақытылы қаражат бөлінуі қажет екенін айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Білім
23 мая 2023
Облыс әкімінің Корея Республикасына сапары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 16-17 тамыздағы Корея Республикасына жасаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайта түсті. Оның ішінде генерал Хон Бом До сүйегін тарихи отанына қайтару рәсімі Қызылорда облысы мен Корея Республикасының өңірлері арасында екіжақты байланыстардың орнауына және дамуына зор серпін берді.

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚР Корея Республикасындағы Елшілігінен облыс делегациясының Кореяға сапарын қолдайтыны туралы хаттар, биыл Корея Республикасы Тэчжон қаласының мэрінің және Чоллабук-до провинциясы губернаторының шақыру хаттары келіп түскен еді.

Осыған орай, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған облыс делегациясы 22 мамырда Корея Республикасының Сеул қаласына іссапармен барды. Делегация құрамында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Қазақстан Республикасының Кореядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б. Дүйсенбаев, облыстық мәслихат төрағасы Н.Байқадамов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Б. Кәрімова бар.

Бүгін іссапардың алғашқы күні делегация мүшелері білім және ғылым салаларында ынтымақтастық орнату үшін Шинхан университетінің президенті Канг Сонг Чонг мырзамен кездесті. Әлеуметтік ғылымдар бағыты бойынша маңдайалды ЖОО-лардың бірі – Шинхан университеті 1960 жылы құрылған.

Кездесуде Канг Сонг Чонг мырза Қызылордада университет филиалын ашуға ынталы екенін білдірді. Осы ретте алдағы 20-30 жылдықта өңірдің еңбек нарығында қандай мамандықтардың сұранысқа ие болатынын екіжақты зерттей келіп, жоғары оқу орнын ашу жоспарлануда. Осы мәселелерді әрі қарай пысықтау үшін алдағы шілде айында  Шинхан университеті президентінің Қызылордаға іссапарын ұйымдастыру көзделген. Еңбек нарығының болашақтағы бағыты зерттелгеннен кейін Шинхан университетінің филиалы қандай мамандықтар бойынша ашылатыны нақтыланады.

Аймақ басшысы білім беруге, ғылымды өркендетуге салынған инвестицияның қайтарымы келешекте айқын көрінетінін айтып, осы саладағы жобаларды қолдап келеді.

Білім
22 мая 2023
Қызылордалық талапкерлер "Серпін" жобасымен танысты

Еліміздегі 16 жоғары оқу орнының өкілдері Қызылордада "Серпін" жобасы туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде өткен жиынға облыс бойынша 500-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында оқушылар мен ата-аналар, мектеп директорларының бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасарлары бар.

"Серпін" бағдарламасы 2014 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама бойынша осы кезге дейін 30 мыңнан астам білім беру гранты тағайындалған.Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің бас сарапшысы  Әділбек Мансұров айтты.

- 2023-2024 оқу жылында талапкерлер үшін 3653 грант қарастырылған.

"Серпін" жобасы арқылы 4 даярлау бағыты бойынша білім алуға болады. Атап айтсақ, педагогикалық ғылымдар, инженерлік-техникалық, ақпараттық технологиялар, ауылшаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түсе алады. Бағдарламаға оңтүстік өңірдегі ауыл жастары қатысады. Айта кетерлігі, 2022 жылдан бастап оқу бітіргесін грант өтеу мерзімі 3 жылдан 2 жылға қысқартылды. Сондай-ақ, бұрын мамандар өзі оқыған аймақта ғана грантты жұмыспен өтейтін болса, енді 11 аймақта қызмет ете алады, - деді Әділбек Ерланұлы.

Биыл талапкерлер солтүстік өңірдегі 18 жоғарғы оқу орнына "Серпін" бағдарламасы арқылы оқуға қабылданады.

Солтүстік өңірден келген ЖОО өкілдерінің арасында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің докторанты Бағдәулет Анас та бар.

Ол 2014 жылы Түркістан облысында мектеп бітіріп, "Серпін" жобасы арқылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне оқуға түскен. Өзі білім алған оқу орнына жұмысқа орналасқан жас ғалым талапкерлерге "Серпін" жобасының тиімділігін түсіндірді.

Жиын барысында оқушылардың да пікірін білдік. Сырдария ауданы, Жетікөл ауылынан келген Сандуғаш Нұрланқызы  солтүстік өңірдегі университеттер туралы кеңінен ақпарат алғанын айтты.

- Біз үшін оқу орнының білім берудегі сапасы өте маңызды. Өзім қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын таңдаудамын. Алдағы уақытта "Серпін" жобасы арқылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетіне түскім келеді, - деді №174 орта мектептің 11-сынып оқушысы Сандуғаш Нұрланқызы.

Көлік инфрақұрылымы
22 мая 2023
№10 бағыт жаңа автобустармен толықты

КБИ мөлтек ауданың қала орталығымен жалғайтын қалаішілік №10 бағыт жаңғыртылып халыққа 2023 жылдың 22 мамырынан бастап қызмет көрсетеді.

Аймақ басшысының қолдауымен алынған жаңа автобустар халық игілігіне жұмыс жасауда. Солардын бірі КБИ мөлтек ауданы тұрғындары үшін қала орталығына қатынауына ынғайлы жағдайлар жасай отырып №10 бағыт іске қосылды. Қоғамдық көлікте мүгедектігі бар жандарға арналған пандус бар. Автобус салоны жолаушылардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау камерасымен, жылыту және салқындатқыш, GPS қондырғысымен жабдықталған.

Аталмыш бағыт бұрынғы жол сызбасымен жүретін болады.

2023 жылдын аяғына дейін облыс орталығы тұрғындарымен қала қонақтарына сапалы қызмет көрсету мақсатында қосымша 150 дана үлкен сыйымлықтағы автобустар сатып алынып, қала ішілік бағыттарды толықтай қамту жоспарланған.

Айта кетейік, бүгінде серіктестік - №1, 3, 11, 12, 14, 15, 17, 18, 19, 20, 22, 25, 28, 29, 30, 31 қала ішілік бағыттары және "Ягодка", "ПМК - 29" бен "Қараөзек" саяжайлары бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруда. Осыған №10 бағыт қосылды.

Көлік инфрақұрылымы
22 мая 2023
Автобустарда жылжымалы электронды кітапханалар іске қосылды

«Қызылорда» автобус паркі» ЖШС «KitapAl» кітап дүкенімен бірлесе отырып халықтың көркем әдебиетті оқуға баулу мақсатында қаланың қоғамдық көліктерінде алғаш рет жылжымалы электронды кітапханаларын іске қосты.

Қазіргі таңда электронды кітапханалар «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-не қарасты қоғамдық көліктерінде орнатылған. Кітап оқу үшін жолаушылардың смартфондары ғаламтор желісіне қосулы болса болғаны.

QR кодтары бойынша кітап оқу опциясы 16 бағыт (№1, 3, 11, 12, 14, 15, 17, 18, 19, 20, 22, 25, 28, 29, 30, 31) бойынша жолаушыларды тасымалдайтын автобус салондарында қолжетімді.

Мұнда қазақ, шетелдік классиктердін шығармалары және психологиялық, тұлғалық даму бағытындағы кітаптар жолаушылар үшін қолжетімді.

Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар», Д.Қонаевтың «Ақиқаттан аттауға болмайды», М.Мақатаевтын «Өмір өзен», Л.Кинның «Как разговаривать с кем угодно когда угодно и где угодно», П.Уоллейстын «Интернет психологиясы», П.Коэльоның «Алхимик», Д.Кахоның «Түйсігіңмен ойла», «Мың бір түн» шығармалары.

Алдағы уақытта кітаптар тізбесі жаңартылып отырады.

Мәдениет
19 мая 2023
Облыс әкімі Мүсірәлі мен Бақытжан Шөкеновтерді қабылдады

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әнші, композитор Батырхан Шөкеновтің бауырлары Мүсірәлі мен Бақытжан Шөкеновтерді қабылдады. Олар аймақ басшысына жаңадан жарық көрген әндер жинағын, ҚР Ұлттық банкі шығарған  «Батырхан Шөкенов» коллекциялық монетасын және әнші туралы жарық көрген сұхбаттар мен мақалалар жинақталған кітапты табыстады.

Өз кезегінде, Нұрлыбек Машбекұлы Батырхан Шөкеновтің есімі еліміздің өнер тарихына алтын әріппен жазылғанын, туған жерінде оның жарқын бейнесі, көңіл сырын дөп басатын әндері ешқашан ұмытылмайтынын айтты.

Айта кетейік,18 мамыр – Батырхан Шөкеновтің туған күні. Осы күні Б.Шөкенов атындағы саябақта еске алу іс-шарасы өткізіліп, композитор ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Еске салсақ, 2018 жылы 18 мамыр күні Қызылордада Батырхан Шөкеновтің ескерткіші ашылды. Алматы қаласының Бостандық ауданында әнші атымен аталған көше бар. Өткен жылы ҚР Ұлттық банкі Батырхан Шөкеновтің құрметіне арнайы естелік монетасын шығарды.

 

19 мая 2023
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы тағайындалды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысында жаңа тағайындау туралы хабарлады.

Қордабай Нұрғали Рахымшаұлы Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы лауазымына тағайындалды.

«Нұрғали Рахымшаұлы Сіздерге жақсы таныс, мемлекеттік қызметтің түрлі сатысынан өтіп, лауазымды қызметтер атқарған тәжірибелі, іскер басшы. Әр жылдары мемлекеттік кірістер органдарында жетекші маманнан бастап, басқарма басшысы, департамент басшысының орынбасары болып абыройлы қызмет атқарды. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер көлемінің артуына өзіндік үлесін қосты. Нұрғали Рахымшаұлының жаңа қызметіне сәттілік, ел мүддесі жолындағы еңбегіне табыс тілеймін», – деді аймақ басшысы.

Н.Қордабай 1976 жылы туған. Қызылорда политехникалық институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит», Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Құқық» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы «Дәнекер» АҚ бухгалтері ретінде бастаған. 1999-2015 жылдары Қызылорда облысының салық органдарында жауапты басшылық қызметтер атқарған. 2015-2016 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің кеңесшісі. 2016-2018 жылдары Қызылорда облысының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап экономика және қаржы басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

19 мая 2023
Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының басшысы тағайындалды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі негізінде, облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының басшысы лауазымына Мүбараков Қамбарбек Амангелдіұлы тағайындалғанын хабарлады.

Аймақ басшысы Қамбарбек Амангелдіұлын құттықтап, жаңа қызметінде сәттілік тіледі.

«Қамбарбек Амангелдіұлы – аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалымен етене таныс, мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өтіп, басқарушылық лауазымдарда мол тәжірибе жинаған әлеуеті жоғары кадр. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басым бағыттары мен стратегиялық мақсаттарын айқындауда экономика және қаржы басқармасының орны ерекше. Осы ретте бюджеттің әр тиынының мақсатқа сай жұмсалуын, сапалы игерілуін қамтамасыз етіп, барлық көрсеткіштер бойынша алдыңғы қатардан көрінеді деп сенім білдіреміз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Жаңадан тағайындалған басқарма басшысын облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев пен Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мақсұт Нәлібаев құттықтады.

Қамбарбек Мүбараков 1973 жылы дүниеге келген. Қызылорда политехникалық институтын «Агроөнеркәсіп кешені саласындағы экономика және менеджмент», Қызылорда гуманитарлық университетін «Заңтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Өзгент совхозындағы орталық қырманның слесарі болып бастаған.1997-2009 жылдары салық органдарында түрлі деңгейдегі  басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 2009-2018 жылдары Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы. 2019-2022 жылдары Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Шиелі ауданының әкімі, Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының төрағасы болған.

2022 жылдың қараша айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Социальные сети
Telegram
YouTube
Facebook
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы