Лого
Меню
Страницы
Қызметі
Құжаттар
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Байланыс ақпарат
Қызметі
Байланыс ақпарат
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Все материалы
27 ноября 2024
Инвестиция тарту мәселесі талқыланды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен инвестиция тарту, ауқымды жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланған мәжіліс өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, жауапты сала басшылары, бизнес қауымдастық өкілдері қатысты.
Аймақ басшысы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, нақты міндеттер жүктеді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аймаққа инвестиция тартуда бірқатар жұмыс жүргізілуде. Инвестициялық ахуалды жақсарту үшін халықаралық, өңіраралық көлік жолдарын реконструкциялау және салу, заманауи жылу-электр станциясы сияқты ауқымды жобалар бар.
Жақында халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетін жаңа әуежай терминалы жұмысын бастады. Өнеркәсібі және технологиясы дамыған елдермен ынтымақтастық орнатуымыз қажет. Ол үшін өңірді өркендетудің басым бағыттарын анықтадық. Атап айтсақ, ауыл шаруашылығында күрішті терең өңдеу, су үнемдеу технологияларын енгізу, бақша дақылдарын, балық өңдеу, түрлі кеспелер, сүт өнімдері, томат пастасын жасау. Құрылыс индустриясында қажетті материалдар мен түсқағаздар, санитарлық-техникалық бұйымдар шығару. Жеңіл өнеркәсіпте мал терісін терең өңдеу, тоқыма бұйымдарын, арнайы киімдер тігу және тағы басқа өндіріс орындары, мұнай-газ саласына қондырғылар мен құбырлар жасау.
Өңірдегі 14 мұнай компаниясы биылғы 10 айда 12,5 млрд. теңгеге өндіріске қажетті түрлі тауарлар сатып алған. Осы өндірістерді облыс аумағында орналастыруға барлық мүмкіндігіміз бар», – деді Н. Нәлібаев.
Облыста жаңа инвестициялық жобаларды орналастыруға арналған, жалпы ауданы 300 гектардан асатын, дайын инфрақұрылымы бар 6 индустриялық аймақ жұмыс жасайды.
Аймақ басшысы қолданыстағы заңнама аясында жер телімін беруге, басқа да қолдау көрсетуге, жобаларды сүйемелдеуге әрқашан дайын екенін атап өтті.

26 ноября 2024
Жұмыс бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуі тиіс

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтағы «Руханият орталықтары» мен физика-математика мектеп-интернаты құрылыстарына қатысты арнайы жиын өткізіп, жауапты сала басшылары мен аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма берді.
Қазір барлық ауданда облыстық бюджет есебінен «Руханият орталықтары», Қызылорда қаласында «Білімді қолдау қоры» есебінен дарынды балаларға арналған 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық физика-математика бағытындағы мектеп-интернат құрылысы жүргізілуде.
Облыс әкімі аталған нысандардағы жұмыс бекітілген жобаға сәйкес жүргізілуі керек екенін атап өтіп, сапаға баса мән беруді тапсырды.
«Өздеріңізге белгілі, «Руханият орталықтарына» кітапхана, музей, архив, неке қию залы, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі орналасады. Ғимараттардың ішкі әрлеуі, қабырға және еден кафельдері, сыртқы абаттандыруы, асфальт және брусчаткасы сапалы әрі көрнекі болуы қажет.
Өткен аптада мектеп-интернат құрылысымен таныстым. Бұдан бұрын нысанды жыл соңына дейін аяқтауды тапсырғанмын. Тиісті қаржы уақытылы әрі кедергісіз бөлінгенімен, құрылыс баяу жүруде. Құрал-жабдықтар, ғимаратқа қойылатын жиһаздар, жалпы айтқанда барлығы сапалы болуы керек.
Тиісті басқарма басшылары, қала және аудан әкімдіктері, құрылыстың мерзімінде аяқталуын әрі сапалы салынуын қатаң бақылауға алыңыздар»,– деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Аймақ басшысы барлық құрылыс алаңдарындағы жұмыс барысын бірінші басшылар үнемі бақылауда ұстауы керек екенін айтты.

Спорт
26 ноября 2024
Үйірмелер мен спорттық секцияларды қаржыландыру мәселесі қаралды

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді, спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру, атаулы әлеуметтік көмек мәселесіне қатысты арнайы жиын өткізіп, жауапты сала басшыларына, аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма берді.
«Балалардың шығармашылық үйірмелерге,спорттық секцияларға нақты қатысуын ата-аналар растаған ақпаратты негізге алып, тиісті шара қабылдаңыздар. Барлық кәсіпкерлер Face ID мобильді қосымшасымен қамтамасыз етілсін. Атаулы көмек алушылар қатарында шынайы табысын жасырып, жалған ақпарат ұсынғандар түрлі әрекетке баруда. Бұл көмек тек шын мұқтаж отбасыларға ғана берілуі қажет. Осыған орай, жыл соңына дейін белгіленген жоспарды орындауды, негізсіз көмек алғандардың қаржысын мемлекетке қайтаруды тапсырамын», – деді Н.Нәлібаев.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде 2021 жылдан бері балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді, спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру бағдарламасы қолға алынды. Биыл шығармашылық тапсырыс аясында қаралған қаржыдан 600,0 млн.теңге бюджетке кері қайтарылды.
Жалпы облыс бойынша 40 мәдениет үйі мен клубты, 15 мектеп, 1 университет корпусын кәсіпкерлер үйірме жұмысын жүргізу үшін жалға алған.
Алдағы уақытта арнайы комиссия құрылып, қаладағы, аудандардағы барлық үйірмелердің жұмысы толық тексеріледі.

ТКШ
23 ноября 2024
Қызылорда облысында газ желісіне қосылған ауылдар саны артты

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Сырдария ауданының А.Тоқмағанбетов, С.Сейфуллин ауылдарын газ желісіне қосу рәсімі өтті.
Аймақ басшысы ауыл тұрғындарын көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтады.
«Сырдария ауданының ынтымағы мен бірлігі жарасқан Сәкен Сейфуллин, Асқар Тоқмағанбетов атындағы ауылдары «көгілдір отынға» қосылуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Аса маңызды мәселелердің бірі – ауылды кешенді түрде жетілдіру. Ауылдарға нақты қолдау көрсетіп, заманауи инфрақұрылымды дамытуымыз керек» деп атап өтті.
Бүгінде өңір тұрғындарын газбен қамту көрсеткіші 75 пайыз, биыл 30 млрд. теңгеден астам қаржыға 306 шақырым газ желілері тартылуда. Осы жобалардың арқасында аймақ халқының 78 пайызы «көгілдір отынмен» қамтылады. Келесі жылы 10-нан астам елді мекенді газдандыру жоспарланған. Осындай игілікті істер ауыл тіршілігінің тамырына қан жүгіртіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға жол ашады.
Өткен жылы Сырдария ауданының бюджеті 12 млрд. теңге болса, қазіргі таңда 16 млрд. 108 млн. теңгеге жетті, 33 пайызға өсім бар. Бұл қаржы аудан халқының өзекті мәселелерін шешуге бағытталуда.
Бүгін ауыл халқы от жағып, күл шығару бейнетінен арылып, шынайы қуанышқа бөленуде. «Көгілдір отыннан» тараған жылу барлық үйді бақыт пен шаттыққа кенелтсін!», – деді Н.Нәлібаев.
Іс-шараларда ел ағалары Сұлтанбек Тәуіпбаев пен Әбдіғаппар Әмірғалиев құттықтау лебіздерін жеткізіп, батасын берді. Ауылдың өсіп-өркендеуі жолында қажырлы қызмет еткен сала мамандары мен ардагерлерге облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Газ қосу рәсімінен кейін аймақ басшысы екі ауылдың тұрғындармен кездесіп, атқарылған жұмыстар, алдағы бағыт-бағдар туралы айтты. Әсіресе, қолға алынған инфрақұрылымдық жобаларға, әр саладағы жаңашылдықтарға тоқталды, кездесуге келушілердің ой-пікірлерін тыңдады.

 

Ауыл шаруашылығы
22 ноября 2024
Ауыл шаруашылығы саласының ардагерлеріне құрмет көрсетті

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, академик Құрманбек Бәкірұлын және Ауыл шаруашылығы саласының үздігі Керімхан Егізбаевты мерейтойымен құттықтады.
«Бүгін ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының академигі, жетекші селекционер, Шиелі ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Құрманбек Бәкірұлының 80 жас, сала үздігі, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Керімхан Егізбайұлының 75 жас мерейтойына арналған жиында бас қостық. Құрманбек Бәкірұлы мен Керімхан Егізбайұлы – ауыл шаруашылығы саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан өз ісінің білікті мамандары.
Жуырда Астана қаласында өткен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында Президентіміз: «Қазір жаһандық азық-түлік нарығында бәсеке күшейіп келеді. Оған төтеп беру үшін ғылымды дамытуға баса мән беру керек. Соның ішінде тұқым шаруашылығын жандандыру – стратегиялық міндеттің бірі» деген болатын. Бұл ретте, өңірдегі тұқым шаруашылығын дамытуға зор үлес қосқан Құрманбек Бәкірұлы мен Керімхан Егізбайұлының еңбегін ерекше атап өтуіміз қажет»,– деді аймақ басшысы.
Құрманбек Бәкірұлы 1944 жылы Шиелi ауданының Бала би ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтында білім алып, 1967 жылдан бері Ыбырай Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында еңбек етуде. Ғалым Қазақстанда бірінші болып күріш мутагенезімен айналысты. Осы әдіспен күріштің 130 түрін шығарды. Ақ күріштің бірнеше сортының, оның ішінде «Маржан» және ерте пісетін «Ару» сортының негізгі авторы атанды. 160-тан астам ғылыми еңбек жазды.
Қазіргі таңда Ресейдің ядролық зерттеулер институтымен бірлесіп күріштің тұзға, қуаңшылыққа төзімді формаларын алу бойынша жұмыс жасауда. Ол 1997 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік ғылыми стипендиясын иеленді.
Керімхан Егізбайұлы 1949 жылы Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін, еңбек жолын 1977 жылы туған жерінде бастаған. 1994 жылдан бері «Агротехнология» ғылыми-өндірістік шаруашылығын құрып, ғылым мен өндірісті ұштастырып еңбек етіп келеді. Күріштің «Авангард» сортын, «Венгрия» жүгерісін, Польшадан шыққан гибридтерді, өзбектің ақ жүгерісін, жоңышқаның жетісулық жергілікті сорттарын аудандастырып, егу тәсілін меңгерді. Мұны дүние жүзінде бірінші болып ғылыми зерттеп, дәлелдеп, өндіріске енгізді. Қазіргі таңда бұл әдісті әлемдегі күріш егетін елдің барлығы пайдаланады.
Мал шаруашылығында америкалық «Санта-Гертруда» асылтұқымды ірі қараны алғаш рет облысқа жерсіндіріп, оның басын 400-ге жеткізді. Күріштің «Айкерім» жаңа сортының авторы, күздік бидай, арпаның жаңа сорттарының қосымша авторы атанды.
Актив отырысында Құрманбек Бәкірұлына және Керімхан Егізбайұлына Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды. Қазақстанның Еңбек Ері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Абзал Ералиев ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғалиолла Мейірман мерейтой иелерін құттықтады.

21 ноября 2024
«Қыс-2024» республикалық штабтық оқу-жаттығуы басталды

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Қыс-2024» республикалық штабтық оқу-жаттығуы өтті.
Жаттығудың республикалық штабы Көкшетау қаласында орналасқан.
Оқу-жаттығу осы жылдың 21-22 қарашасы аралығында азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың қысқы кезеңде төтенше жағдайларды жоюға дайындығын, қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының төтенше жағдайға ден қою әзірлігін тексеру мақсатында өткізіледі.
Командалық-штабтық жаттығулар, авариялық құтқару қызметтерінің және азаматтық қорғау құрылымдарының практикалық іс-қимылдары пысықталады. Саптық қарауға азаматтық қорғау, авариялық-құтқару құтқару қызметтерінен 49 техника, 119 қызметкер қатысады. Оқу-жаттығу барысында электр сиреналары іске қосылып, құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізіледі.

 

20 ноября 2024
Қызылорда облысында алғашқы «Жайлы мектеп» ашылды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты.
«Өткен жылдан бері облыста 1 мың 720 орындық 6 мектеп,1 мың 850 орындық 4 мектепте қосымша ғимарат салынып, ел игілігіне табысталды. 2024 жылы жаңадан 3 мектеп, 5 мектепке қосымша құрылыс салынып, пайдалануға берілді.«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің алғашқылардың бірі болып 900 оқушыға арналған білім ордасы облыс орталығындағы жаңа шағын ауданнан ашылды» - деді Н.Нәлібаев.
Айта кетейік, Қызылорда қаласындағы сол жағалауда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен бой көтерген 21 мектептің алғашқысы шәкірттерді қабылдады. Қазіргі таңда 6000 орындық 9 мектептің құрылысы қарқынды жүруде. «Білім беру инфрақұрылымын қолдау» қоры арқылы құны 8 млрд. 400 млн. теңге болатын дарынды балаларға арналған 400 орындық физика-математика мектеп-интернаты салынуда. Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен инновациялық шығармашылық орталығының құрылысы жүргізілуде.
Мұнан бөлек, биыл «Қазгермұнай» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында 2,5 млрд. теңгеге заманауи үлгідегі 350 орындық «Оқушылар сарайы» пайдалануға берілді. «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен 4,8 млрд. теңгеге музыкалық колледждің жаңа ғимараты салынуда. Нысан 2025 жылы аяқталады.

Көлік инфрақұрылымы
20 ноября 2024
Қызылордада «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалы халықаралық талаптарға сай

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.
Терминалға «Болат Өтемұратов қоры» әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде 16 млрд 600 млн теңге инвестиция салды. Әуежайдың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымына, автожол салуға, аумағын абаттандыруға, жарықтандыруға жергілікті бюджеттен 4 млрд. 300 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Халықаралық талаптарға сай келетін жаңа нысанда ішкі және халықаралық рейстерге, транзиттік жолаушыларға арналған, CIP залдары, жүкті автоматты түрде беру жүйесі, «Duty Free» аймағы, сауда нүктелері, медпункт, кафе, ғибадат ету, жүк сақтау, ана мен бала бөлмелері бар. Екі қабатты ғимаратта сағатына 250 жолаушыға 10 төлқұжат бақылау кабинасы арқылы қызмет көрсетіледі.
Айта кетейік, «Қорқыт Ата әуежайы» соңғы 9 айда жолаушылар мен жүк тасымалында жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Қаңтар-қыркүйек айларында әуежайда 264 506 жолаушыға қызмет көрсетіліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға артқан. Сонымен қатар, осы уақыт аралығында рейстер саны 1420-ға жеткен. Бұл «Қорқыт Ата әуежайы» көрсеткіштерінің тұрақты өсімін және әуе тасымалының жоғары белсенділігін растайды.

Құрылыс
20 ноября 2024
Сыр өңірінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев хабарлады.
«Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауының арқасында осы жылдың 9 айында құрылыс жұмыстары көлемінің көрсеткіші 173 млрд. 830 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 143,6 пайызға өсім қалыптасты Жалпы, соңғы 2 жылда Қызылорда облысында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде», деді – аймақ басшысы.
«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында қаржыландырудың барлық көзінен 864 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Биыл бюджеттен тұрғын үй құрылысына және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 39,1 млрд теңге қаралып, жыл қорытындысымен 2,5 мыңнан аса пәтер пайдалануға беріледі.
Ұлттық жоба аясында 1 мың 154 пәтерлік 21 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Әлеуметтік жағынан осал топтар үшін 1 мың 819 пәтер, апатты үйлер орнына 135 пәтер сатып алу жоспарланған. Бүгінде аталған топтарға 780 пәтер сатып алынды. Соңғы екі жылда 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілді.
Тұрғын үй құрылысының көлемі 126 пайызға өсті, 2022 жылы 683 мың шаршы метрден 2023 жылы 741 мың шаршы метрге жетсе, жыл соңына дейін 864 мың шаршы метрге ұлғайту жоспарланған.
Құрылыс саласында биыл 189 жобаны жүзеге асыруға 134,8 млрд. тг. бөлінді. Оның ішінде, 36 білім беру, 22 денсаулық сақтау, 13 мәдениет, 14 спорт, 1 қоғамдық тәртіп, 1 жұмылдыру дайындығы, 3 мемлекеттік орган ғимараты, 1 154 пәтерлік 21 тұрғын үй құрылысы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту бойынша 85 жоба бар.
Жыл басынан бері Қызылорда қаласында «Өнер орталығы», «Қан орталығы», «Үстел теннисі орталығы», «Оқушылар сарайы» және сол жағалаудағы 900 орындық «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді. Жаңа стадион, «Инновациялық- шығармашылық орталық», музыкалық колледж ғимараты құрылысы басталды. Барлық ауданда музей, кітапхана, архив, неке қию залы, ардагерлер және аналар, жастар орталықтары, азаматтық қоғам өкілдері мен тарихи-мәдени, рухани ұйымдарды біріктіретін типтік үлгідегі «Руханият орталықтары», 9 дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, Жаңақорған ауданының Төменарық ауылында, Арал ауданының Сексеуіл кентінде аурухана, Жаңақорған кентінде «Оқушылар үйі» және 3 жайлы мектеп пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар, биыл демеушілер есебінен 17 нысанның жоба-сметалық құжаттамасы әзірленді.

ТКШ
20 ноября 2024
Қызылордада инвестор қаржысына жаңа жылу-электр орталығы салынуда

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.
Мемлекет басшысының еліміздегі жылу-электр орталықтарының жұмысын жандандыру тапсырмасына сәйкес Сыр елінде ірі жоба жүзеге асуда. Қызылорда қаласында 215 млрд.теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығының құрылысы қарқынды жүруде.
«Президентіміздің тікелей қолдауымен бүгінде инвестор – «Акса Энерджи» түрік компаниясы жылу орталығының құрылысына 127 млрд.теңге инвестиция салды. Орталық келер жылдың қыркүйек айында ел игілігіне табысталады. Құрылыс барысы Мемлекет басшысы мен Үкіметтің тікелей бақылауында. Жаңа жылу-электр станциясы – тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына бой көтерген ең ауқымды, теңдессіз жоба», - деді аймақ басшысы.
Жаңа нысан пайдалануға берілгеннен кейін 773 қызметкер озық технологиялармен жабдықталған заманауи ғимаратта жұмыс істейтін болады.
Тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында 11 млрд. теңгеге 38 жоба жүзеге асырылуда.

Социальные сети
Telegram
YouTube
Facebook
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты