Лого
Меню
Страницы
Қызметі
Құжаттар
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Байланыс ақпарат
Қызметі
Байланыс ақпарат
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Все материалы
29 января 2025
Облыстағы құрылыс қарқыны жоғары

Қызылорда облысында құрылыс жұмыстары республикалық орта көрсеткіштен 41 пайызға жоғары деңгейде жүзеге асырылуда. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәлім етті.
Тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға 2 500-ден астам пәтер табысталды. Аймақта жаңа әлеуметтік нысандар бой көтеруде. 2024 жылы 69 жаңа ғимарат салынып, бүгінде 25 білім, 16 денсаулық сақтау, 11 мәдениет, 17 спорт нысаны ел игілігіне қызмет етуде. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 21 мектеп салу жоспарланған. Бүгінде 5 білім ордасы пайдалануға берілді, 5 мектеп жаңа оқу жылына дейін табысталады. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 28 нысан салынды.
Облыстың барлық ауылындағы денсаулық сақтау мекемелеріне 245 жаңа санитарлық көлік алынып, жедел жәрдем мәселесі толық шешілді. Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоры өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуға 4 млрд. теңге қаржы бөлді. Бұл қаржыға Арал, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласында «Қамқорлық» оңалту орталықтары ашылды. Мұнан бөлек, қордың 1 млрд. 100 млн. теңге қаржысына скрининг жүргізуге арналған жылжымалы кешен алынып, ауыл тұрғындарына үздіксіз медициналық қызмет көрсетуде.
Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 50 млрд. теңгеге жуық қаржыға облыс орталығы мен аудандарда жаңа ғимараттар, парктер, ойын алаңдары салынып, мемлекет теңгеріміне өтті.

29 января 2025
Инфрақұрылымды жаңғырту жобалары халықтың өмір сапасын арттыруға оң ықпал етті

Аймақта экономиканың өсімін қамтамасыз етумен қатар, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше басымдық берілуде. Өңір тұрғындарының сапалы ауыз су пайдалану көрсеткіші – 98,6 пайыз. Биыл барлық елді мекенге сапалы ауыз су 100 пайыз жеткізіледі. Газбен қамту деңгейі 78 пайыз, алдағы меже – 83 пайызға дейін арттыру.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.
Жылумен қамту нысандары мен желілерін жаңғыртуға былтыр 12 млрд. теңге қаржы бөлініп, дайындық жұмыстары уақытылы жүргізілді. Соның арқасында жылу беру маусымы штаттық режимде өтуде.
Жол инфрақұрылымына қатысты да оң өзгерістер бар. Өңірдегі жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайызға жетті, биыл тағы 329 шақырым жол жөнделіп, бұл көрсеткіш 95 пайыздан асады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауымен «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалы салынып, іске қосылды. Сонымен қатар, заманауи үлгідегі автовокзал ғимараты пайдалануға беріліп, теміржол вокзалы қайта жаңғыртылды. Қоғамдық көлік мәселесі де толық шешілді, оған қоса 100 электромобиль тұрғындарға экотакси қызметін көрсетуде.

29 января 2025
Облыс орталығы ыстық сумен қамтамасыз етіледі

Қызылорда қаласын ыстық сумен қамтамасыз ету жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Бүгінде 187 үй ыстық суға қосылды. Келесі жылу беру маусымына дейін облыс орталығының көпқабатты тұрғын үйлерінің барлығына ыстық су беріледі.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.
Мемлекет басшысының қолдауымен аймақта маңызды жобалар жүзеге асуда. Түркиялық инвестор «Акса Энерджи» компаниясы қолға алған қуаты 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығы құрылысының 70 пайызы аяқталды. Нысан қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Жаңа станция облыс орталығын жылумен, аймақты электр энергиясымен толық қамтамасыз етеді. Өндірілген электр энергиясының артылған бөлігін өзге өңірлерге сатуға мүмкіндік береді.
«Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары 2022 жылы бастау алғаны белгілі. Республикалық маңызы бар жолдың облыс аумағындағы 216 шақырымының 151 шақырымы пайдалануға берілді. Жоба биыл толық аяқталады.
Сондай-ақ, Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі 566 шақырым жолды І санатқа ауыстыру осы жылы басталады. Қазіргі таңда, демеушілікпен 350 млн теңгеге техника-экономикалық негіздемесі әзірленді.

29 января 2025
Сыр елінің экономикасы қарқынды дамып келеді

Қызылорда облысында жыл қорытындысымен барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсімі қамтамасыз етілді.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.
«Аймақтың экономикалық өсімі 7 пайызды құрады (2023 жылы – 107,3%). Өзіңіздің, Үкіметтің қолдауымен облысымыздың бюджеті 750 млрд. теңгеден асты.
Экономиканың негізгі үлесін алатын мұнай қорының 15 жылдан астам уақыттан бергі төмендеу тенденциясын ескеріп, өңдеу өнеркәсібі мен аграрлық саланы жедел дамытумен қатар, мұнай-газ өңдеу саласын да өркендетудеміз.
Жаңа кен орындарын ашу үшін геологиялық зерттеулер жүргізіліп, мұнайдың төменгі қабаттары игерілуде. Кен орындарында 5 500 метр тереңдікке дейін (скважина) бұрғылау, дәстүрлі емес (қара тақтатас мұнай) көмірсутекті игеру басталды», – деді Н.Нәлібаев.
Өңірде негізгі капиталға 640 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім 21,7 пайыз болды (республиканың орташа көрсеткішінен 14 пайызға жоғары, ҚР – 107,5%). Оның 70,5 пайызы – жеке инвестиция. Шетел инвесторларымен нәтижелі жұмыстың арқасында 9 ай қорытындысымен 171 млн. АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тартылды. Өсім – 16,6 пайыз.

29 января 2025
Қызылордада ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндама жасап, өңірдегі инвестициялық жобалар туралы айтты.
Экономиканы әртараптандыруда 2024 жылы аймақта 37 млрд. теңгенің 21 инвестициялық жобасы іске қосылды.
Негізгі капиталға 640 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім 21,7 пайызды құрады (республиканың орташа көрсеткішінен 14 пайызға жоғары, ҚР – 107,5%). Оның 70,5 пайызы – жеке инвестиция. Шетел инвесторларымен нәтижелі жұмыстың арқасында 9 ай қорытындысымен 171 млн. АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тартылып, өсім 16,6 пайызға жеткен.
2025-2029 жылдары аймақта құны 1 трлн. 900 млрд. теңге болатын 65 инвестициялық жоба іске асырылып, 8 100 жаңа жұмыс орны ашылады. Ел Президентінің тікелей қолдауының арқасында және Қатар мемлекетіне жасаған іссапары қорытындысымен өңірде 800 млрд. теңгенің, қуаттылығы 1 100 мегаваттық бу-газ қондырғысының жобасы қолға алынады. Қазіргі таңда жер беріліп, техника-экономикалық негіздемесі әзірленуде.
Биыл «Шалқия» қорғасын-мырыш кенішін қайта жаңғырту үшін құны 215 млрд. теңге болатын жаңа кен байыту комбинатының, 147 млрд. теңгеге жылына 300 мың тонна кальцийленген сода шығаратын зауыт құрылысы басталады. Сондай-ақ, 62 млрд. теңгеге қуаттылығы 201 мегаваттық 5 күн және 1 жел электр станциясы іске қосылады.
Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Қазақстан – Германия, Қазақстан – Корея форумдарында қол қойылған меморандумдарға сәйкес, 31 млрд. теңгеге «Хорн» неміс технологиясы бойынша жылына 220 млн. дана шыны бөтелке шығаратын, 19 млрд. теңгеге кореялық «With You E&C Kyzylorda» компаниясының тұрмыстық қатты қалдықтар өңдейтін зауыттарының құрылысы басталады.

27 января 2025
Ана мен бала орталығындағы жаңашылдықтарды көрді

Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов облыстық перинаталдық орталыққа барып, ана мен бала күтiмiндегі, медициналық қызмет көрсетудегі жетістіктерді, жаңадан алынған аппараттарды көрді.
Орталықтың бас дәрігерi Олег Ким жұмыс тиімділігін арттыру бағытындағы бастамаларды атап өтті.
Айта кету керек, өткен жылы орталықтың материалдық- техникалық базасын нығайтуда 283 млн.теңгеге 1 УДЗ аппараты, 2 өкпені жасанды желдету, 1 анестезиялық-тыныс алу аппараты, 3 операциялық шам, медициналық техникалар және "Voluson E10" эксперт класты медициналық- ультрадыбыстық зерттеу аппараты алынған. Сондай-ақ, мекемеге 49,0 млн.теңгенің 2 санитарлық автокөлігі берілді.
Тағы бiр айта кетерлiгi, облыс әкімдігінің қолдауымен өткен жылы облыстық перинаталдық орталық мамандары Мәскеу және Стамбул қалаларында тағылымдамадан өтті.
«Неонатальды хирургия» және «Госпитальды фармация» бөлімдері ашылып, «Бір күндік клиника» пилоттық жобасы іске қосылды.
Орталықтағы жаңашылдықтармен танысқан Данияр Еренғалиұлы ана мен бала денсаулығын жақсарту бағытындағы жұмыстарға сәттiлiк тiледi.
Жаңадан іске қосылған аппараттар мен қолға алынған бастамалар пациенттердің медициналық қызметке қолжетімділігін айтарлықтай жақсартатын болады.

27 января 2025
Сыр елінде «Әлемнің әміршісі – еңбек» атты облыстық әйелдер форумы өтті

Шиелі ауданындағы жаңадан ашылған «Руханият орталығында» Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтарының жылына» орай «Әлемнің әміршісі – еңбек» атты облыстық әйелдер форумы өтті.
Форумға облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова, іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Манат Алмашева, зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлер және түрлі салада еңбек ететін жұмысшы әйелдер қатысты.
Басқосуды жүргізген Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков Мемлекет басшысының Сыр өңірін ерекше қолдауының арқасында аймақта атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, облыс әкімінің бастамасымен соңғы жылдары салынған әлеуметтік нысандарды, қолға алынған ауқымды шараларды атап өтті.
Атаулы жылға орай ұйымдастырылған іс-шараға «Хабар 24» республикалық телеарнасындағы «Дархан дала» бағдарламасының түсіру тобы арнайы келіп, Сыр елінде атқарылған жұмыстармен танысты.
Еске салайық, өткен жылы өңірдегі «Руханият жылы» аясында барлық 7 ауданда ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі бар «Руханият орталықтары» бой көтеріп, бірқатары ел игілігіне табысталды.
«Анаға тағзым», «Отбасы орталығы», 1000 орындық көпфункционалды «Өнер орталығы» салынып, жаңадан симфония оркестрі, инклюзивті театр, жастар театры, заманауи би, хор ұжымдары жасақталды. Сыр мәдениетінің негізгі бренді – жыраулық дәстүр өкілдерінің «Жыраулар үйі» ашылды. Облыстық тарихи-өлкетану музейі, «Шығармашылық академиясы» салынуда.
«Анаға тағзым» орталығы – аймақ басшысының бастамасымен қала орталығында бой көтерген ұлттық және заманауи үлгідегі мәдени-әлеуметтік нысан, Сыр елінің арулары мен ақжаулықты аналары бас қосатын құтты мекен.
Халқымыздың өткені мен бүгінін сабақтастыратын «Анаға тағзым» экспозициялық кешенінде «Қазақ елінің ұлы аналары» атты бірегей картина және ұлтымыздың тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін киіз үйдің инсталляциясы орналасқан. Сонымен қатар, «Мирас» әжелер, «Бойтұмар» қыздар, «Жас отау» жас отбасылар, «Ана тілі» дебат клубтары, психолог-медиатор кабинеті, «Береке» аспаздық, «Шамшырақ» фото-видео студиялары жұмыс жасайды. Музей, конференц, мәдени-концерттік залдары және коворкинг орталығы бар.
Өнер мен мәдениетті қолдау мақсатында салынған 1000 орындық «Өнер орталығының» филармония ұжымына берілуі сырбойылық өнерпаздарға жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Филармония жанынан құрылған 10 өнер ұжымы бар. Облыстық симфония, Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрлері, «Қорқыт сазы» қобызшылар, «Ақмешіт» фольклорлық, вокалды-аспаптық ансамбльдері, «Томирис» және «AI-ARU» би, хор ұжымдары, «Әдемі» балалар музыкалық театр студиясы өнердің түрлі бағытында жемісті еңбек етуде.
Камералық оркестрге қосымша 30 штаттық бірлік қосып, симфония оркестрін ашу туралы ұсыныс оң шешімін тапты. Облыс әкімінің қолдауымен қайта құрылған симфония оркестрінде 50 қызметкер бар, 17 өнерпаз қызметтік үймен қамтылған. Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе, Талдықорған, Байқоңыр қалаларынан 10-ға жуық өнерпаз арнайы шақыртумен келген.
Айта кетейік, “Дархан дала” бағдарламасының біздің аймаққа арналған шығарылымын 26 қаңтар күні, сағат 15.35-те және 23.00-де “Хабар 24” телеарнасынан көре аласыздар.

27 января 2025
Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасына компьютерлік томография аппараты алынды

Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасына облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес 405 млн.теңгенiң компьютерлік томография аппараты алынды. Жаңа жабдық халыққа сапалы медициналық көмек көрсету жұмысын жандандыра түспек.
Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков және Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасындағы компьютерлік томография аппараты кабинетiнiң ашылуына қатысып, ұжымға тілектестік білдірді.
Аурухананың бас дәрігерi Сұлтан Кенжебаев пациенттерге сапалы медициналық қызмет көрсету деңгейін жоғарылатудағы жұмыстарды, алдағы жоспарларды атап өтті.
Айта кету керек, өткен жылы аурухананың материалдық- техникалық базасын нығайту мақсатында 300,0 млн.теңгеге 1 сандық- маммографиялық жүйе, 1 стационарлық- цифрлық рентгендік флюорография, 10 науқас мониторы, 1ЛОР комбайн, 10 дефибрилятор, 1 анестезиялық тыныс алу аппараты, 2 функционалды керуерт сатып алынды. Оған қоса құны 98,0 млн.теңге болатын 5 санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілді.
Жаңадан іске қосылған аппараттар ауруды ерте анықтау, емдеу ісіне тың серпін беріп, қызмет сапасын жақсартады.

27 января 2025
Жылу маусымы штаттық режимде өтуде

Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдының төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуы, оның ішінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасының іске асуы және жылу маусымының өту барысы талқыланды.
Облыста жылу беру маусымы штаттық режимде өтуде, 1067 әлеуметтік нысан мен 888 көпқабатты тұрғын үй жылумен толықтайқамтамасыз етілген. Жылу-электр орталығында отын қоры, авариялық қор жасақталған. Қазір кәсіпорында 5,3 мың тонна мазут пен 193 тонна дизель отыны бар.
Барлық әлеуметтік нысанның отын қоры толық. Жылу беру маусымы қарсаңындабелгіленген, тұрғындар мен әлеуметтік нысандарға қажетті 162 мың тонна көмірдің138 мың тоннасы қоймаларға жеткізілген.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында санитарлық тазалық, абаттандыру және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында өңірлік жоспар бекітіліп, кешенді жұмыс жүргізілуде. Демеушілік есебінен және облыстық бюджеттен Қызылорда қаласындағы орталық алаң қайта жаңғыртылды, 28 ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті заманауи панельмен қапталды, 20 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары абаттандырылды. Теміржол вокзалы ғимараты мен перроны күрделі жөндеуден өтті.
Балалардың игілігі үшін 80 ойын және спорт алаңы, Жаңақорған ауданында демалыс паркі, Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылында «Еңбекшілер аллеясы» пайдалануға берілді. Қармақшы ауданы Жаңажол ауылының орталық алаңы және Жалағаш ауданы Таң ауылының көшелеріабаттандырылып, жарықтандырылды.
Облыстық бюджеттен бөлінген 800 млн. теңгеге 17 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары, 200 млн. теңгеге 14 спорт және ойын алаңы салынып, 7 балалар ойын алаңы жөндеуден өткізілді. Демеушілер есебінен 63 көпқабатты тұрғын үй мен 2 әлеуметтік нысанның қасбеті заманауи үлгіде әрленуде.
Аудандарда 320 млн. теңгеден астамқаржыға көшелер абаттандырылып, ойын алаңдары мен скверлер салынды.
Өткен жылы аймағымызда мекеме ғимараттарының қасбеті, аулалардағы балалар ойын және спорт алаңдары, көшелердегі жарықтандыру мен аялдамаларды әрлеу, сырлау, безендіруге біркелкі дизайн код бекітілді. Барлық елді мекендегі мекеме ғимараттары, аулалар, ойын алаңдары, аялдамалар, жарық бағаналары бірыңғай архитектуралық талаптарға сәйкестендірілді.
Өңірде жыл сайын «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізілуде. Соңғы екі жылда 1 млрд. 500 млн. теңге бөлініп, үздік атанған елді мекендерге 48 арнайы техника табысталды.Биыл осы бағытқа 564 млн. теңге бөлініп, 19 коммуналдық техника жеңімпаздарға табысталмақ. Өткен жылы коммуналдық салаға және абаттандыру мекемелеріне 106 арнайы техника сатып алынып, қазір ел игілігіне қызмет етуде.

27 января 2025
Автожол саласының мәселелері талқыланды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте автожол саласының мәселелері талқыланды. Оған селекторлық режимде қала, аудан әкімдері мен жауапты сала басшылары қатысты.
Аймақ басшысы автомобиль жолдарының сапасына қатысты тапсырмалар жүктеді.
«Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Атырау қаласындағы Ұлттық құрылтайдың отырысында «Автокөлік жолдары – елдің экономикалық және әлеуметтік тыныс-тіршілігінің күретамыры. Сапалы жол жалпыұлттық міндетке айналуы керек. Жолдың сапасы жақсармай, еліміздің дамуы туралы сөз қозғау мүмкін емес» деп атап айтты.
Бұған дейінгі жол саласына қатысты мәжілістерде сапаға баса мән беруді тапсырып келемін. Бұл ретте Жол активтері Ұлттық сапа орталығының рөлі ерекше. Орталық облыстағы 91 жобадан 1884 сынама алып, 138 ақауды анықтаған. Оның ішінде Қызылорда қаласындағы 31 жобадан анықталған 14 ақау бүгінгі күнге дейін қалпына келтірілмеген. Кемшілікті түзетуді шұғыл арада қолға алыңыздар.
Мердігер мекемелер құрылыс жұмыстарына заманауи техника мен технологияларды пайдаланып, сапалы әрі мерзімінде орындауы тиіс. Алдағы уақытта сапасыз жұмыс үшін мердігер мекемелермен қоса, авторлық және техникалық қадағалаушылар да жауапты болатынын ескеріңіздер.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Қызылорда қаласы және аудан әкімдері бірлесіп автомобиль жолдары мен көшелердің, реконструкциялау, жөндеу жұмыстарының сапасын қатаң бақылауға алыңыздар. Биылға межеленген жұмыстардың сапалы атқарылуын қамтамасыз етіңіздер», – деді Н.Нәлібаев.
Облыс аумағындағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 3545 шақырым, оның 1025 шақырымы – республикалық, 555 шақырымы – облыстық, 1965 шақырымы – аудандық маңызы бар автомобиль жолдары.
Былтыр 300 шақырымнан астам жол жөндеуден өтіп, жақсы жағдайдағы жолдар үлесі 92 пайызға жетті. Биыл республикалық және облыстық бюджеттен бөлініген қаржыға 329 шақырым жолдар мен көпірлерді жөндеу жоспарлануда. Бұл арқылы жақсы жағдайдағы жолдар үлесі 95 пайызға жеткізілмек.

Социальные сети
Telegram
YouTube
Facebook
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты