Лого
Меню
Страницы
Қызметі
Құжаттар
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Байланыс ақпарат
Қызметі
Байланыс ақпарат
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Все материалы
02 сентября 2025
Аймақ басшысы «Power International Holding» компаниясының Қазақстан бойынша атқарушы директорымен кездесті

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Power International Holding» компаниясының Қазақстан бойынша атқарушы директоры Амер Махасенмен кездесті.
Аймақ басшысы атқарылған жұмыстар, алдағы жоспарлар туралы айтты.
«Сыр өңіріне қош келдіңіздер! Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы мен Қатар мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни арасында қол қойылған келісімдер ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға берік негіз болды.
Энергетика және газ саласындағы жобаларды іске асыру туралы келісімдер аясында «Power International Holding» компаниясы Қызылорда облысында қуаттылығы 1 100 мегаватт болатын газ-электр станциясын салуды жоспарлауда.
Еліміздің оңтүстік өңірлерінде электр қуатының тапшылығы айқын сезіледі. Жаңа бу-газ станциясы тек біздің облыс үшін ғана емес, тұтас еліміздің энергетикалық тұрақтылығы мен экономикалық дамуы үшін үлкен маңызға ие.
Аталған жоба жаңа өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандардың іске қосылуына серпін беріп, халықтың өмір сапасын арттыруға ықпал ететініне сенімдіміз.
Қазіргі таңда облыс әкімдігі жобаны орналастыру үшін 250 гектар жер телімін беріп, тиісті келісімдер жүргізілуде.
Құрметті Амер Махасен мырза! Қызылорда облысының инвестициялық әлеуеті зор. Өңірдің басты артықшылықтарының бірі - минералды-шикізат ресурстарының мол қоры.
Облыс аумағында қара және түсті металдардың, пайдалы қазбалардың және сирек кездесетін жер элементтерінің қоры бар. Еліміздің ванадий қорының 66%-ы, мырыштың 16%-ы, қорғасынның 11% және уранның 15%-ы Қызылорда облысында орналасқан.
Мұнай қорының жыл сайынғы төмендеуін ескеріп, өңдеу өнеркәсібінде бірлескен жобаларды іске асыру үшін қолда бар ресурстарды тиімді пайдалануға мүдделіміз.
Атап айқанда, құрылыс индустриясы, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, тамақ, химия, тау-кен өнеркәсіптері.
Аймағымыздағы әлеуеті зор, құны 2,2 млрд. АҚШ долларын құрайтын 61 инвестициялық жобаның тизерлерін қарастыруды ұсынамын.
Жаңа жобаларды орналастыруға арнайы экономикалық аймақ және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген индустриялық аймақ бар», - деді Н.Нәлібаев.
Кездесуде Амер Махасен өңірдің инвестициялық әлеуеті жоғары екенін атап өтіп, алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылатынын жеткізді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен Қызылорда қаласында «Акса Энерджи» компаниясымен бірлескен, қуаты 240 МВт болатын жаңа жылу-электр орталығының құрылысы жүргізілуде. Бұл жоба электр энергиясының жүктемесін тұрақтандыруға әрі энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосады.

02 сентября 2025
«Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсы жалғасын тапты

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсының барысы, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар талқыланған жиналыс өтті. Оған қала, аудан әкімдері мен жауапты сала мамандары қатысты.
Облыс әкімінің қолдауымен елді мекендерде қолайлы орта қалыптастыру, тазалық шараларына ынталандыру мақсатында жыл сайын «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізіліп келеді.
Соңғы екі жылда облыстық бюджеттен конкурс өткізуге 1,5 млрд.теңге бөлініп, үздік атанған елді мекендерге 48 арнайы техника табысталды. Биыл конкурс жалғасын тауып, 564 млн.теңгеге 19 техника беріледі. Жеңімпаздарды анықтау үшін арнайы құрылған облыстық тәуелсіз сарапшылық комиссия отырысы өткізілуде. Конкурс «Үлгілі аудан», «Үлгілі ауыл» және «Үлгілі елді мекен» номинацияларын қамтиды.
Комиссия отырысында қатысушы елді мекендердің құжаттары қаралып, елді мекендерді аралау кестесі бекітілді. Биылғы конкурсқа 39 елді мекен (1 қала, 7 кент және 31 ауыл) қатысуда. Комиссия елді мекендерге арнайы барып, атқарылған жұмыстармен танысты. Қорытындысында жеңімпаздар анықталып, тиісті коммуналдық техникалар табысталмақ.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында өңірдің барлық елді мекенінде санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.
Тазалық шараларына 231 мыңнан астам еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты, 10 мың тоннадан (10 023) астам қоқыс қалдықтары шығарылды. Жыл басынан бері өңір климатына жерсінетін 240 700 қарағаш, терек және Сыр талының көшеті егілді.
Аймақ басшысы «Үлгілі елді мекен» конкурсы әділ әрі ашық өту керек екенін қатаң ескертіп, тазалық жұмыстарын тұрақты жүргізу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

02 сентября 2025
Тоғызыншы «Келешек мектебі» Қызылжарма ауылында ашылды

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Конституция, Білім күні мерекелері қарсаңында Қызылжарма ауылындағы «Келешек мектебінің» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, Үкімет мүшелері, барлық өңір әкімдерінің орынбасарлары, білім басқармаларының басшылары қатысты.
Облыс әкімі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде атқарылған ауқымды жұмыстарды атап өтіп, құттықтауын жеткізді.
«Өздеріңіз салтанатты ашылуының куәсі болуға жиналған №295 орта мектеп өңірдегі тоғызыншы «Келешек мектебі» болмақ. Қалған бір мектеп Ұстаздар күнінде пайдалануға беріледі.
Қызылорда қаласының Әл-Фараби мөлтек ауданы мен Қызылжарма ауылындағы халық саны соңғы жылдары бірнеше есе өсіп, мектептер үш ауысымдық оқытуға көшуге жақын қалды. Енді балаларымыз қолайлы әрі қауіпсіз, соңғы үлгідегі заманауи жабдықтармен жарақталған, кең әрі қолайлы мектепте білім алатын болады.
Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен Сыр өңірінде байыпты бастамалар қолға алынып, жасампаз жобалар жүзеге асуда. Тұрақты қолдаудың арқасында өңіріміздің білім саласы толағай табысқа жетіп келеді.
Сәулеті мен келбеті келіскен жаңа мектептер бой көтерді. Соңғы үш жылда салаға 812 млрд. 245 млн. теңге, биыл 346 млрд. 800 млн. теңге қаралды.
Қаржыландырудың барлық көзінен өткен жылы 31 млрд. 800 млн. теңгеге 13 білім беру ұйымы жаңадан ашылды.
Президентіміздің тапсырмасына сәйкес алдағы үш жылда 51 мектеп күрделі жөндеуден өтеді.
Биыл облыстық бюджеттен 2 млрд. 400 млн. теңге бөлініп, 9 мектеп қайта жаңғыртылды. Соңғы үш жылда 5 млрд. 300 млн. теңгеге 15 мектептің ғимараты күрделі жөнделді. Ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2022 жылдан бері 2 млрд. 600 млн. теңге бөлінді. Апатты жағдайдағы 7 мектептің мәселесі толық шешімін тапты.
Қайтарылған активтер есебінен 8 млрд. 200 млн. теңгеге 5 мектептің құрылысы қаржыландырылады.
Жаңа мектеп әрбір оқушының жүрегіндегі мақсаты мен арманын ұштайтын орын болсын!», - деді Н. Нәлібаев.
Басқосуда білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқан ұстаздар мен құрылысты сапалы әрі мерзімінде салған мердігер мекеме қызметкерлеріне Қызылорда облысының Құрмет грамотасы, облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Ғани Бейсембаев, Наурызбай Байқадамов құттықтауын жеткізіп, Сыр өңіріндегі бастамалар мен атқарылған істерді оң бағалады.
Айта кету керек, балалардың қосымша білім беру жүйесін дамыту мақсатында үш жылда 4 «Оқушылар үйі» мен 2 «Өнер мектебі» салынып, бүгінде зияткер жас ұрпаққа қызмет етуде.
Жақында Шиелі ауданындағы 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебі» іске қосылды.
Облыстық бюджеттен балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы салынып, мамыр айында пайдалануға берілді.
Өткен жылы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының демеушілігімен заманауи үлгідегі «Оқушылар сарайы» ашылды.
Қазір қайта жаңғыртудан өтіп жатқан Президент саябағында жыл он екі ай жұмыс істейтін 300 орындық заманауи балалар тынығу лагері, Ботаникалық білім беру орталығы (қысқы бақ) салынуда.

02 сентября 2025
«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы тағайындалды

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне Бердібаев Ерлан Құлахметұлы тағайындалды.
Е.Бердібаев Қызылорда қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1984 жылы Жаңақорған аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер инспекторы ретінде бастаған. 1986-1987 жылдары Жаңақорған аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер экономисі, 1987-1989 жылдары Жаңақорған ауданының Кеңес ауылында №239 орта мектеп мұғалімі, 1989-1992 жылдары Жаңақорған ауданының «Талап» кеңшарының аға экономисі, 1992-1996 жылдары Жаңақорған ауданы әкімшілігі жанындағы экономикалық комитеттің бөлім меңгерушісі, қаржы бақылау комитетінің аға бақылаушысы, тексерушісі қызметтерін атқарған.
1996-1998 жылдары Қызылорда облыстық қаржы комитетінде, 1998-2009 жылдары облыстық салық полициясында еңбек еткен.
2010-2014 жылдары «Болашақ-Шиелі» оқу орталығының директоры және геологиялық зерттеу экспедициясының №23 учаске бастығы лауазымдарын атқарған.
2014-2015 жылдары қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысы, 2015-2017 жылдары қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысы, 2017-2019 жылдары Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы әкімшілік -құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы болды.
2019- 2020 жылдары қала әкімінің орынбасары, 2020 жылдан осы кезге дейін Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Кызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы лауазымын атқарып келді.

29 августа 2025
Конституция күніне арналған салтанатты шара өтті

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдары мен жауапты сала басшылары, зиялы қауым өкілдері арнайы қатысты.
Аймақ басшысы Конституцияның 30 жылдығымен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ауқымды өзгерістерге тоқталды.
«Конституция – тәуелсіздігіміздің ең басты тірегі, мемлекеттігіміздің кепілі. Ата Заңды ардақтау – келешекке керуен тартқан мемлекетіміздегі әрбір азаматтың асыл парызы.
Біз осы реформалар арқылы саяси жаңғыруға, «Заң мен тәртіп» қағидатына негізделген Әділетті Қазақстанды құруға қадам басып келеміз.
«Алаштың анасы» атанған қасиетті Сыр өңірі Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен қарқынды даму жолына түсті.
Биыл облысымыздың бюджеті 823 млрд. 400 млн. теңгені құрап, 2022 жылдан бері 226 пайызға өсті.
Бұл қаражат аймағымыздағы ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталды.
Халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды ірі инфрақұрылымдық, инвестициялық жобалар қарқын алды.
Соңғы 3 жылда өңір экономикасына 1 триллион 600 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылды.
Экономиканы әртараптандыру мақсатында өткен үш жылда құны 98 млрд. 500 млн. теңгені құрайтын 45 жоба іске асырылып, 1 400 тұрақты жаңа жұмыс орны құрылды.
Биыл 631 млрд. 400 млн. теңгеден астам инвестиция тартуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде, 7 айда 351 млрд. 800 млн. теңге инвестиция тартылды. Жоспардың орындалуы бойынша Қызылорда облысы республикада бірінші орында.
2025-2028 жылдары аймақта құны 2 трлн. теңгеге жуық 89 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Биыл 302 млрд. 500 млн. теңгеге 27 жоба іске қосылады.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен Әділетті, Озық, Таза, Қауіпсіз және Қуатты Қазақстанның іргесі қалануда. Егемендігіміз баянды, Тәуелсіздігіміз мәңгілік, Ата заңымыз тұғырлы болғай!», - деді Н. Нәлібаев.
Салтанатты жиында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында еңбекте жоғары нәтижеге қол жеткізген жерлестеріміз марапат төрінен көрінді. Еңбек ардагері Кеңесбек Махамбетовке «Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағы беріліп, бірқатар азаматқа мерекелік медаль табысталды. Сонымен қатар, әртүрлі сала мамандары Қызылорда облысының Құрмет грамотасы және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Айта кетейік, аймақтың сәулеттік келбетін айшықтап, жұртшылықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қаржыландырудың барлық көзінен 2 млн. 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына, жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға 5 мыңнан астам пәтер (5148) сатып алынып, 25 мыңға жуық тұрғын қоныс тойын тойлады.
Барлық аудан орталықтарында жаңадан салынған 1500-ға жуық пәтер табысталды.
Биыл бюджеттен тұрғын үй құрылысы мен жеке салушылардан 3 800 дайын пәтерді сатып алуға 58 млрд. 785 млн. теңге бөлінді.
Көптеген әлеуметтік нысан салынып, ел игілігіне айналды.
2022 жылдан бері жаңадан 15 мәдениет нысаны, атап айтқанда, барлық 7 ауданда «Руханият орталықтары", балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы, «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен музыкалық колледждің жаңа ғимараты, облыстық тарихи-өлкетану музейі ашылды.
Ассамблеяның 30 жылдығы аясында Қызылорда қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының» қолдауымен «Достық үйінің» жаңа ғимараты бой көтеріп келеді.
Нысан алдағы қараша айында пайдалануға беріледі.
Жас ұрпақтың білім алуына қолайлы жағдай жасап, жайлы орта қалыптастыру бағытында бірқатар жұмыс атқарылуда. Қаржыландырудың барлық көзінен 13 білім беру ұйымы жаңадан ашылды.

29 августа 2025
Өңірлерден келген делегаттар Сыр елінің даму қарқынымен танысты

Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Сыр өңірінің қаражатты тиімді пайдалану тәжірибесі республикаға үлгі ретінде ұсынылған. Осыған орай, аймақта әлеуметтік салаға бөлінетін қаражатты тиімді пайдалану мәселесі талқыланған республикалық семинар-кеңес өтті. Семинарға қатысу үшін министрліктер, орталық атқарушы органдар өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, өңірлерден сала мамандары Қызылордаға жұмыс сапарымен келді.
Делегация мүшелері Қызылорда қаласындағы бірқатар әлеуметтік, мәдени және инфрақұрылымдық нысандардың жұмысымен танысты.
Алдымен қайта жаңғыртудан өткен Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылы арқылы өтіп, «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының жұмысын көрді. Ондағы жасөспірімдер талабын ұштауға бағытталған жобаларға жоғары баға берді.
«Анаға тағзым» орталығында ұлттық құндылықтарды дәріптейтін және ананы құрметтеуге үндейтін жобаларға қызығушылық танытты. Сондай-ақ, қайта жаңғыртудан өткен қалалық мәдени-демалыс паркінде болып, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізу үшін ұсынылған жаңа мүмкіндіктерді тамашалады.
Сол жағалаудағы 11 мың орындық жаңа стадион да назардан тыс қалмады. Мұнда спорт инфрақұрылымының дамуымен танысып, бұл нысан жастар және бұқаралық спортты дамытуға септігін тигізетінін атап өтті.
Одан кейін делегация облыстық тарихи-өлкетану музейінде болып, Сыр өңірінің бай тарихы және мәдени мұраларына қанықты. Өңірлерден келген қонақтар өзара тәжірибе бөлісіп, алдағы жоспарларды талқылады, атқарылған жұмыстарды жоғары бағалады.

29 августа 2025
Республикалық семинар-кеңесте әлеуметтік салаға бөлінетін қаражатты тиімді пайдалану мәселесі талқыланды

Қызылордадағы «Өнер орталығында» ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаевтың қатысуымен әлеуметтік салаға бөлінетін қаражатты тиімді пайдалану мәселесі талқыланған республикалық семинар-кеңес өтті. Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Сыр өңірінің қаражатты тиімді пайдалану тәжірибесі республикаға үлгі ретінде ұсынылған. Басқосуға аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, министрліктер, орталық атқарушы органдар өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқарма, департамент, инспекция, мекеме басшылары және қызметкерлері қатысты.
Ермек Көшербаев Мемлекет басшысының бюджет қаржысын тиімді жоспарлау, мақсатқа сай бөлу мен игеру жөнінде нақты міндеттер жүктегенін айтып, атқарылатын істерге тоқталды.
«Мемлекет әлеуметтік салаға айрықша назар аударуды жалғастыруда: республикалық бюджеттің 40%-дан астамы дәстүрлі түрде азаматтарды қолдауға бағытталады. Маңыздысы – мемлекеттік қолдау шынымен мұқтаж жандарға жетуі тиіс», – деді Ермек Көшербаев.
Іс-шара барысында Жоғары аудиторлық палата мен салалық министрліктер анықтаған әлеуметтік төлемдерді мақсатсыз пайдалану фактілері қаралды.
Мысалы, заңды негізі жоқ азаматтардың жәрдемақы алуы, жұмыссыздық және декреттік төлемдерді тағайындау кезіндегі алаяқтық жағдайлары, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаражатын стоматологиялық қызметтерге мақсатсыз пайдалану, мектептегі тамақтандыру мен атаулы әлеуметтік көмек тағайындауда жағдайы бар отбасыларға жеңілдіктер беру. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 429 мың жұмыссыз азамат тіркелген. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеуге Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорында 127 млрд теңге қарастырылған. Алайда бұл көмекті іс жүзінде мұқтаж емес адамдар да алған жағдайлар анықталған.
Семинарда Светлана Жақыпова мен Ғани Бейсембаев күн тәртібіндегі мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Облыс әкімі өңірде атқарылған жұмыстарды баяндады.
«Президентіміздің тапсырмасына сәйкес облыс бюджетін оңтайландырудың кешенді шаралары қабылданды.
«Фейс-бақылау» мобильдік қосымшасы арқылы облыс балабақшаларына жалған тіркелген 19 263 бала анықталды, яғни, «ауадағы» балалардан 28 млрд. 100 млн. теңге үнемделді.
Осы қосымша арқылы балалардың балабақшаға күнделікті келуі қадағаланды. Емхананың жалған анықтамаларын тіркеу мен негізсіз демалыс күндерін анықтау есебінен 6 млрд. 700 млн. теңге (2023 ж. – 3,0 млрд.тг., 2024 ж. – 3,7 млрд.тг.) бюджетке қайтарылды. Балабақшалардағы мемлекеттік тапсырыс көлемін айқындау функциясы жергілікті атқарушы органдарға берілген соң,
бір балаға арналған қаржының орташа көлемі қайта есептеліп бекітілді. Осылайша 6 млрд. 300 млн. теңге бюджет қазынасында қалды.
Соңғы үш жылда мектепке дейінгі ұйымдарға бөлінген 41 млрд. 100 млн. теңгенің мақсатсыз жұмсалуына жол берілмеді.
2023 жылдан бері облыстық бюджет есебінен 5 млрд. 700 млн. теңгеге 9 мектепке 2900 орындық қосымша ғимараттар салынып,
үш ауысымдық мектептер мәселесі түбегейлі шешімін тапты, бұл бастама жаңа мектепке қажеттілік туындатқан жоқ, 5 млрд. теңгеге жуық бюджет қаражатын үнемдедік.
Биылғы наурыз айынан «Арт спорт» бағдарламасына енгізілген адамның жеке басын анықтайтын «Фейс айди» биометриялық технологиясы арқылы ақпараттық жүйедегі ай сайынғы есептік табельдер тексерілді. Өткен жылмен салыстырғанда ай сайынғы төленетін қаржы 70 пайызға үнемделіп, 2023-2025 жылдары бөлінген 13 млрд. 31 млн. теңге бюджетке қайтарылды.
Оған қоса жаңадан құрылған 19 848 жұмыс орнының шынайылығы зерделенді. Талапты бұзған жұмыс берушілермен келісімшарттар мерзімінен бұрын тоқтатылды, 614 млн. 400 мың. теңгенің мақсатсыз жұмсалуының жолы кесілді.
Заңсыз төленген 39 жағдай анықталып, 16 млн. 400 мың теңге қаржы бюджетке кері қайтарылды. Салық есептілігін «нөлдік табыспен» тапсырған жеке кәсіпкерлер мен ұйымдарға талдау жасалып, субсидияланатын жұмыс орындарын құрған 151 кәсіпкерлік субъектісімен келісімшарт тоқтатылды.
Республикалық семинар-кеңесте айтылған әрбір тың идея мен мазмұнды ұсыныс-пікірлер алдағы жұмыс барысында тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», - деді Н.Нәлібаев.
Жиында жаңа бизнес идеяларға арналған грант қаражатының тиімді пайдаланылуына жүргізілген мониторинг қорытындысы, мақсатсыз шығысталған 188 жағдай анықталғаны да айтылды. Алушылар 252 млн. 200 мың теңге қаражатты өз еркімен, сот шешімімен толықтай бюджетке қайтарды.
Аймағымыздағы 2 540 кәсіпкермен өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандум жасалып, 5 709 адамға экологиялық үстемеақыны жұмыс беруші есебінен төлеу практикасы енгізілді. Бұл ретте 1 млрд. 900 млн. теңге бюджет қаржысы үнемделді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуді зерделейтін мониторингтік жұмысшы топтары үй-үйді аралап, 12 239 отбасын тексерді.
Көмек алушылар табысын жасыру үшін отбасындағы зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарды, жұмыс істейтін отбасы мүшелерін есептен шығару, жеке кәсіпкерлерге формальды тіркелу арқылы жалған анықтамалар ұсынған.
Соңғы үш жылда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 3 есеге, 63 712 адамнан 19 671 адамға азайды, 5 млрд. 400 млн. теңге бюджет қаржысы үнемделді. Әлеуметтік қолдау саласындағы бюджетті оңтайландыру бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2023-2025 жылдары жалпы 8 млрд. 200 млн.теңге бюджет қазынасында қалды.

28 августа 2025
Қызылорда қаласында 1500 орындық «Келешек мектебі» ашылды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен алдағы қос мереке - Конституция және Білім күні қарсаңында «Арай» мөлтек ауданындағы 1500 орындық «Келешек мектебінің» ресми ашылуы өтті. Жиынға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, еліміздің барлық өңірінен келген қонақтар және зиялы қауым өкілдері арнайы қатысты.
Аймақ басшысы жиналған қауымды, жаңа дәуір мектебінің ұстаздары мен шәкірттерін құттықтады.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Баланың бәрі бірдей. Ауыл баласы мен қала баласының білім алу мүмкіндігі де бірдей болуы керек. «Келешек мектептері» жобасының негізгі мақсаты да – осы», - деген болатын.
Бүгін Мырзабек Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейінің заманауи әрі еңселі «Келешек мектебін» ашамыз.
Жаңа оқу жылынан бастап бұл мектеп-лицейде мектепалды даярлық сыныптары ашылып, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер тереңдетіліп оқытылады.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған білім ордасы оқу мен ізденіс арқылы әр баланың болашағын айқындап, елдің дамуына жол ашады.
Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен Сыр өңірінде байыпты бастамалар қолға алынып, жасампаз жобалар жүзеге асуда.
Облысымыздың бюджеті 823 млрд. 400 млн. теңгені құрап, 2022 жылдан бері 226 пайызға өсті.
Бұл қаражат өңірдің ең өзекті мәселелерін шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталуда.
Тұрақты қолдаудың арқасында өңіріміздің білім саласы толағай табысқа жетіп келеді. Сәулеті мен келбеті келіскен жаңа мектептер бой көтерді. Соңғы үш жылда салаға 812 млрд. 245 млн. теңге, биыл 346 млрд. 800 млн. теңге қаралды. Қаржыландырудың барлық көзінен өткен жылы 31 млрд. 800 млн. теңгеге 13 білім беру ұйымы жаңадан ашылды.
Мемлекет басшымыздың бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 54 млрд. 400 млн. теңгеге 6 900 орындық 10 мектептің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілуде. Бүгінде 3 300 орындық 7 мектеп ел игілігіне табысталды. Қалған 3 мектептің екеуін салтанатты түрде ашу үшін бас қостық. Тағы бір мектеп Ұстаздар күнінде пайдалануға беріледі.
Жаңа мектептердің ашылуы – бұл жай ғана ғимараттардың салынуы емес, жаңа дәуірде білім алатын озат оқушыларға жаңа мүмкіндіктер сыйлау. 2024-2025 жылдары Қызылорда қаласында 1 500 орындық 2 «Келешек мектебін» пайдалануға бердік. Бүгін, міне, «Арай» мөлтек ауданында құны 8 млрд. теңге болатын 1 500 орындық мектепті табыстаудамыз. Мұның барлығы жас ұрпақтың игілігі үшін жасалуда», - деді Н.Нәлібаев.
Рәсімде білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқан ұстаздар мен құрылысты сапалы әрі мерзімінде салған мердігер мекеме қызметкерлеріне Қызылорда облысының Құрмет грамотасы мен облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Ғани Бейсембаев, Мұрат Әбенов өңірдегі ауқымды жұмыстарға оң бағасын беріп, құттықтауын жеткізді.
Еске салайық, 2023 жылдан бері облыстық бюджет есебінен 5 млрд. 700 млн. теңгеге 9 мектепке 2 900 орындық қосымша ғимарат салынып, үш ауысымдық мектептер мәселесі түбегейлі шешімін тапты.
«Білімді қолдау қоры» арқылы 8 млрд. 400 млн. теңгеге дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты ел игілігіне табысталды.
Білім ордасында оқуға еліміздің 17 аймағынан 1 445 оқушы өтініш білдіріп, білім бәйгесінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген 200 бала қабылданды.
Аталған қор есебінен 2 млрд. 333 млн. теңгеге Арал ауданы Мергенсай елді мекенінен 150 орындық заманауи мектептің құрылысы жүруде. Нысан қараша айында пайдалануға беріледі.
Президент тапсырмасына сәйкес алдағы үш жылда өңірдегі 51 мектеп күрделі жөндеуден өтеді.
Биыл облыстық бюджеттен 2 млрд. 400 млн. теңге бөлініп, 9 мектеп қайта жаңғыртылды.

27 августа 2025
Республикалық семинар-кеңестің секциялық отырысы өтті

Бүгін Н. Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында әлеуметтік салаға бағытталатын бюджет қаражатын тиімді пайдалану туралы республикалық семинар-кеңестің секциялық отырысы өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, министрліктер, орталық атқарушы органдар өкілдері, өңірлерден келген делегаттар, облыстық басқарма, департамент, инспекция, мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Қызылорда облысының қаражатты тиімді пайдалану тәжірибесін республикаға үлгі ретінде қолдануды тапсырған болатын. Екі күндік семинар-кеңестің алғашқы отырысын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ашты.
Жиында әлеуметтік саладағы маңызды бастамалар талқыланды. Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан, Денсаулық сақтау вице-министрі Ардақ Амангелдиев, Туризм және спорт вице-министрі Бауыржан Рапиков, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов, Құрылыс және ТҮКШ істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қанат Мыңбаев, «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова, «НИТ» АҚ өкілі Әділет Айсаутов күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты сөз сөйледі.
Бюджет қаражатын тиімді пайдалану, үнемдеу бағытында атқарылған жұмыстар мен қабылданған шаралар туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет баяндама жасады.
Қызылорда облысының тәжірибесін өңірлерге үлгі етіп көрсету зор сенім мен үлкен жауапкершілік жүктейді.
Биыл облыс бюджеті 823 млрд. 400 млн. теңгеге жетіп, 2022 жылдан бері 226 пайызға өсті. Оның 477 млрд. 600 млн. теңгесі (58%-ы) әлеуметтік салаға бөлінді. Бұл қаражат аймақтағы ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, ауқымды әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталуда.
Соңғы 3 жылда білім, мәдениет және спорт салаларына бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуына жүргізілген мониторинг қорытындысымен бірқатар шығыс ықшамдалды. Қаржылық заңсыздықтың алдын алуда нақты шаралар қабылданды.
Балабақшалардағы мемлекеттік тапсырыстың тиімді игерілуін 2023 жылдан бері қолданысқа енгізілген «Фейс-бақылау» мобильдік қосымшасы арқылы бақылау мүмкіндігі туды, яғни жалған тіркелген балалар белгілі болды. Сонымен қатар, 2023-2025 жылдары осы мобильдік қосымша арқылы балалардың күнделікті балабақшаға келуі қадағаланып, емхананың жалған анықтамаларын, негізсіз демалыс күндерін анықтау есебінен 41 млрд. теңге үнемделді.
Орта білім беру саласында да бірінші кезекте мектептердегі сынып жиынтықтары мен оқушылардың толымдылығы зерделенді. Екі жылда 76 сынып жиынтығынан 968 млн. 900 млн.теңге ықшамдалды.
Мектеп директорлары жұмысты өз дәрежесінде орындамағандықтан, сағат бөлінісінде кемшіліктерге жол бергендіктен толық емес жүктемемен еңбек ететін адам саны 5000-ға жеткен. Артық штаттық бірліктер, толық емес жүктемемен жұмыс істейтін қызметкерлер санын қысқарту үшін жаңа орындар ашуды түбегейлі тоқтатуға уақытша мораторий жарияланды. Бүгінде толық емес жүктемемен еңбек ететін 975 штаттық бірліктегі 3762 педагогтің мәселесі шешімін табуына байланысты 6 млрд. 200 млн. теңге үнемделді.
Сондай-ақ, облыстағы 7 бастауыш, 7 кешкі мектептің желісі қысқартылып, жыл сайын 720 млн. теңге көлемінде үнемделуде.
Атқарылған шаралар және басқа да шығыстарды қайта қарау нәтижесінде жалпы 15 млрд. 600 млн. теңге ықшамдалды. Бұдан бөлек, сұйық отынмен жылытылатын 198 білім беру мекемесіне 1 жылға қаралатын 5 млрд. теңгенің мақсатты жұмсалуы да қатаң бақылауда.
Соңғы үш жылда 7,8 млрд. теңгеге 24 мектеп күрделі жөндеуден, 2,6 млрд. теңгеге 79 мектеп ағымдағы жөндеуден өтті. Оған қоса 22,9 млрд теңгеге 6 мектепке қосымша ғимарат, 12 жаңа ғимарат салынды.
Білім беру мекемелері 3,5 млрд теңгеге пәндік кабинет, интерактивті панель, ЛЭД экран және робот құрылғылармен қамтылды, 2,1 млрд. теңгеге қауіпсіздікті қамтамасыз ету, яғни бейнебақылау жүйелері, турникет, дабыл нүктелері орнатылды,
861,6 млн. теңгеге жылу жүйелері жаңартылды. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ашылған жаңа мектептер мен басқа да жаңа нысандарды ұстап тұру қаржысы жыл басында бекітілген қаржыны оңтайландыру арқылы жүзеге асырылуда.
Балаларға арналған шығармашылық және спорттық тапсырысты қолдауға 2021-2025 жылдарға 28,6 млрд. теңге қаралып, 12,6 млрд. теңге игерілді. 2023 жылдан бері 13 млрд. теңгесі, биыл 9,6 млрд. теңге бөлініп, оның 6 млрд. теңгесі бюджетке қайтарылды. Игерілгені 616,5 млн.теңге (спорт – 211,1 млн. теңге, мәдениет – 405,4 млн. теңге).
Қалған 2,7 млрд. теңге шілде айында мәслихат шешімімен облыстық білім басқармасына ауыстырылды. Себебі 1 маусымнан бірыңғай мемлекеттік тапсырыс пилоттық жобасы іске асырылуда. Оңтайландыру арқылы үнемделген бюджет қаражаты әлеуметтік маңызды мәселелерге, оның ішінде әлеуметтік нысандар салуға бағытталуда.
Ықшамдалған қаржы білім сапасын арттыруға инвестиция ретінде қайта құйылуда. Басқа салаларда да бюджет қаражаты үнемделіп, ықшамдалып бірінші кезектегі мәселелерді шешуге жұмсалып келеді.

27 августа 2025
Облыс әкімі Шиелідегі теміржол вокзалының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев және жауапты сала басшыларымен бірге Шиелідегі теміржол вокзалының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
Шиелі теміржол вокзалы да - 1904 жылы салынған тарихи нысан, күрделі жөндеу жұмыстары 2012 жылы жасалған. Бүгінде 13 жұп пойызына, тәулігіне 163 жолаушыға қызмет көрсетеді.
Өткен жылы Шиелі ауданы әкімдігі жолаушылар платформасының кіреберісіне қақпа салып, бұрынғы су мұнарасын жөндеді, 8 жарықшам, 10 орындық, 10 қоқыс жәшігі қойылды. Жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Мердігер мекеме «Дәнекер» ЖШС ғимараттың ішкі және қасбетін қаптау жұмыстарын қолға алған.

Социальные сети
Telegram
YouTube
Facebook
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты