Лого
Меню
Страницы
Қызметі
Құжаттар
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Байланыс ақпарат
Қызметі
Байланыс ақпарат
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Все материалы
06 ноября 2025
Сыр өңіріндегі вокзалдар мен жолаушылар платформасы жаңғыртылуда

Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде аймақтағы теміржол вокзалдарын қайта жаңғырту және күрделі жөндеу барысындағы мәселелер талқыланды. Оған Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов, жауапты сала жетекшілері, мердігерлер, авторлық және техникалық бақылау мекемелерінің басшылары қатысып, бірқатар тапсырмалар жүктелді.
«Теміржол вокзалдарын қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстары уақытылы, сапалы жүргізілуі тиіс. Құрылыс материалдарының жеткілікті болуын қадағалап, қауіпсіздік талаптарын сақтау қажет. Сонымен қатар, жұмыс барысын тұрақты бақылау, вокзалдарды стандарттарға сай абаттандыру және халыққа ыңғайлы ету маңызды», – деді Данияр Еренғалиұлы.
Мемлекет басшысының, Үкіметтің айрықша қолдауымен ел аумағындағы, оның ішінде біздің облыстағы барлық теміржол вокзалы мен вокзал маңы күрделі жөнделіп, абаттандырылуда. Жалпы 125 вокзалды жөндеуді бір мезгілде бастап, бір жылда аяқтау жоспарланған.
Бұл тізімге өңірдегі 7 вокзал және Талап бекетіндегі жолаушылар платформасы енгізілген. Қазіргі таңда «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы мердігер мекемелермен келісімшарт рәсімдеп, 30 пайыз аванс төлемін жасаған. Аталған нысандарда қарқынды жұмыс жүргізілуде.
Өңірдегі магистральді теміржол желісі 1051 шақырым, ұлттық компанияға қарасты 8 теміржол вокзалы мен 2 қызмет көрсету пункті бар.

06 ноября 2025
Сұйытылған газ мәселесі бойынша жедел мәжіліс өтті

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтың төрағалығымен сұйытылған газ мәселесі талқыланған жедел мәжіліс өтті.
Жиынға қала және аудан әкімдері, жетекші салалардың өкілдері қатысып, сұйытылған мұнай газымен тұрақты қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар жүктелді.
«Облыс аумағындағы барлық операторлардың газ қорына мониторинг жүргізіп, қолдан тапшылықты болдырмау үшін талон арқылы сату және баға саясатына зерделеу жүргізіңіздер. Заңнама талаптары бұзылған жағдайда нақты шаралар қабылдаңыздар.
Полиция департаменті, облысқа бөлінген газдың басқа өңірлерге тасымалдануын болдырмау үшін шекараларға тәулік бойы кезекшілік орнатып, бақылауды күшейтіңіздер.
Біздің өңірге бекітілген сұйытылған газ басқа облыстарға кетпеуі тиіс. Бір күннің ішінде халықты газбен толық қамту мәселесін шешуді тапсырамын», — деді Данияр Еренғалиұлы.
Сонымен қатар, газды коммерциялық нысандарға сатпай, бірінші кезекте халықтың сұранысын қамтамасыз ету міндеті жүктелді.

 

06 ноября 2025
Қызылорда облысы - Швейцария: жаңа серіктестік бағыттары айқындалды

Қызылорда облысы делегациясының Швейцарияға жұмыс сапары аясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бірқатар ірі инвестициялық компаниялар басшыларымен кездесуді жалғастырды.
Сапардың үшінші күнінде Швейцарияның жетекші инвестициялық құрылымдарының бірі Inoks Capital SA компаниясының өкілі Николас Мэлкимен келіссөз жүргізді.
Кездесуде тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы әріптестікті кеңейту, оның ішінде мал шаруашылығын, құрама жем өндірісін дамыту және өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін тиімді пайдалану мәселелерін талқылады.
Облыс әкімі Қызылорданың инвестиция тартуға қолайлы жағдайларымен, дайын инфрақұрылымы бар индустриялық аймақтардың мүмкіндіктерімен және аграрлық сектордың экспорттық әлеуетімен таныстырды.
Швейцариялық тарап өзара тиімді серіктестік орнатуға және Қазақстан нарығында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.
Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев швейцариялық Swiss Choice Holding SA компаниясының басшысы Завье Рей мырзамен кездесті.
Онда тараптар балық шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайту, ортақ инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
Ардақ Темірханұлы Қызылорда облысының агроөнеркәсіптік және балық шаруашылығы саласындағы әлеуетіне тоқталып, өңірде 11 балық өңдеу зауыты жұмыс істейтінін, оның 4-еуі халықаралық стандарттарға сай сертификатталғанын атап өтті. Жыл сайын 5 мың тоннадан астам балық өнімі өңделіп, шамамен 4 мың тоннасы экспортқа шығарылады.
Тараптар бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және ұзақ мерзімді серіктестік орнату мәселелерін талқылады. Қызылорда облысының әкімдігі жобаларды жүзеге асыру үшін инфрақұрылымдық және әкімшілік қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Кездесулер қорытындысымен швейцариялық әріптестер Қызылорда облысына арнайы сапармен келіп, өңірдің өндірістік, аграрлық және табиғи әлеуетімен танысуға шақырылды.

05 ноября 2025
Аймақ басшысы Швейцарияда келіссөздер жүргізуде

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегация Швейцариядағы жұмыс сапары аясында бірқатар маңызды кездесулер өткізді.
Аймақ басшысы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Еуропа бойынша экономикалық комиссиясының Атқарушы хатшысы Татьяна Молчанмен кездесіп, өңіраралық ынтымақтастық пен тұрақты даму бағыттарын талқылады.
«Қызылорда облысының делегациясын жылы қабылдағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Сапарымыз экономикалық сипатқа ие болып, Женева мен Берн қалаларында ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Шілде айында Қызылордада өткен алғашқы Урбан-форумда UN-Habitat ұйымымен ынтымақтастық декларациясына қол қойылған еді. Бұл оқиға тұрақты урбанизм мен халықаралық әріптестікті дамытудағы маңызды қадам болды», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Сондай-ақ, облыс әкімі Женева кантонының Мемлекеттік кеңесшісі Тьерри Апотеломен кездесіп, Қызылорда облысының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, Швейцария тарапымен құрылыс индустриясы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, тау-кен және машина жасау, туризм салалары бойынша екіжақты ынтымақтастық бағыттарын талқылады.
Женева кантоны Үкімет үйінде өткен кездесуде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Құрметті қонақтар кітабына естелік жазбасын қалдырды. Өз жазбасында аймақ басшысы Женеваға ресми сапармен келу үлкен мәртебе екенін атап өтіп, бұл сапардың екі өңір арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және өзара тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік беретінін жеткізді. Сондай-ақ, Қазақстан мен Швейцария арасындағы достық және өзара құрметке негізделген қатынастарды одан әрі нығайтуға сенім білдіріп, Женева тұрғындарына бейбіт өмір мен мол табыс тіледі.

04 ноября 2025
Спорт инфрақұрылымын және бұқаралық спортты дамыту мәселесі талқыланды

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде егін жинау науқанының қорытындысы, спорт инфрақұрылымын дамыту және бұқаралық спортты қолдау мәселелері талқыланды. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов селекторлық режим арқылы қатысып, баяндама жасады.
Үкімет отырысынан кейін өткен мәжілісте осы және өзге де мәселелерге орай бағыт-бағдар белгіленіп, жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.
«Қазіргі таңда егін жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Ендігі кезекте сүдігер айдау және күздік бидай егуді мерзімінде бітіру қажет. Келесі маңызды мәселенің бірі – жер үлескерлерінің мәселесі. Егін жиналған соң жыл сайын ірі шаруашылықтар мен жер үлескерлері арасында наразылық орын алады. Мәселенің маңызын ескеріп, шаруашылық басшыларымен, жергілікті тұрғындармен кездесіп, жан-жақты талқылап, заңнамаға сәйкес шешілуін қамтамасыз ету қажет. Қала, аудан әкімдері шаруашылық басшыларының халық алдында есеп беруін қатаң қадағалаңыздар!
Халықтың спортпен шұғылдануы үшін барлық жағдай жасалуы тиіс. Заманауи үлгідегі спорт инфрақұрылымын дамыту, санын арттыру, халыққа қолжетімді болуы үшін ауқымды жұмыс жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасуы қажет.
Саладағы тағы бір өзекті мәселе - спорт нұсқаушыларының жетіспеушілігі. Бұл өте маңызды, сондықтан жұмысты жүйелі ұйымдастыру қажет. Дені сау, белсенді әрі табысты қоғам қалыптастыру үшін балалардың, жастардың спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануын басты мақсат етіп қоюымыз қажет», - деді Данияр Еренғалиұлы.
Аймақта спорт саласын дамытуда ауқымды жобалар қолға алынды. Биыл дене шынықтыру мен спортты дамытуға жергілікті бюджеттен 38 млрд. 213 млн. теңге қаржы бөлінді.
Қазіргі таңда аймағымызда 340 мыңнан астам тұрғын
спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Бұл - өңір халқының 40,4 пайызы. Соңғы 3 жылда 20 спорт кешені пайдалануға берілді. Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында елді мекендерде тағы 6 спорт кешені ел игілігіне табысталады.

04 ноября 2025
Қызылорда облысы делегациясының Швейцарияға жұмыс сапары басталды

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев бастаған Қызылорда облысының делегациясы Швейцария Конфедерациясына жұмыс сапарын бастады.
Сапардың негізгі мақсаты – өңірдің экономикалық және инвестициялық әлеуетін таныстыру, сондай-ақ, халықаралық ұйымдар, шетелдік компаниялармен әріптестік байланыстарды нығайту.
Сапардың алғашқы күнінде бірқатар маңызды кездесулер өтті.
Атап айтқанда, облыс әкімі швейцариялық Harvest Group компаниясының басшысы Алмаз Альсеновпен кездесіп, өңірде заманауи агроиндустриялық кластер құру жобасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Бұл - Мемлекет басшысының 30 қазандағы Қызылорда облысына жұмыс сапары кезінде швейцариялық Harvest Agro компаниясы ұсынған бастаманың жалғасы. Ал 31 қазанда Астана қаласында өткен Kazakhstan Global Investment Round (KGIR-2025) форумында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қызылорда облысы әкімдігі және Harvest Agro компаниясы арасында үшжақты Негіздемелік келісімге қол қойылған еді.
Аталған жоба аясында 20 мың гектар жерге техникалық қарасора, жүгері және соя дақылдарын өсіру және қайта өңдеу жоспарланған. Инвестиция көлемі 51 млрд теңге, жоба жүзеге асқанда 150-ден астам жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Сонымен қатар, аймақ басшысы БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры Татьяна Валовая ханыммен кездесті.
Кездесуде Арал өңіріндегі экологиялық ахуал, «Геопарк Арал» жобасы, жасыл энергетика және тұрақты даму бағытындағы бастамалар жан-жақты талқыланды. БҰҰ өкілі Қызылорда облысының экологиялық және экономикалық даму бағытындағы бастамаларын жоғары бағалап, ынтымақтастық орнатуға мүдделілік танытты.
Сондай-ақ, делегация мүшелері «GGIG»Женева Сауда және өнеркәсіп палатасының төрағасы Винсент Субилия мырзамен кездесіп, Қызылорда облысының экономикалық даму бағыттары мен инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Швейцариялық тарап аймақ жобаларына жоғары қызығушылық білдіріп, іскерлік байланыстарды дамытуға дайын екенін атап өтті.
Сапардың алғашқы күні мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Делегацияның жұмысы Швейцарияның іскер топтарымен және халықаралық ұйымдарымен әріптестікті дамытуға, сондай-ақ, өңірге жаңа инвестициялар тартуға бағытталған.

03 ноября 2025
Азаматтарға алғыс айтты

Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, қала әкімі Нұржан Ахатов, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты.
Данияр Еренғалиұлы Президент бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық акциясына белсенді атсалысқан, Мемлекет басшысының жұмыс сапарын жоғары деңгейде ұйымдастыруға үлес қосқан азаматтарға алғысын білдірді.
«Өздеріңізге белгілі өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында аймақтағы жаңа әлеуметтік, инфрақұрылымдық, өндірістік нысандарда болды. Бірқатар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысымен танысып, облыс жұртшылығымен кездесті.
Атқарылған істерге «Облыс жақсы дамып келе жатыр. Қарқыны жоғары» деп оң баға берді. Бұл – Мемлекет басшысының биік сенімін ақтап, халыққа адал қызмет жасаудың, елдік мұрат жолында білімі мен білігін жұмсаудың, ел үшін аянбай еңбек етудің үлгісін танытқан, барша жерлестерімізді береке-бірлікке ұйытқан аймақ басшысының қыруар жұмысты ұтымды ұйымдастыруының нәтижесі.
Мемлекет басшысының жұмыс сапарын жоғары деңгейде ұйымдастыруға қосқан елеулі үлестеріңіз үшін Сіздерге Нұрлыбек Машбекұлының риясыз алғысын жеткіземін. Алдағы уақытта да Қызылорда облысының өсіп-өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының артуына аянбай еңбек ете бергейсіздер! Егемен еліміздің жарқын болашағы жолындағы қызметтеріңізге биік абырой, Өздеріңізге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!», – деді Д.Жаналинов.
Жиында бірқатар қызметкерлер облыстың Құрмет грамотасымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Қызылорда облысының құрметті азаматы Шакизат Төребаев құттықтау сөз сөйлеп, марапат иелеріне ізгі тілектерін жеткізді.

03 ноября 2025
Облыс аумағында сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында аймақта жаппай сенбілік жалғасуда. Барлық елді мекенде санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту жұмыстары атқарылды.
Бүгінгі күнге тазалық шараларына 420 мыңнан астам ерікті, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты. Жұмыс барысында 18 мың тоннадан астам қоқыс қалдықтары шығарылып, өңірдегі 510 сквер мен парк, 256 тарихи-мәдени ескерткіш, 1019 әлеуметтік нысан (мектептер, балабақшалар, спорт, денсаулық сақтау және т.б.), 3 548 өнеркәсіп және бизнес нысаны, 332 су объектісі (өзендер, көлдер, жасанды су айдындары, субұрқақтар, арықтар және т.б), мен 39 894 көше бойы (9 525 көпқабатты үй мен 30 369 жер үй ауласы) тазартылды. Оған 540-тан аса техника жұмылдырылды.
Жыл басынан бері климатқа жерсінетін 255 500 түп қарағаш, терек және Сыр талының көшеті егілді.
Республикалық бағдарлама аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

03 ноября 2025
Құрылыс барысы бақылауда

Облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес жауапты сала басшылары жаңадан салынып жатқан нысандар құрылысымен танысу үшін Бейбарыс сұлтан көшесіндегі «Көрме орталығы» және «Достық үйі» ғимараттарына барды.
«Көрме орталығының» құрылысы мамыр айында басталды. Ғимаратта көрме, конференция залдары, әкімшілік кабинеттер, санитарлық-тұрмыстық, техникалық бөлмелер бар. Көпфункционалды нысанда көрме, жәрмеңке, концерт өткізіледі, яғни бұл – әртүрлі ауқымдағы және форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге арналған экспозициялық кеңістік. Кең, ашық кеңістік түрінде жобаланған, жинақталып-бөлшектелетін көрме құрылымдарын орнату және жиі ауыстыру мүмкіндігі ескерілген. Бір мезетте 215 адамды қабылдай алады.
«Достық үйі» желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Ғимарат күн сәулесінен қорғайтын өрнектері бар сәндік панельдермен перфорацияланған. Офистік үй-жайлар екінші және үшінші қабаттарда орналасқан. Атап айтсақ, холл, фойе, ресепшн, гардероб, 200 орындық үлкен зал, 60 орындық кофейня, кеңсе бөлмелері бар. Конференц-зал видеопроектормен және интерактивті тақтамен жабдықталған.
Цокольді қабатта музыка және вокал бөлмесі, гардероб, киім-кешек қоры, би студиясы, клуб, кеңсе, архив, күзет, қоймалар және қосалқы бөлмелер қарастырылған.
Бүгінгі күнге бірінші, екінші және үшінші қабаттардың колонна-ригельдері және жабын плиталары толығымен құйылды. Инженерлік желілері (электр, ауыз су, жылу, кәріз жүйесі), ішкі сылақ жұмыстары толық аяқталып, әрлеу, дизайнерлік безендіру қолға алынған. Бұған қоса сыртқы абаттандыру, витраж орнату және қасбетін қаптау жұмыстары жүргізілуде.

03 ноября 2025
Қызылордада жаңа агрокластер құрылып, жылыжай кешені салынады

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің қатысуымен жаһандық инвестициялар жөніндегі VIII қазақстандық дөңгелек үстел (KGIR-2025) өтті.
Форумға 50-ден астам елден мыңнан астам қатысушы, атап айтқанда, өнеркәсіп, энергетика, АӨК, қаржы, фармацевтика, консалтинг және басқа да салалардағы халықаралық, отандық компаниялардың басшылығы жиналды.
KGIR-2025 алаңында $7,5 млрд-тық 49 құжатқа қол қойылды, оның ішінде $3,8 млрд-тық 13 коммерциялық келісім Премьер-министр Олжас Бектеновтің қатысуымен рәсімделді.
Жиында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және Harvest Agro компаниясымен бірлесіп, өңірде ірі агроиндустриялық кластер құру жөнінде үшжақты негіздемелік келісімге қол қойды.
Сонымен қатар, облыс әкімдігі мен Fabe Agro ЖШС арасында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін жылыжай кешені инвестициялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық меморандумы жасалды.
Harvest Agro компаниясы 21 мың гектар аумақта техникалық қарасора, жүгері және соя өсіру, қайта өңдеу бағытында агроиндустриялық кластер құруды көздейді. Кешен құрамында жылына 60 мың тонна шикізат өңдейтін май сығу зауыты салынып, 150 адам жұмыспен қамтылмақ.
Fabe Agro компаниясы жылына 45 мың тонна өнім өндіретін заманауи жылыжай кешенін салуды жоспарлаған. Кешенге сол жағалаудан 250 гектар жер телімі бөлінген. Жобаның құны 134,5 млрд теңге, іске қосылған соң 1200 адамға тұрақты жұмыс орны ашылмақ.
Аталған бастамалар өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін күшейтіп, жаңа өндірістер мен жұмыс орындарының құрылуына жол ашады.

Социальные сети
Telegram
YouTube
Facebook
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты