Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы құрылыс нысандарын аралап, алдымен кварталаралық жылу желілерін реконструкциялау жұмыстарын көрді.
Аталған жоба бойынша 2,97 шақырым желі жаңғыртылуда. Бас мердігер «Механизатор-К», қосалқы мердігер «Асанас-Дар», жобалаушы КБ «МұнайГаз Инжиниринг», техникалық қадағалаушы «Актаустройэксперт серіктестіктері жұмыс атқаруда.
Айта кетейік, «Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігін жылумен жабдықтау. Аяқталмаған құрылыс» жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қазандықтың жұмысына биыл облыстық бюджеттен 300 млн.теңге қаржы қаралып, №2 қазандықтың оттығы, отын сақтау резурвуары, суды химиялық тазалау және автоматтандыру жүйесі жаңғыртылды. Қазір қазандықтар толығымен іске қосылған.
Әрі қарай аймақ басшысы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 300 орындық жатаханасы бар, 400 орындық физика-математика мектеп-интернатының құрылыс алаңына барды. Нысанда бас мердігер «Промстройсервис», техникалық қадағалаушы «Стройэксперт» серіктестіктері жұмыс жүргізуде.
Аймақ басшысы сол жағалаудағы жеті қабатты 6 тұрғын үйдің құрылысын, бас мердігерлер «Аман құрылыс», «Орион ЛТД», «Риголит», «Промстройсервис», «Е Абу-Сер», авторлық қадағалаушы «Қазақ Жоба Құрылыс» серіктестіктері атқарған жұмыстарды да көрді.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында қаржыландырудың барлық көзінен 864 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.
Биыл бюджеттен тұрғын үй құрылысына және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 39,1 млрд теңге қаралып, жыл қорытындысымен 2,5 мыңнан аса пәтер пайдалануға беріледі.Ұлттық жоба аясында 1154 пәтерлік 21 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Әлеуметтік жағынан осал топтар үшін 1 819 пәтер, апатты үйлер орнына 135 пәтер сатып алу жоспарланған. Бүгінде аталған топтарға 780 пәтер сатып алынды. Соңғы екі жылда 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілді.
Тұрғын үй құрылысының көлемі 126 пайызға өсті, 2022 жылы 683 мың шаршы метрден 2023 жылы 741 мың шаршы метрге жетсе, жыл соңына дейін 864 мың шаршы метрге ұлғайту жоспарланған.
Облыс әкімі жұмысқа қойылатын басты талап сапа мен мерзім екенін айтты.
–Жаңа, жаңғыртылған нысандардың барлығына қойылатын басты талап – сапа. Нысандар қолданысқа берілгеннен кейін халыққа кедергісіз, ұзақ жылдар бойы қызмет көрсетуі тиіс. Сосын құрылысты аяқтау мерзімін қадағалаңыздар. Қолға алынған жұмыстың нәтижесін жұртшылық көруі уақытында керек. Жауапты сала басшылары жөндеу жұмыстарын үнемі тексеріп, кемшілікке жол бермеуі тиіс, – деді аймақ басшысы.
Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумы өтті.
Форумға аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев бастаған облыс делегациясы қатысуда. Делегация құрамында Қазақстанның Еңбек Ерлері Абзал Ералиев, Имамзада Шағыртаев, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, саланың және 50-ден астам шаруа қожалығының басшылары бар.
Президент Жарлығымен Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында елдің агроөнеркәсіп кешеніндегі жемісті еңбегі, отандық ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін Сыр өңірінің еңбеккерлері де «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Адал ісімен көпке үлгі болған, ерте көктемнен егіс даласында тер төгіп, жоғары жетістіктерге жеткен еңбек адамдары марапат төрінен көрінді. Олардың қатарында Қазалы ауданындағы «РЗА Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс бригадирі Балғазы Томай бар.
Сонымен қатар, Жалағаш ауданындағы «Агрохимсервис-С» ЖШС директоры Сергей Ким «Құрмет» орденіне, Қармақшы ауданындағы «Ақжар» шаруа қожалығының егіс бригадирі Қанат Төралиев, Арал ауданындағы «Қуаныш» шаруа қожалығының жұмысшысы Төрехан Бердімағамбетов, Шиелі ауданындағы «Халықберді» жеке шаруа қожалығының күрішшісі Жұмабек Бүрісов «Ерен еңбегі үшін» медаліне лайық деп танылды.
Бүгін Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының жастары «Жашыкөл» учаскесінде эко-марафон ұйымдастырды. Тазалық еріктілерін аудан орталығының тұрғындары да қолдады. Олар, бірге 15 қап қоқыс жинап, туған ауылының тазалығын сақтауға үлес қосты.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық жобасы өскелең ұрпақ арасында кеңінен танылып келеді.
Мәселен, Жаңақорған аграрлық-техникалық колледжінде «Туған өлкені таза ұстау – біздің ортақ парызымыз» тақырыбында эко-тәрбие сағаты өтті. Студенттерге қоршаған ортаны қорғау және қоқысты дұрыс сұрыптау бойынша дәрістер оқылды.
- Біз табиғатқа, қоршаған ортаға ұқыпты және үлкен сүйіспеншілікпен қарауымыз керек. Туған жердің тазалығы мен жайлылығын сақтаудағы ерекше миссия жастарға жүктелген. Бұл бағытта жоғары оқу орындары мен колледждердің оқушылары мен студенттері арасында жүргізіліп жатқан үлкен түсіндіру жұмыстары маңызды, - деп атап өтті республикалық «Байтақ» партиясы облыстық филиалының төрағасы Нұрхан Айдаров.
Сонымен қатар, Шиелі ауданында 3,2 мың жас ағаш көшеттерін отырғызу басталды. Жалпы, аудан орталығы - Шиелі кентінде күзгі ағаш отырғызу үшін арнайы 6,6 гектар жер дайындалған.
Ал, аудан орталығындағы М.Ломоносов атындағы №47 мектеп-лицейінде оқушылар робототехника бойынша бұйымдар мен қолөнер, сондай-ақ конструкциялар жасады.
Бұл үшін негізгі шикізат сенбілік кезінде балалар жинаған әртүрлі тұрмыстық қалдықтар пайдаланылады. Айта кету керек, балалардың шығармашылық әрекеттері назардан тыс қалмады. Осы мектептің 6 оқушысы өңірлік жарыстардың жеңімпаздары атанып, Астана қаласында өткен роботбаттл байқауына қатысты.
Сондай-ақ, Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің студенттеріне өткізілген лекция презентациясында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстардан мағұлматтар берілді.
- Біздің студенттер тазалық пен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы туралы дәрістер тыңдады. Бұл адам денсаулығы үшін ғана емес, біздің табиғатымыз үшін де қажет - деп атап өтті колледж директорының орынбасары Алмат Молдабаев.
Айта кету керек, облыста «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы басталғалы оған 616 032 облыс тұрғыны қатысты. 23 651 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 505 алаңдар мен саябақтар, 225 тарихи ескерткіштер аумақтары, 791 әлеуметтік нысан, 4332 өндірістік және кәсіпкерлік нысан, 322 су айдындары, 47 451 аулалар мен көшелер тазартылды. 548 арнайы техника қолданылып, 129 358 ағаш көшеттері отырғызылды.
Бесарық ауылында «Таза Қазақстан» акциясына ауыл тұрғындары мен ауылдағы шаруашылық құрылымдары белсене атсалысуда. Ауыл инвесторы «Абай-Дәулет» ЖШС-і ауылды аббатандыру шараларына белсене қатысуда.
Меценат «Абай-Дәулет» ЖШС басшысы Мұрат Сәрсенбаевтың демеушілігімен ауылды қарқынды абаттандыру жұмыстары жүргізілді, – дейді ауылдық Қоғамдық кеңес төрағасы А.Ақжігітов.
– Біздің Бесарық қазір бау-бақша іспетті, айналасы жасыл желекке оранған, гүлдері мен жас ағаштары жайқалып тұр. Серіктестік ауыл тұрғындарына жайлы демалыс орнын жасау мақсатында орталық алаң мен көшелерді абаттандырды. Бірқатар маңызды әлеуметтік нысандар қайта жаңғыртылды, жаңа өндіріс орындары ашылды. Осының барлығы ауыл тұрғындарының көңіл-күйіне, әлеуметтік жағдайының жақсаруына оң әсер етуде.
Экологиялық акция басталғалы Сырдария ауданында ауқымды жұмыстар атқарылды. Каналдар мен су қоймалары, қарт ауыл тұрғындарының аулалары, көптеген әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындардың аумақтары қоқыстан тазартылды. Мыңдаған ағаштар отырғызылды. Біздің еріктілеріміз де туған жердің тазалығы үшін өзгелерге үлгі боларлық.
Айта кету керек, облыста «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы басталғалы оған 548 299-дан астам облыс тұрғыны қатысты. 21360 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 505 алаң мен саябақтар, 225 тарихи ескерткіштер аумақтары, 791 әлеуметтік нысан, 1130 өндірістік және кәсіпкерлік нысан,
294 су айдындары, 47451 аулалар мен көшелер тазартылды.
548 арнайы техника қолданылып, 129 358 ағаш көшеттері отырғызылды.
Сырдария ауданында «Таза Қазақстан-Таза аймақ» жаппай сенбілігі өтуде. Тереңөзек кентінің тұрғындары, аудандық мекемелердің қызметкерлері, кәсіпкерлер, сондай-ақ «Жасыл ел» жастар қозғалысының мүшелері "Тағзым" алаңына, орталық саябаққа, Жастар аллеясына тазалық жұмыстарын жүргізді.
- Қалыптасқан дәстүр бойынша біздің еріктілер мұнда тазалау жұмыстарын жиі жүргізеді. Біз көшелер мен арықтарды, жақын маңдағы жеке тұрғын үйлердің аумақтарын қоқыстан тазартамыз, - дейді «Жасыл ел» және «Еріктілер тобы» жастар қозғалыстарының жетекшісі Нұржан Сейтжанов.
Сондай-ақ, Тереңөзек кентіндегі демалыс орындарында орнатылған шағын сәулет құрылыстарын, сондай-ақ көпірлер мен балалар ойын алаңдарын ақтау, сырлау жұмыстары жүргізіп, «Жастар аллеясын» абаттандырылды.
Жергілікті кәсіпкерлер бұл күні жаңартылатын «Тағзым» алаңына жаңа төсеніш төсеп, түрлі-түсті сәулеттік формалар орнатты.
Айта кету керек, облыста «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы басталғалы оған 548 299-дан астам облыс тұрғыны қатысты. 21360 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 505 алаң мен саябақтар, 225 тарихи ескерткіштер аумақтары, 791 әлеуметтік нысан, 1130 өндірістік және кәсіпкерлік нысан, 294 су айдындары, 47451 аулалар мен көшелер тазартылды.
548 арнайы техника қолданылып, 129 358 ағаш көшеттері отырғызылды.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыс орталығында саябақтарды, аллеялар мен скверлерді қайта жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынды. Қалада қолайлы климат пен тұрғындар үшін жайлы және қауіпсіз ортаны сақтау үшін жаңа демалыс аймақтарын, ойын-сауық саябақтарын салу жоспарлануда», - деді Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Д.Сырлыбаев.
Сондай-ақ, жазғы кезеңде қала тұрғындары үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Соңғы екі жылда қаламыз шынымен әдемі, заманауи көрініске ие болды. Жаяужүргіншілер жолы салынып, көшелер абаттандырылып, Сұлтан Бейбарыс, Н. Назарбаев даңғылдарында субұрқақтар орнатылды.
Сонымен қатар, биыл жеке кәсіпкердің демеушілігімен Қызылорда қаласының орталық алаңын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Тазалық акциялары Б.Шөкенов атындағы саябақ пен Президенттік саябақ сияқты қызылордалықтардың сүйікті демалыс орындарының жағдайын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді.
Айта кету керек, облыста «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы басталғалы оған 548 299-дан астам облыс тұрғыны қатысты. 21360 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 505 алаң мен саябақтар, 225 тарихи ескерткіштер аумақтары, 791 әлеуметтік нысан, 1130 өндірістік және кәсіпкерлік нысан, 294 су айдындары, 47451 аулалар мен көшелер тазартылды.
548 арнайы техникалар қолданылып, 129 358 ағаш көшеттері отырғызылды.
Мұратбаев көшесінің тұрғындары сенбілік үшін бірікті. «Таза Қазақстан» акциясы аясында Қызылорда қаласындағы Мұратбаев көшесі №15,17 көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары мен ПИК қызметкерлері бірлесіп, өз тұрғын аудандарында тазалық акциясын ұйымдастырды.
Акцияға қоқыспен күресуге және аумақты абаттандыруға бірге шыққан 50-жуық тұрғын жиналды. Акцияға қатысушылар қолғаппен, қоқыс дорбаларымен және тазалау құралдарын пайдаланып, іс-шара барысында ауланы тазалап, әктеу және сырлау жұмыстарын да жүргізді.
«Біз бұл акцияны экологияға қамқорлық өзімізден басталатынын көрсету үшін өткізуді шештік», - дейді белсенді тұрғындар және барша қала халқын акцияға атсалысуға шықырды.
Дәл осындай акция қасбеттері қайта жаңартылған, Абай даңғылы 47 үйдің ауласында жалғасын тапты.
Бұл көпқабатты тұрғынүйлердің ауласында өткен жылы «Қыран» ЖШС-мен абаттандыру мен ойын алаңын салу жұмыстары жүргізілген болатын.
Айта кету керек, облыста «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы басталғалы оған 548 299-дан астам облыс тұрғыны қатысты. 21360 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 505 алаң мен саябақтар, 225 тарихи ескерткіштер аумақтары, 791 әлеуметтік нысан, 1130 өндірістік және кәсіпкерлік нысан, 294 су айдындары, 47451 аулалар мен көшелер тазартылды.
548 арнайы техникалар қолданылып, 129 358 ағаш көшеттері отырғызылды.
Қызылорда тұрғындарына экологиялық таза «Эко такси» қызметі іске қосылды.
- Экотаксилер электр қуатымен жұмыс істейді. Толық зарядтау шамамен
500 шақырымға жетеді. Қазіргі таңда 52 экотакси азаматтарға өз қызметін көрсетуде. Жобаның басты мақсаты «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында санитарлық тазалық жұмыстарымен қатар, экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жаңаша жобаларды жүзеге асыру болып табылады.
- «Қазіргі таңда қала тұрғындарына 52 экотакси қызмет көрсетуде. Алдағы уақытта олардың саны 100-ге жетеді. Біздің қаламызда осындай такси пайда болғанына өте қуаныштымыз. Өйткені, бұл экологиялық таза, үнемді және қоршаған ортаға кері әсерін тигізбейтін жайлы көлік. Бұл қала экологиясына оң әсерін тигізері сөзсіз», – дейді Қызылорда автобус паркінің директоры Абдуқадыр Маштаев.
Жергілікті әкімдік аумақтарды абаттандыру мен тазалау жұмыстарын үздіксіз жүргізетін коммуналдық шаруашылықтың материалдық-техникалық базасын жақсарту шараларын да қолға алған. Атап айтқанда коммунладық саланың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында «Қызылорда тазалығы», «Қызылорда су жүйесі», «Жасыл Қызылорда» мекемесіне 52 бірлік арнайы техника берілді. Сондай-ақ, біздің аймақтың тың жобасы «Үлгілі елді мекен» байқауының жеңімпаздары деп танылған елді мекендерге 48 көлік берілді.
Айта кету керек, облыста «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы басталғалы оған 548 299-дан астам облыс тұрғыны қатысты. 21360 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 505 алаң мен саябақтар, 225 тарихи ескерткіштер аумақтары, 791 әлеуметтік нысан, 1130 өндірістік және кәсіпкерлік нысан, 294 су айдындары, 47451 аулалар мен көшелер тазартылды.
548-ге жуық арнайы техника қолданылып, 129 358 ағаш көшеттері отырғызылды.
Астана қаласында Қызылорда облысы тауарөндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.
Елорда тұрғындарына Сыр өңірінің брендіне айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауын-қарбызы, ұлттық сусындары жеткізілді.
Онда 80-ге жуық Сыр диқандары мен тауарөндірушілерінің құны 270 млн. теңге болатын 600 тоннадан астам өнімдері ұсынылды.
Атап айтқанда, 300 тоннадан астам күріш, 6 тонна ет өнімдері, 30 тоннадай балық өнімдері, 80 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек, 180 тонна бақша өнімдері, 3 тонна ас тұзы, 15 тоннаға жуық сүт және кондитер өнімдері бар. Келушілерге ерекше көңіл-күй сыйлау үшін Сыр елі өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылды.
Аймақтың аграрлық саласында бәсекеге қабілетті өнім өндіру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі жолға қойылған. Мемлекеттік қолдаудың арқасында аймақтың ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді.
Осы жылдың 8 айында ауыл шаруашылығында 58,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім көрсеткіші 2,1%-ға артты.
Жалпы биыл 190 мың гектарға жуық жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылса, негізгі дақыл күрiштің көлемі 85,6 мың гектарды құрады.
Егісті әртараптандыру бағытында 2,6 мың гектарға, су үнемдеу технологиясын қолдану арқылы 4,4 мың гектарға дақылдар егілді.
Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында диқандарға су қажетті деңгейде жеткізілді. Шаруашылықтар күтіп-баптау жұмыстарын агротехникалық талаптарға сай жүргізді.
Егін жинау жұмыстарына қажетті ауыл шаруашылығы техникаларымен, жанар-жағармаймен, минералды тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілген.
Қазір облыста егін жинау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Бүгінде егілген 85,6 мың гектар күріштің 50,3 мың гектары орылып, 42,7 мың гектары бастырылды. Әр гектардан орташа есеппен 52,1 центнерден өнім алынуда.
Мал шаруашылығын дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жолға қойылып, нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда ірі қара мал басы 36,6%-ға, қой мен ешкі 22,3%-ға, жылқы 0,1%-ға, түйе 4,3%-ға, құс 7,7%-ға көбейді.
Сондай-ақ, өңірдің экспорттық әлеуеті де артып келеді. Бүгінде Сыр елінің ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 16 мемлекетіне экспортталуда.
Экспортталған өнімнің басым бөлігі - күріш. Ол Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Тәжікстан, Украина, Моңғолия, Өзбекстан және Ирак мемлекеттеріне жөнелтілуде.
Еңбек күні қарсаңында ұйымдастырылған «Адал азамат – Адал еңбек» атты салтанатты іс-шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ұзақ жылдар бойы адал жұмыс істеген мамандарға құрмет көрсетті. Мерекелік жиынға Парламент депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Қазақстанның Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев және еңбек адамдары қатысты.
Аймақ басшысы жерлестерін айтулы мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
«Бұл мереке – адал еңбегімен, маңдай терімен ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан сіздерге деген құрметтің көрінісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрылтайда, халыққа арнаған Жолдауларында кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы, еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуы тиіс екендігін әрдайым айтып келеді. Биылғы Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Алдағы уақытта техникалық және кәсіптік білім берудің маңызы арта түсері сөзсіз. Өйткені, экономиканы өркендетуге білікті мамандар қажет. Аймақтың еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың ұзақ мерзімді болжамын анықтау үшін мамандықтар атласы әзірленуде. Менің тапсырмам бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті осы мақсатта 20 қызметкерді арнайы оқудан өткізді. Ел Президентінің жұмысшы және орта буын мамандықтар бойынша білім алуға ниетті жастарды 100 пайыз тегін кәсіптік біліммен қамту тапсырмасына орай келесі жылы бюджет есебінен 5 308 орынға мемлекеттік тапсырыс бөлінуде. Осылайша біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда білікті мамандарды қалыптастыра аламыз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Іс-шарада Қызылорда облысының құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Қорғанбек Қайруллаев, Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов облыс тұрғындарын мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, Қазақстанның Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев сөз сөйлеп, жерлестерін қажырлы еңбек етуге, үздіксіз дамуға шақырды.
Іс-шара соңында еселі еңбек етіп, ел алғысына бөленген азаматтарға облыс әкімінің Алғыс хаты мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Біліктілігімен, өз ісіне жоғары жауапкершілігімен сый-құрметке бөленген 10 азаматқа 400 мың теңгелік сертификат, тағы 10 азаматқа шипажайға жолдама берілді.
Марапатталғандардың атынан «Қызылорда тазалығы» ЖШС жұмысшысы Жанар Тайшаева мен «Көлжан» ЖШС «Солтүстік-Батыс Қызылқия» кен орнын пайдалану шебері Жанболат Жармұхамбетов пікір білдірді. Жанар Шарапатқызының еңбек өтілі 40 жыл, оның 10 жылында «Қызылорда тазалығы» ЖШС-де жұмыс жасап келеді. Қызылорда қаласы әкімдігінің, кәсіпорын басшылығының Алғыс хаттармен марапатталған. Ал, Жанболат Жармұхамбетов «Көлжан» ЖШС-де 2010 жылдан бері қызмет атқарады. Олар бүгінгі сый-құрметке адал еңбектің арқасында жеткенін айтып, облыс басшылығына көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын жеткізді.