Лого
Меню
Страницы
Қызметі
Құжаттар
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Байланыс ақпарат
Байланыс ақпарат
Әкім аппараты
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Все материалы
Ауыл шаруашылығы
01 июня 2026
Су үнемдеу технологиялары кеңінен енгізілуде

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты серіктестігінің егіс алқабына барды.
Аймақ басшысына институттың ғылыми-зерттеу және өндірістік қызметі, күріш шаруашылығында қолданылатын агротехнологиялар мен су ресурстарын тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстар таныстырылды.
Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты 2015 жылдан бері Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы құрамындағы еншілес ұйым ретінде жұмыс істейді. Күріштің бірегей, элиталық, бірінші репродукциялы тұқымын өндіру және өткізумен айналысады.
Қазір мекемеде 118 адам еңбек етеді, 20 ғылыми қызметкер бар. Ғылыми құрамда 5 ғылым докторы, 2 ғылым кандидаты, 1 PhD докторы және 8 магистр қызмет атқарады. Сонымен қатар, 8 жас ғалым ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Институттың ауыл шаруашылығы жер көлемі 4 984,4 гектар, егістік 1 493,2 гектар, жайылым 1 741,3 гектар, шабындық 780 гектар, өзге жері 969,9 гектар, 28 техникасы бар. Биыл 500 гектарға күріш егіп, күтіп-баптайды. Бүгінде 310 гектары егілді, оның 290 гектары суға бастырылды.
Облыс әкімі жауапты сала басшыларына су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізуді, ғылыми жаңашылдықтарды өндірісте тиімді пайдалануды және жұмысты сапалы әрі мерзімінде орындауды тапсырды.
Айта кету керек, биыл облыста жалпы 185,8 мың гектарға, дәнді дақылдар 89,7 мың гектарға, майлы дақылдар 6,1 мың гектарға, мал азықтық дақылдар 73,2 мың гектарға, ал картоп, көкөніс және бақша дақылдары 16,8 мың гектарға егіледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өткен жылмен салыстырғанда күріш көлемі 10,9 мың гектарға қысқартылып, 70 мың гектарға себу жоспарланған.
Көктемгі егіс науқанына 19,7 мың тонна күріш тұқымы, сонымен қатар, 1 570,9 тонна өзге дәнді дақылдар, 126,6 тонна майлы және 301,6 тонна малазықтық дақылдар тұқымы әзірленген.
Бүгінде күріш тұқымының 11,4 мың тоннасы, яғни 58,1 пайызы себу дәрежесіне жеткізілген.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп
01 июня 2026
Аймақ басшысы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасарымен кездесті

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашевамен кездесті.
Кездесуде тараптар өңірдің өнеркәсіп саласын дамыту, инвестициялық жобаларды қаржыландыру және өндірістік кәсіпорындарды қолдау мәселелерін талқылады.
Аймақ басшысы қормен бірлескен жобаларды жалғастырудың маңызын атап өтті.
Өз кезегінде Жанар Шатырханқызы қор алдағы уақытта да кәсіпорындарды жеңілдетілген қаржыландыру тетіктері арқылы қолдай беретінін жеткізді.
Сонымен қатар жаңа өндіріс орындарын іске қосу және қосымша жұмыс орындарын ашуға бағытталған жобаларды жандандыру жайы да қарастырылды. Әріптестік байланысты одан әрі нығайтудың, бірлескен жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалды.
Айта кетейік, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қолдауымен және қаржыландыруымен өңірде бірқатар ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Ayna Glass» ЖШС айна шығару зауыты, «Qazaq Camel» ЖШС түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру зауыты, сол жағалаудағы «Тұмар» және «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС екі шағын өнеркәсіптік аймағы, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау бағытындағы инвестициялық жобалар.

Құрылыс
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп
29 мая 2026
«Roca group» компаниясы мен облыстық құрылысшылар қауымдастығы меморандумға қол қойды

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте «Roca Group» компаниясымен серіктестік орнату мәселелері талқыланды.
Оған «Roca Group» компаниясының бас директоры Даниэль Хурадо Эрнандес, облыстық құрылысшылар қауымдастығының төрағасы Манарбек Еспенбетов пен құрылыс компанияларының басшылары қатысты.
Жиында Мұрат Нәлқожаұлы инвестициялық әлеуетті арттыру және шикізат өндірісін дамытуда алдағы міндеттерді атап өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізде жаңа инвестициялық кезеңді бастауды, әсіресе заманауи өндірістер ашуды тапсырғаны белгілі. Осының айқын көрінісі ретінде бүгін аймағымыз үшін маңызды жоба – «Roca Group» компаниясының заманауи санитарлық-техникалық бұйымдар шығару зауытының іргетасын қаладық.
Компания 170 елде орналасқан 78 өндірістік алаңды басқарады, өнімдерінің жоғары сапасымен, инновацияларымен және еуропалық стандарттарға сәйкестігімен танымал.
Зауыт құрылысының басталуы – Қызылорда облысының өндірістік әлеуетін арттырып қана қоймай, аймаққа жаңа технологиялар мен халықаралық тәжірибені алып келетін маңызды қадам. Қазіргі уақытта мемлекеттік қолдау ретінде 24 гектар жер телімі бөлінді. Компания жыл соңына дейін смесительдер мен инсталляциялық жүйелерді құрастыратын өндірісті іске қосады», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Мәжілісте «Roca Group» компаниясының өкілдері жұмыстарын таныстырып, Қызылорда облысының құрылысшылар қауымдастығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Спорт
29 мая 2026
«Қайсар» мен «Елімай» арасында тартысты матч өтті

Қызылордадағы «Қайсар Арена» стадионында жергілікті «Қайсар» мен Абай облысының «Елімай» футбол командалары арасында Қазақстан Премьер-лигасының 12-тур аясында кезекті матч өтті.
Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев арнайы қатысып, жергілікті командаға қолдау білдірді.
Ойын барысында «Қайсар» сапындағы Николла Цуцкич пен Имо Эзикель жасыл алаңда өз шеберліктерін танытып, гол авторы атанды.
Дегенмен, аладоп бәсекесінің нәтижесі 3:2 есебімен аяқталып, қарсылас команда ұпай еншіледі.

 

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп
28 мая 2026
Қызылордада шыны ыдыстар өндіретін зауыттың іргетасы қаланды

Қызылордада облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, «Seven Rivers» серіктестігінің құрылтайшысы Ануар Үмбетаев, қорғау органдарының бірінші басшылары, құрылыс компанияларының директорлары, зиялы қауым өкілдері және ел ағаларының қатысуымен «Seven Rivers» компаниясы шыны ыдыстар зауытының капсуласын салу рәсімі өтті.
Бұл – өңірдегі шыны кластерін дамытуға бағытталған маңызды өндірістік бастамалардың бірі. Зауыт әлемдік деңгейдегі «Horn» неміс технологиясымен жабдықталып, заманауи әрі экологиялық талаптарға сай өнім өндіреді.
Рәсімде облыс әкімі аймақта инвестициялық жобалардың қарқынды жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
«Өткен аптада Мемлекет басшысының қабылдауында болып, инвестициялық жобаларды таныстырдым. Президентіміз бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруға қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.
Жақында Премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған Нұрлыбек Машбекұлы облысты басқарған тұста өңір экономикасына 2,3 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Алдағы үш жылда 1,9 трлн. теңгеге 48 инвестициялық жобаны жүзеге асыру, 10 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Өткен аптада ғана «Марал Нұр» серіктестігінің вагон жөндеу және техникалық қызмет көрсету кешенін аштық. Бүгін испандық «Рока групп» компаниясының жылына 500 мыңға дейін санитарлық-техникалық өнім шығаратын жоғары технологиялық зауытының капсуласын салдық.
Еліміз, өңіріміз үшін маңызды жаңа өндіріс орындары экономиканы әртараптандыруға, тұрғындарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға жаңа серпін береді деп сенемін», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Шарада облыс прокуроры Ризабек Ожаров, «Seven Rivers» серіктестігінің құрылтайшысы Ануар Үмбетаев сөз сөйлеп, мемлекет және қоғам қайраткері Биғали Қаюпов бата берді.
Айта кету керек, «Қазақ-Герман» бизнес-форумы аясында ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойылып, 60 млрд теңгеге жылына 240 миллион дана шыны ыдыс өндіретін зауыт салу келісілген болатын. Кәсіпорында 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
Зауытқа барлық инженерлік инфрақұрылымы жүргізілген «Өндіріс» индустриялық аймағынан 38 гектар жер телімі бөлінді. Қаржыландыру мәселесі «Өнеркәсіпті дамыту қорының» «Жасыл даму» бағдарламасы аясында қарастырылуда. Ел аумағынан жиналған шыны қалдықтарын қайта өңдеу арқылы бәсекеге қабілетті өнім шығару және импортты алмастыру көзделген.
Бұдан бөлек, өңірдегі жоғары сапалы кварц құмы, әк және доломит қорларын тиімді пайдалану арқылы шыны өндірісі төңірегінде жаңа ілеспе кәсіпорындарды дамытуға мүмкіндік туады.
Жаңа өндіріс орны өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға, экспорт көлемін ұлғайтуға және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға үлесін қосады деп күтілуде.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп
28 мая 2026
Қызылордада испандық «Roca Group» зауытының іргетасы қаланды

Қызылордада әлемге әйгілі испандық «Roca Group» компаниясының санитарлық-техникалық жабдықтар зауытының іргетасы қаланды.
Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, «Roca Group» компаниясының бас директоры Даниэль Хурадо Эрнандес, Испания елшілігінің сауда-экономикалық кеңесшісі Хесус Видаль Боррелья, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, құрылыс компанияларының директорлары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.
«Roca Group» – жүз жылдан астам тарихы бар, сантехникалық жабдықтар өндіру саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. Компания әлем бойынша 78 өндірістік алаңды басқарады. Онда 20 мыңнан астам адам еңбек етеді. Өнімдері 170-тен астам елге экспортталады.
Рәсімде облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестиция тарту және заманауи өндірісті дамыту жөніндегі тапсырмасына тоқталып, өңірде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқанын атап өтті.
«Мемлекет басшысы «Жаңа инвестициялар ең алдымен еліміздегі заманауи өнеркәсіптің негізін қалыптастыруға бағытталуы керек» деген болатын. Кейінгі жылдары өңіріміздің инвестициялық әлеуеті артып, ірі жобалар табысты жүзеге асуда.Аймақ экономикасына 2,3 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Алдағы үш жылда 1,9 трлн теңгеге 48 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.
Бүгін біз еліміз үшін маңызды, жоғары технологиялық өндіріс орнының капсуласын салу рәсімінің куәсі болып отырмыз. Осындай ауқымды жобаны Сыр өңірінде жүзеге асырғаны үшін испандық «Roca Group» компаниясына ризашылығымды білдіремін. Бұл бастама өңір экономикасына жаңа серпін беріп, экспорттық әлеуетті арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Біз отандық және шетелдік инвесторлармен әрдайым ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнатып, нәтижелі жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Жиында облыс прокуроры Ризабек Ожаров пен «Roca Group» серіктестігінің бас директоры Даниэль Хурадо Эрнандес сөз сөйлеп, ел ағасы Ибрагим Әбибуллаев ақ батасын берді.
Айта кету керек,жоба «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.
«Roca Group» компаниясының зауытын Қызылорда өңірінде салу туралы келісім облысты Нұрлыбек Нәлібаев басқарған кезеңде жасалып, Үкімет деңгейінде тиісті құжаттарға қол қойылған болатын.
Бұл – Қазақстандағы экологиялық қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін санитарлық-техникалық өнімдер шығаратын алғашқы өндіріс орны.
Зауытқа 24 гектар жер телімі бөлінді, 44,1 млрд теңге инвестиция салынады. Жылдық өндірістік қуаты 500 мың бұйымға дейін жетеді. Өндірілген өнім Қазақстанның ішкі нарығына жеткізіліп, Орталық Азия елдеріне экспортталады.
Сонымен қатар 300-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады, жергілікті мамандарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру көзделген. Компания жыл соңына дейін смесительдер мен инсталляциялық жүйелерді құрастыратын өндіріс орнын іске қосуды жоспарлап отыр. Ал компания өнімдері ұсынылатын шоурумдар Астана және Алматы қалаларында маусым айында ашылады.

Мәдениет
28 мая 2026
Сыр өнерпаздары Люксембургте қазақ мәдениетін дәріптеді

Сыр өңірі өнер шеберлерінің Еуропадағы гастрольдік сапары аясында Люксембург Ұлы Герцогтігінде Қызылорда облыстық филармониясының концерті өтті. «Shanyraq Fest Luxembourg» мәдени бастамасы шеңберінде ұйымдастырылған кеште қазақ халқының бай музыкалық және фольклорлық мұрасы көрермен назарына ұсынылды.
Мәдени іс-шара Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігі мен Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі елшілігі, облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлының және ERG қолдауымен ұйымдастырылды.
Өнер сапары осыдан бірнеше ай бұрын Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен жоспарланып, қаражаты шешілген болатын.
Концертке Люксембургтің мемлекеттік мекемелерінің өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері, кәсіпкерлер, мәдениет саласының қызметкерлері, сондай-ақ осы елде тұратын қазақстандықтар мен студент жастар қатысты.
Кеште Қазақстанның Люксембургтегі елшісі Роман Василенко құттықтау сөз сөйлеп, мәдениет пен өнердің халықтарды жақындастыратын маңызды рухани құндылық екенін атап өтті. Сонымен қатар мұндай бастамалар мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, халықтардың бір-бірінің тарихы мен дәстүрін тереңірек тануына ықпал ететінін жеткізді.
Мәдениет саласының үздігі Әзиза Іздіқұлова режиссерлік еткен концерттік бағдарламада Сыр өңірінің бай музыкалық мұрасы кеңінен насихатталып, ұлттық фольклор, күй өнері мен жыраулық дәстүр көрермен назарына ұсынылды. Өнерпаздар орындауындағы шығармалар арқылы Ұлы даланың рухы мен қазақ халқының мәдени ерекшелігі шетелдік көрерменге кеңінен таныстырылды.
Кеш қорытындысында өнерпаздар «Атамекен» әнін орындап, қазақ мәдени кешінің әсерлі финалына айналдырды.

Индустриалды-инновациялық даму
28 мая 2026
Шыны ыдыстар шығаратын зауыт салу мәселесі талқыланды

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Seven Rivers Technologies» ЖШС директоры Ануар Үмбетаевпен кездесті. Онда аймақта шыны ыдыстар шығаратын зауыт салу мәселесі талқыланды.
Облыс әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде инвестициялық бастамаларды жүзеге асыруда жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Кейінгі төрт жылда аймаққа 2,3 трлн теңгеден астам инвестиция тартылған. Оның басым бөлігі - жеке инвестициялар. Алдағы уақытта құны 1 трлн теңге болатын 14 ірі инвестициялық бастама қолға алынады.
«Жаңа өндіріс орындарын ашу – өңір экономикасын дамытудың негізгі бағыттарының бірі. Солардың қатарында шыны ыдыстар шығаратын зауыт құрылысы бар. Бұл өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып қана қоймай, импортты алмастыруға және қайта өңдеу саласын дамытуға серпін береді. Әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі»,– деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Айта кетейік, аталған зауыт құрылысына қатысты келіссөздер 2023 жылдан бері жүргізіліп келеді. Астана қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен өткен «Қазақ-Герман» бизнес-форумы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған.
«Seven Rivers Technologies» серіктестігінің шыны ыдыстар шығаратын зауытының жалпы құны - 60 млрд теңге, инвесторы – Германияның «Medal holding» компаниясы, бас мердігері – «Horn» компаниясы. Кәсіпорында жылына 240 млн дана шыны ыдыс өндіру жоспарлануда. Нысанды 2027 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беру көзделген.
Өндіріске мемлекеттік қолдау көрсетіліп, Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағынан 38 гектар жер телімі берілген. Сонымен қатар, «Жанплес-3» кен орнынан кварц құмын өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы ұсынылған.
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы қаржыландыру мақсатында екінші кезеңге қажетті құжаттар топтамасы тапсырылған.
Зауыт іске қосылғаннан кейін республика көлемінде жиналатын шыны қалдықтарын қайта өңдеу арқылы жоғары сапалы өнім өндіру және импортты алмастыру мүмкіндігі артады. Сонымен қатар өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті күшейіп, жаңа жұмыс орындары ашылады.

Индустриалды-инновациялық даму
Әлеуметтік әріптестік
28 мая 2026
Қызылордада «Roca Group» зауытының құрылысы басталады

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Сыр өңіріне жұмыс сапарымен арнайы келген «Roca Group» компаниясының бас директоры Даниэль Хурадо Эрнандеспен кездесті.
Кездесуде аймақ басшысы өңірдің инвестициялық әлеуеті, өндіріс орындарын дамытуда атқарылып жатқан жұмыстар, алда жүзеге асатын жобалар туралы айтты.
«Ең алдымен, өңірге арнайы іссапармен келгеніңіз үшін ризашылығымды білдіремін.
Сантехникалық бұйымдар өндірісіндегі әлемдік көшбасшылардың бірі, ғасырдан астам тарихы бар «Roca Group» компаниясымен серіктестік орнату - біз үшін үлкен мәртебе.
Мемлекет басшысының қолдауымен соңғы төрт жылда аймағымызға 2,3 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Оның басым бөлігі - жеке инвестициялар.
Алдағы уақытта жаңа өндіріс орындарын ашу мақсатында 1 трлн теңгеге 14 ірі жобаның құрылысы басталады. Ертең Өздеріңізбен бірге көптен күткен «Roca» зауытының іргетасын қалаймыз.
Санитарлық-техникалық бұйымдар өндіру жобасы 2024 жылдан қолға алынды. Сол кездегі аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы бастаған Қызылорда облысының делегациясы Испания Корольдігіне арнайы іссапармен барып, компанияның өндіріс орындарымен танысты.
Өткен жылдың маусым айында «Roca Group», ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі және Қызылорда облысының әкімдігі арасында үшжақты келісімге қол қойылып, желтоқсан айында инвестициялық келісім жасалды.
Мемлекеттік қолдау ретінде Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағынан 24 гектар жер телімі берілді.
Сонымен қатар Үкіметпен бірлесіп, елімізде өндірілмейтін, инновациялық және экспортқа бағытталған жоғары сапалы өнім шығаратын жобалар үшін шикізат тасымалы шығындарының бір бөлігін өтеу мүмкіндіктері қарастырылуда.
Елімізде баламасы жоқ жобаның біздің облыста жүзеге асқанына қуаныштымыз!», - деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Айта кетейік, Қызылорда қаласында 44,1 млрд теңгеге «Roca Group» санитарлық-техникалық бұйымдар шығару зауытының құрылысы басталмақ. Кәсіпорында 300 адам жұмыспен қамтылып, жылына 500 мың өнім өндіріледі. Жоба ҚР Үкіметі, Қызылорда облысының әкімдігі және аталған компания арасындағы үшжақты келісім негізінде жүзеге асырылады.

Құрылыс
28 мая 2026
Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер құрылысы қарқынды

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Қызылорда қаласының құрылыс нысандарындағы жұмыс барысымен танысты.
Президент саябағындағы Ботаникалық білім беру орталығының құрылысына 4 млрд 948 млн теңге бөлінген, 2,41 гектар аумақта орналасқан. Орталық табиғат пен ғылымды ұштастыратын, білім беру, ғылыми-зерттеу және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған көпфункционалды кешен болмақ. Мұнда әлемнің әртүрлі өңірлерінің флорасына арналған тақырыптық бақтар, дәріс залдары, демалыс және әкімшілік аймақтар қарастырылған. Нысан ағымдағы жылдың маусым айында пайдалануға беріледі.
Көпқабатты тұрғын үй кешені - 22 млрд теңгенің жобасы, яғни 8,2 гектар аумақта 15 тұрғын үй салынып, 945 пәтер пайдалануға беріледі. Құрылысты тамыз айында аяқтау жоспарланған.
«Қызылорда Арена» көпфункционалды спорт кешені халықаралық талаптарға сәйкес салынуда.Бас мердігер «ASPAN HOLDING» серіктестігі құрылысына 20 млрд 61 млн теңге қарастырылған нысанды 2,1 гектар аумаққа, 25 540 шаршы метр етіп, 3 және 4 қабатты блоктардан тұрғызуда.
Кешенде бір мезетте 2 552 келушіні қабылдауға болады. Олимпиадалық стандарттарға сәйкес келетін бассейн, 2500 орындық әмбебап спорт залы және спортшыларға арналған жаттығу алаңдары қарастырылған.
Құрылыс былтыр шілде айында басталды, алдағы тамыз айында пайдалануға беру жоспарланған.
Мұнда халықаралық және республикалық жарыстар өткізуге, бұқаралық спортты дамытуға барлық жағдай жасалады.

Социальные сети
Telegram
YouTube
Facebook
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты