
Құрметті IT-қауымдастық өкілдері және жас ғалымдар!
8-10 қыркүйек күндері Алматы қаласында «Тәуелсіз Қазақстанның зияткерлік әлеуеті: қалыптасуы мен дамуының 30 жылы» атты І Халықаралық Ғылыми форум өтеді.
⠀
Форум ұйымдастырушысы - Нұрсұлтан Назарбаев Қорыжанындағы Ғылыми кеңес. Қызылорда облысы әкімдігі және Қызылорда облысы цифрлық технологиялар басқармасының «Ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аталған форумның серіктестері болып табылады.
⠀
Форумның мақсаты - Қазақстанды дамытудың өзекті мәселелерін шешудегі ғылымның рөлін талқылау.
⠀
Форумда «Жасыл әлем» негізгі тақырыбы бойынша цифрландыру мәселелері талқыланатын болады. «Цифрлы Қазақстан», «Жаңа ғасыр - жаңа идеялар (химия, техника, технология, жаңа материалдар)», «Ақылды ауыл шаруашылығы (Smart Agriculture)» тақырыбындағы арнайы сессиялар және «Жасанды интеллект, ауқымды деректер және медицина» халықаралық конференциясы және ғылыми жетістіктер көрмесі ұйымдастырылады. «Жастар StartUp» Республикалық инновациялық бизнес-жобалар байқауы өтеді. Байқау жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар мен сертификаттар табысталады.
⠀
Форумға облысымыздың өз идеялары мен шешімдері бар 10-11 сынып оқушылары, колледж және университет студенттері, жас ғалымдар қатыса алады. Сонымен қатар, форум аясында қатысушылардың тезистер жинағы шығарылады.
⠀
Форум онлайн және офлайн форматта өтеді.
⠀
Форумға қатысу тегін.
⠀
Жас ғалым, сіздің жаңа идеяларыңыз бен зерттеулеріңізді халықаралық деңгейде көрсетуге мүмкіндік беретін форумға қатысуға шақырамыз!
⠀
Форумға қатысуға керекті қосымша ақпаратты https://fnn.kz/ru/news/699 осы сілтеме арқылы ала аласыз.
⠀
Іс-шараның ресми www.scienceforum.kz. сайтында форумның толық бағдарламасымен танысуға және қатысушы ретінде тіркелуге болады.