
ТҰСАУКЕСЕР!!! ТҰСАУКЕСЕР!!!
ТҰСАУКЕСЕР!!!
Құрметті өнер сүйер қауым!
Ұлтымыздың ұраны болған ұлы ақын – Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Мұхтар Әуезовтің либреттосына жазылған Латиф Хамиди және Ахмет Жұбановтың «Абай» операсы Сыр елінде алғаш рет сахналанғалы отыр.
Баршамыз үшін құтты болсын!
"АБАЙ" операсын алғаш рет Сыр елінде сахналауды ұсынып, өтуіне негіз болған ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің, «Шапағат» медалінің иегері Ақдәулетова Қаракөз Ақжігітқызы болатын.
Аяулы әріптес, педагог – ұстаз Қаракөз Ақжігітқызының есімі – жүрегі өнер деп соққан әрбір жанның есінде мәңгі сақталмақ.
Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазынасы. Абай әлемі-мәңгілік әлем.
Ғажайып өнер туындысын "Qyzylorda" телеарнасынан 27 қыркүйек күні, сағат 14.00-де және сағат 17.00-де "СЫР ШАҢЫРАҒЫ", Қызылорда облыстық филармониясының YouTube каналдарынан тамашалай аласыздар.
Сіздерді күтетін боламыз!