Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 12 қарашадағы №738 қаулысымен бекiтiлген «Астана қаласының азық — түлiк белдеуiн қалыптастыру жөнiндегi 2018-2021 жылдарға арналған Жол картасы» шеңберiнде елорданың азық-түлiк белдеуiн қалыптастыруға қатысатын ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң «Астананың азық-түлiк белдеуiне қатысушы» мәртебесiн алуға мүмкiндiгi бар, бұл оларға коммуналдық нарықтарды қоса алғанда, өткiзу нарықтарына қол жеткiзуге басымдыққа ие болуға мүмкiндiк бередi. «Атамекен» өңiрлiк кәсiпкерлер палатасы «Астананың азық-түлiк белдеуiне қатысушы» мәртебесiн беру мақсатында арнайы комиссия құрды.
Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi «Астананың азық-түлiк белдеуiне қатысушы» мәртебесiн алу үшiн Комиссияға ұсынады:
1) аталмыш жол картасының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Астананың азық-түлiк белдеуiне қатысушылар тiзiлiмiне енгiзуге өтiнiш;
2) тауарларды беру туралы жасалған шарттардың көшiрмелерi, олар болмаған жағдайда — ниеттер туралы жасалған шарттардың көшiрмелерi;
3) өндiрiлетiн өнiмдердiң сапасына сәйкестiк сертификаттарының, ISO 9001, ISO 22000, ХАССП (HACCP) халықаралық стандарттарын енгiзуге сәйкестiк сертификаттарының көшiрмелерi — олар болған жағдайда.
7. Құжаттар пакетi толық ұсынылмаған жағдайда комиссия өтiнiштi қабылдамайды.
Жыл ішінде Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілуі жоспарланған өнім көлемі:
|
№ |
Азық-түлік тауарларының атауы |
Көлемі, тонна |
Нұр-Сұлтан қаласын азық-түлік тауарымен қамтамасыз етілу, % |
|
1 |
Күріш |
9622 |
100 |
|
|
|
|
|