Лого
Меню
Страницы

Хабарландыру

Хабарландыру

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаһандық күрес жағдайында өскелең ұрпақтың назарын осы маңызды мәселелерге аудару әсіресе өзекті болып отыр. Осыған байланысты, жыл сайын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жарнама жастар байқауы өткізіледі, оның мақсаты - жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы контентті құрудағы шығармашылық бастамаларын қолдау және дамыту.
Байқау 10-25 жас аралығындағы жастарға түрлі жарнама формалары арқылы - бейнероликтерден плакаттарға дейін сыбайлас жемқорлық мәселелері туралы өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік беретін бірегей тұғырнаманы ұсынады. Бұл байқау жастардың креативтілігін ынталандырып қана қоймай, қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимылын нығайтуға ықпал етеді.
Байқауға жұмыстарды қабылдау 2024 жылғы 1 қазанға дейін жүзеге асырылады. Байқауға қатысуға ниет білдіргендердің барлығы www.anticorruption.life ресми сайтында тіркелу арқылы қатыса алады.
Байқауды қорытындылау а. ж. 9 желтоқсанға Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне жоспарланған. Бұл оқиға жастардың шығармашылық жетістіктерін көрсету және халықаралық аренада сыбайлас жемқорлық проблемаларына назар аудару үшін тамаша мүмкіндік болады.

Социальные медиа
Telegram
YouTube
Facebook
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты