Лого
Меню
Страницы

Облыс тұрғындарының назарына!

Облыс тұрғындарының назарына!

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 2-тармағының 12-тармақшасына сәйкес ақпарат иеленушілер қол жеткізу шектелген ақпаратқа жатқызылмайтын ашық деректер түріндегі ақпаратты ашық деректер интернет-порталында тұрақты негізде орналастыруға міндеттеледі.

Ескертпе: ашық деректер – машинада оқылатын түрде ұсынылған және өзгермеген түрде одан әрі пайдалануға, қайталап жариялауға арналған, жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстар.

Осы негізде «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 128 қаулысымен ашық деректер тізімі бекітілген.

Бекітілген тізімге сәйкес деректер «Ашық деректер» порталына орналастырылып, тиісті мерзімдерде жаңартылуда және де https://data.egov.kz/datasets/govagencies… сілтемесі бойынша қолжетімді.

Тұрғындардың, компьютерлік бағдарлама жасаушылардың тарапынан Ашық деректер тізімін толықтыру, ақпаратты жаңарту бойынша ұсыныстар болған жағдайда https://data.egov.kz/#proposalModal сілтемесі арқылы жолдауға болатынын хабарлаймыз.

Социальные медиа
Telegram
YouTube
Facebook
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты