
Спектакль «Сыр шаңырағы» YouTube каналында және Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының және Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының Facebook парақшасында жарияланады.
Спектакльде ХХ ғасырдың 30-шы жылдары халқымыздың басына түскен нәубеті және оның әрбір қазақ жанұясына әкелген қасіреті суреттеледі.